Талғат сайрамбаев


Зат есімді күрделі баяндауыштар



Pdf көрінісі
бет250/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Зат есімді күрделі баяндауыштар. Барлық оқулықтарда 
баяндауыштардың күрделі түрі айтылғанымен, олар көлемі, 
түрлері жағынан дара баяндауыштың жасалуына қарағанда 
əлдеқайда аз жазылды. Оның үстіне күрделі баяндауыштардың 
жасалуында есімдердің əрқайсысы жеке-жеке көрсетілмей, зат 
есім мен сын есімнің, сан есім мен зат есімнің тіркесі, зат есім 
мен көмекші есімнің түйдектелуі сияқты түрлі құрамдағы күр-
делі баяндауыштар сөз болды. Шындап келгенде, тек зат есім-
дерден ғана құралған баяндауыштың бірнеше жасалу жолы 
бар екенін көруге болады. Əсіресе, күрделі зат есімді баян-
дауыштардың жасалуының өзін үш топқа бөліп көрсетуге бо-
лады: а) əртүрлі зат есімдердің түйдектеліп баяндауыш болуы; 
ə) бір ғана зат есімнің түрлі формада баяндауыш болуы; б) бір зат 
есімнің қайталануы арқылы.
Зат есімдер баяндауыш қызметінде кемінде екі немесе 
одан да көп құрамда келе береді. Ондай құрамдағы зат есімді 
баяндауыштардың көп ұшырайтыны əртүрлі мағынадағы зат есімді 
баяндауыштар. Адамның аты, əкесінің аты мен күрделі жалқы 
есімдер арқылы: Шын аты Федор Иванович Песин (Ғ.Мұстафин). 
Ілік жалғауының жасырын түрі мен тəуелдік жалғаулы сөздердің 
тіркесі арқылы: Əке болу – табиғат заңы (Ғ.Мүсірепов). Ілік 
жалғаулы сөз бен тəуелдік жалғаулы сөздердің тіркесі арқылы: 
Анау Жалбыр рөліндегі автопарктегі токарь жігіт – Тұрсынбектің 
Майыры («Лениншіл жас»). Коммунистер шығып сөйлеп жатыр, 
сөйлегендердің көбі авиазаводтың жұмысшылары («Лениншіл 
жас»). Кейде мұндай изафеттік құбылыс тек осындай екі құрамды 
ғана болып қоймай, одан да гөрі күрделене түседі. Ондай кезде зат 


507
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
есімдер ілік жалғауының ашық та, жасырын түрінде де зат есімдер 
тəуелдік жалғаулы зат есімдермен тіркесіп, тағы да күрделене 
түседі. Мысалы: Сергей Петрович 1914 жылдан бері коммунистік 
партиясының мүшесі (Ғ.Мұстафин). Сол сияқты ондай тіркесті 
зат есімдер жіктеліп барып та күрделі баяндауыш қызметінде 
жұмсала алады: Мен соның адамымын (Ғ.Мүсірепов). Қай жыл-
дан бері партия мүшесісің? (Ə.Нұрпейісов).
Зат есімді күрделі баяндауыштардың бірінші сыңары ілік 
жалғауының ашық не жасырын түріндегі сөздер мен тəуелдік 
жалғауынан кейінгі жатыс септігінің жалғауында келуі арқылы 
да зат есімді күрделі баяндауыштар жасалады: Бірі сұлу Баянның 
күншығыс етегінде Жантемір қажының ауылында (С.Сейфуллин). 
Ұзын қазы, мырза қазы, тел қазылар үлкен үйде, жеңгеміздің 
кебежесінде (Т.Əлімқұлов). Зат есімді күрделі баяндауыштардың 
бірінші сыңарлары ілік жалғауының жасырын не ашық түрі бо-
лады да, екінші сыңарындағы тəуелдік жалғаулы сөзге шығыс 
септігінің жалғануы арқылы жасалады: Осы күнгі өнеріміздің 
асылдарының бəрі сол халық қазынасынан (М.Қалдыбаев). Бұл 
үй – колхоз бастығының үйі (С.Бердіқұлов).
Зат есімді күрделі баяндауыштың жасалуында əртүрлі зат 
есімдердің қызметі ерекше. Дегенмен зат есімді күрделі баян-
дауыштардың жасалуында ондай құрамды зат есімдердей дəре-
жеде болмағанымен, кейде бір ғана зат есімнің қайталануы 
арқылы жасалған күрделі зат есімдер де баяндауыш қызметінде 
жұмсалуы кездесіп жүр. Мысалы: Сонау Марқакөлдегі немере 
апаң Рабиға бар еді ғой, соның құдасының құдасымын (М.Ма-
қатаев). Екі етегі жасқа толы күнде бір үйдің шаңырағы шорт сы-
нып жатқанда, жұртты жұмысқа шақыру да қорлықтың қорлығы 
(С.Бердіқұлов). Осы сөйлемдерде құдасының құдасымын, қор-
лықтың қорлығы сияқты зат есім мен зат есімнің қайталануы 
арқылы құралған топтар бар. Əрине, олардың бірінші сыңарлары 
құдасының, қорлықтың зат есімдерін анықтауыш, ал құдасымын, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет