Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет251/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

қорлығы зат есімдерін баяндауыш деуге болады. Бірақ бұл топ-
тарды осылай іштей əрбір сөйлем мүшесіне жеке-жеке талдай-
тын болсақ, олардың соңғы сыңарлары құдасымын, қорлығы зат 
есімдері сол өзі қатысты сөйлемдерді тиянақтап, сол сөйлемдердегі 
бастауыштағы оқиғаны баяндау жағы көмескіленеді. Былайша 


508
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
алғанда, бірінші сөйлемдегі ілік жалғаулы сөзді алып тастап, 
сөйлемді «Сонау Марқакөлдегі немере апаң Рабиға бар еді ғой, 
соның құдасымын» деп те айта салсақ, онда айтушы апасының 
тікелей құдасы болып шығады. Ал ол Рабиғаның құдасының 
құдасы ғой.
Зат есімдер қай сөйлем мүшесі болған кезде жеке-дара жұмса-
ла береді. Дегенмен кейде зат есімдер қаншалықты дербес ма-
ғыналы болғанымен, сөйлемді тиянақтауда жеке-дара қолда-
нылмай, қалайда басқа бір сөздерді жетегіне ала отырып, сол 
сөздермен мағыналық бірлікте болып, сөйлемнің баяндауышы 
қызметінде жұмсала алады. Əрине, ондай құрамды баяндауыш-
тар туралы екі нəрсені ескеруге тура келеді. Біріншіден, ондай 
құрамды баяндауыштардың негізгі сыңары, яғни ой тұжырымы 
зат есім сөзінде болуы тиіс. Бірақ негізгі сыңардағы зат есім 
бастауыштың мəн-жайын түгелдей нақтылай алмайды. Сондықтан 
да ондай зат есімдер сөйлемді тиянақтауда енді өзіне басқа бір 
сөзді керек етеді. Ондай сөздер қатарында негізінде сын есім, 
сан есім, есімдік, есімше де, сол сияқты түрлі дəнекер сөздер де 
болады.
а) Осы арыздарды жіберіп, өздері көрінбеген Керімбек, Асыл-
бек дейтін ағайынды Жанаевтар (М.Əуезов) деген сөйлемдегі 
баяндауыштар мыналар: Керімбек, Асылбек дейтін ағайынды 
Жанаевтар деген топты былайша алғанда бір есімді баяндауыш 
немесе осында ағайынды Жанаевтар баяндауыш та, Керімбек, 
Асылбек дейтін зат есімдер мен көмекші етістікті топты анықта-
уыш деуге де болады. Бірақ осы топты баяндауышты топтан 
ажыратуға келе ме? Мағыналық жағынан келгенде Керімбек, 
Асылбектер де Жанаевтар, ал Жанаев деп отырғанымыз – 
Керімбек пен Асылбек. Олай болса, мағыналық жағынан олар 
бірін-бірі толықтырып, бірін-бірі айқындау арқылы сол тобымен 
бір-ақ баяндауыш қызметінде жұмсалған деуге болады. Бірақ 
бұл топты баяндауышты таза есімді деуге келмейді. Өйткені 
мұны құрайтын элементтер таза есімді ғана емес, мұнда дейтін 
көмекші етістігі де бар. Сондықтан бұл топты аралас құрамды 
баяндауыштарға жатқыздық. Бірақ құрама баяндауыштың жаса-
луы мен бұл баяндауыштың жасалуының арасында айырмашылық 
бар. Құрама баяндауышта негізгі есімді сыңары бірінші орында, ал 


509
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
оған көмекшілік қызметте жұмсалатын көмекші етістіктер олар-
дың шақтық мəнін білдіру үшін соңында ғана қосақталуы тиіс. 
Ал бұл жерде есімше тұлғалы көмекші етістігі Керімбек, Асылбек 
жəне ағайынды Жанаевтар сияқты бір топтағы сөздер тобын бай-
ланыстыра түсіп, мағынасын толықтыруға себеп болып тұр. 
ə) Пристань басы абың-күбің əңгіме, əрлі-берлі ағылған ала 
шұбар тобыр (Ж.Жұмаханов). Жалқауға от басы айшылық жер 
(Мақал) – деген сөйлемдердегі баяндауыштардың жігі жоғарыдағы 
келтірілген баяндауыштар іспетті. Тек онда баяндауыштардың 
дені зат есімдер болып келсе, бұл сөйлемдердегі баяндауыштарға 
шұбар, айшылық сияқты сапалық, қатыстық сын есімдері тобы, 
жер сөздерімен бірлікте жұмсалу арқылы аралас құрамды баянда-
уыш болып, сөйлемді тиянақтау дəрежесіне ие болып тұр. 
Осы сияқты құбылысты сан есім, есімдіктерден де көруге бола-
ды. Сын есім, сан есім, кейбір есімдіктер заттың анықтауышы бо-
лып жұмсалуға бейім болғанымен, кейде сөйлемнің жалпы мəніне 
байланысты өзіне қатысты зат есімдермен мағыналық бірлікте 
тұрып, аралас құрамды баяндауыштың күрделі сөйлем мүшесін 
жасауға себеп болады. Мəселен, Менен үлкен екі қыз Айымгүл 
мен Сəлім екеуі де балалы-шағалы, үйлі-баранды болған адам-
дар (Б.Қыдырбекұлы). Алматы – менің екінші үйім («Социалистік 
Қазақстан»).
б) Жалпы зат есімді баяндауыштар септік жалғауында 
да келе беретіні айқын. Сол іспетті мұндай аралас құрамды 
баяндауыштардың да негізгі сыңары зат есімдері əртүрлі септікте 
келіп, оны күрделендіруші сыңарлары жоғарыдағы сөз таптары 
болады. Мысалы: Оның соңынан қарап тұрған жұрт əртүрлі ойда 
(Б.Қойшыбаев). Бостон Ерназарды оған дейін білуші еді, қанша 
дегенмен бір совхоздан ғой. Демек, олар көбінесе айнала дүниеге 
жауыға қарайтындар тұқымынан (Ш.Айтматов).
в) Мұндай баяндауышты топтардың құрамында сан есімдер 
де зат есімдермен бірлікте жұмсала береді. Сонда ол сөз таптары 
бірлікте келіп, сөйлемді тиянақтау қасиетіне ие болады. Бірақ бір 
күрделі баяндауыштың құрамындағы зат есім мен сан есімнің, ең 
алдымен, баяндауыш болуында қай сөз табының қызметі басым. 
Жалпы, бастауышқа қатысты ойды нақтылаудағы қайсысы басым 
деген мəселе де нақтылауды қажет етеді. Алда əу бастан жеке-да-


510
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
ра Далабай келе жатыр. Қосар аттарды жетелеуші Ордабай екеуі 
(Н.Əбуталиев). Ақберген əлгі Əдібектермен Ақмолаға барып, ел 
соңынан бір қос болып келген бес кісінің бірі (Ғ.Мүсірепов). Осы 
сөйлемдердің соңында сан есімдер келгенімен, ол сан есімдер 
сол сөйлемді тиянақтай алмайды. Сондықтан ол сан есімдер тек 
Далабай мен Ордабай зат есімдерімен бірлікте ғана сөйлемді 
тиянақтаса керек. Бұған қарағанда есімді баяндауыштардың бірі 
зат есім, бірі сан есім тіркесі арқылы да жасалады екен. Қалайда 
осындай құрамды баяндауыштарда əрі заттық та, сандық та қасиет 
бар. Олар сөйлемді тиянақтауда өзара мағына бірлігін жасап тұр.
г) Зат есім жəне оған қосымша ретінде есімдерден құралған 
бірнеше матаса байланысқан сөздер тобы. Ондай ілік жалғаулы 
сөздер сатылана байланыса келіп, сол тобымен сөйлемдегі 
бастауыштың жай-күйін білдіре алады. Мысалы: Келесісі – «Бірлік» 
совхозының үшінші фермасының бухгалтері (Д.Досжанов). 
Мұндағы негізгі баяндауыш – «Бірлік» совхозының үшінші фер-
масының бухгалтері. Осы топты зат есімді баяндауыштардың 
құрамында ілік жалғауының ашық жəне жасырын түрлері де 
кездеседі. Негізінен осы сияқты зат есімдерге ілік жалғаулы 
есімдіктер де тіркесіп келіп, күрделі зат есімді баяндауыш жасауға 
қатысады. Мысалы: Бұл немененің лебі? (Ғ.Мүсірепов). Мұнда 
негізгі мағына лебі сөзінде де, немене оған көмекші қызметте 
жұмсалған. Зат есімді баяндауышты күрделендіруде айқындауыш, 
оның ішінде қосалқы айқындауыштардың қызметі ерекше: Бұл 
тапқаны – Абулақап мұғалім (Б.Майлин). Алдарына жайылған 
үлкен қызыл ала дастархан. Оң жақ шетте қымыз сапырып отыр-
ған Ажар бəйбіше (А. Лекеров). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет