Талғат сайрамбаев


Еліктеуіш сөздердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы



Pdf көрінісі
бет258/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Еліктеуіш сөздердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы
Еліктеуіш сөздер де – үстеу тəрізді қимылға қатысты 
жұмсалатын сөз табы. Сондықтан да олар негізінен қимылдың 
істелу амалын білдіріп, пысықтауыш қызметінде жұмсалады. 
Еліктеуіш сөздерді С.Аманжолов «Ғылыми синтаксисінде» 
есімдер тобына жатқызады. Біз, шындап келгенде, еліктеуіштерді 
есімдер тобынан гөрі етістіктер тобына қостық, яғни бұл сөздер 
тек қимылға қатыстылығымен ғана ерекшеленсе керек. Сондықтан 
да еліктеуіш сөздерді қимылға қатысты топтағы сөздердің бірі деп 
білу орынды. Еліктеуіш сөздердің синтаксистік қызметі жөнінде 
М.Балақаев, А.Ысқақов арнайы түрде баяндауыш болады деп 
айтпағанымен, сөз арасында ғана, онда да М.Балақаев, көмекші 
етістіктердің ерекшелігі дегенде жарқ-жұрқ етеді, ыңқ-ыңқ етеді 
мысалдарын келтіреді. Автордың «бұл мысалдардағы етеді, етті 
көмекшілері баяндауыштық тұлға қызметінде жұмсалған. Оларды 
түсіріп, еліктеуіш сөздерді жалаң түрде баяндауыш қызметінде 
айтуға болмайды» – деген пікіріне қосыла алмаймыз. Қазіргі кезде 
еліктеуіш сөздердің көмекші сөздермен де, оларсыз да баяндау-


519
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
ыш қызметінде жұмсалуын қалыпты нормаға айналған деп айтуға 
болады. Сонымен, еліктеуіш сөздер мына жайттарда баяндауыш 
болады: 
Ең көп қолданылатыны – еліктеуіш сөз бен көмекші сөздер 
тіркесі. Мұндай кезде еліктеуіш сөздер дара да, күрделі түрде де 
(қосарласу) жұмсала береді: Əп-сəтте Карпов жасағының быт-
шыты шықты (I.Есенберлин). Үш батыр тізе қосып еді, көк 
темірге оранған жау быт-шыт болды (I.Есенберлин). Қорадан 
шыққан сиырдың бақайы сытыр-сытыр етеді (О.Бөкеев). 
Енді төртеуі де тым-тырыс (Ғ.Мүсірепов). Қызылжар іші 
у-ду (С.Мұқанов) – дегендегі еліктеуіш сөздер қосарлы түрде 
жұмсалған. Ауыл іші тарс та тұрс, ешкім ешкімді біліп болмай-
ды (Е.Айнабеков).
Ел қағынды, Мал сабылды, Ұрлық, өтірік гу де гу (Абай). 
Топтың алдында нəн қылыштар жарқ-жұрқ, ұрандаған дауыс-
тар көкті жарып барады (І.Есенберлин). Бірінші бастаса, екіншісі 
құлақ түрмейді, шарт та шұрт (Б.Тілегенов). Ал мұндағы гу, 
шарт, тарс сөздері қайталанып жұмсалғанымен, өзара қос 
сөздік қасиетте емес, де, та шылауының арқасында қайталанып 
жұмсалып, қарқындықты көрсетеді. Ал жоғарғы сөйлемдегі 
жарқ-жұрқ еліктеуіш сөзі құрмалас сөйлемнің бір сыңарында 
келіп, оқиғаның өте қарқындылығын білдіріп, етеді көмекші 
сөзі түсіріліп айтылып тұр. Еліктеуіш сөздерге модаль сөздердің 
тіркесі арқылы: Арт жағындағы жол бойында қыбыр еткен жан 
жоқ, тым-тырыс сияқты (Б.Тілегенов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет