Талғат сайрамбаев


Қимыл есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы



Pdf көрінісі
бет240/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Қимыл есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы
Етістіктердің ішінде баяндауыш қызметінде жұмсалуы жағы-
нан өте аз айтылатыны – қимыл есімі. Қазіргі ғылыми еңбектер-
дегі қимыл есімдерінің баяндауыш болуы тек -у жұрнағы арқылы 
ғана жұмсалатындығы белгілі. Ал қимыл есімді баяндауыштар 
дара да, күрделі де түрде жұмсалады. Қимыл есімді баяндауыштар-
дың тұлғалық түрлерінің əртүрлі болуы оларға түрлі жалғаулар-
дың жалғануы, көмекші сөздердің қосарлануы жəне олардың 
септеліп келуіне байланысты. 
Қимыл есімдері таза түрінде келуі арқылы баяндауыш болу-
ында негізінде у жұрнағы түбір етістікке тікелей де немесе түрлі 
етістіктердің басқа жұрнақты түрлеріне кейін де жалғана береді: 
Күн тəртібіндегі мəселе егіс жоспарын өсіру (Б.Майлин). Мұндағы 
басты мақсат, тиімді тəсіл – сүтті күбіден шайқап май шығару 
(Ш.Сариев). Кейде қимыл есімдері тəуелденіп барып та жұмсала 
береді: Барлық істе дерлік ең қиыны – басталуы (Ж.Руссо). Аузың 
кенердей болып, қара басып отыруың... (Ж.Аймауытов).


483
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Қимыл есімді етістіктер септеліп келіп те баяндауыш бола-
ды. Ондай кезде олар дара күйінде алынып, жатыс септігінде 
тұрады. Мысалы: Жергілікті қазақ жылқысы түбірімен жақсарды 
жəне жақсаруда (С.Көбеев). Қасқыр аяқтарын серпіп жантала-
суда (С.Мұқанов). Қимыл есімді баяндауыштар күрделі түрде де 
жұмсалады. Ондай кезде қимыл есімдері негізгі мағынаға ие бо-
лып, тəуелденіп, септеліп жəне түрлі жұрнақтар жалғап, сондай-ақ 
түрлі көмекші сөздер арқылы түйдектеліп жұмсалады.
Таза қимыл есімді баяндауышқа көмекші сөздердің тіркесуі 
арқылы баяндауыш жасалуында өзіндік ерекшелік бар. Егер 
көсемше, есімшелер күрделі баяндауыш қызметінде жұмсалғанда 
оларды күрделендіруші негізінен көмекші етістіктер болса, қимыл 
есімді күрделі баяндауыш кезінде алдымен модаль сөздер көп 
жұмсалады, одан кейін барып көмекші етістіктер келе береді. Мы-
салы: Сылтау табылды. Енді осыны пайдалану керек (С.Мұқанов). 
Сол жайлы осында жеткенше, Айгүлдің əні үзілмеу керек 
(Ғ.Мүсірепов). Құшақтар, сүйер деп едім, өйтпеді, жұрттың бəрі 
самсап қарап тұрған соң ибалық қылды білем... ұялды, құшақтау 
керек еді, сүю керек еді (Б.Майлин).
Қимыл есімді күрделі баяндауыштардың бірінші сыңарлары 
көбіне барыс, кейде көмектес жалғауында келеді де, оларды 
күрделендіруші етістіктер əдеттегідей өз мағынасы бар етістіктер 
болып келеді. Бірақ бұл етістіктер əдетте дербес мағыналы 
етістіктер болғанымен, бұл жерде міндетті түрде көмекшілік 
қызмет қана атқарады. Сені үрейлендірмеймін деп айта алмай 
отырған сөзімді енді амалсыз айтуға тура келеді (С.Мұқанов). 
Көпке шейін Абай тек Тоғжанның жүзіне телміре қараумен бола-
тын (М.Əуезов). Қимыл есімді күрделі баяндауыштардың қимыл 
есімі -шы,-ші жұрнағы арқылы келеді де, оған көмекші етістіктер 
көмекшілік қызмет атқарады. Мысалы: Жаның кеудеңе сыймай 
бара жатса, соған апара сал, бірақ өзіңнен басқа сезуші болма-
сын, сезуші болса сен де, мен де тірі болмаймыз, – деді (Ертегіден). 
Беркімбайға арқа сүйеп, Есімбек «сол өгіз сойған» ең шұрайлы 
жеріне қонушы еді (Б.Майлин). Кейде ондай қимыл есімді негізгі 
сыңарлары -лы,-лі жұрнағы арқылы келе береді. Мысалы: Ұлпан 
туған аулына келсе, əке-шешесінің ескі үлкен қоңыр үйі тігулі, 
бар-жоғы төсеулі екен (Ғ.Мүсірепов). Сонымен бірге, кейде 


484
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
негізгі сыңары қимыл есімдерінен соң, есімшенің жұрнағы, онан 
кейін көмекші сөздердің тіркесі арқылы жасала береді. Бұл кате-
гория басқаларына қарағанда сиректеу кездеседі: Əлденені 
білдіргісі келмей шешесін алдаусырататын сияқтанады (Ғ. Мү-
сірепов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет