501
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Мысалы: Менің ойлайтыным – бейбіт отырған ел адамдарының
өмірі, қауат болып жатқан
адам еңбегі (Б.Майлин) дегенде есімді
күрделі баяндауыш –
адам еңбегі. Бұл жерде жеке
еңбегі сөзін
баяндауыш деуге келмейді, өйткені ол сол сөйлемде жеке тұрып
тиянақтай алмай, ілік жалғауы жасырын тұрған
адам сөзімен
бірлікте ғана сөйлемді тиянақтайды. Сол сияқты таза сын есімді
баяндауыштар да сол іспетті: Сақалына
буырыл кіргені болма-
са, Майбасар баяғысынша
қызыл күрең жүзді (М.Əуезов). Оның
үстіне бұл екі сөздің қайсысы негізгі мағынаға ие дегенде, негізінен
ой соңғы сөзге көбірек түсетіні айқын. Сонда, зат есімді күрделі
баяндауыштар көбіне изафеттік құрылыстың қай түрі болғанымен,
олар тек сол тобымен баяндауыш болып жұмсалады. Əрине,
таза зат есімді күрделі баяндауыштар, олардың жігі, сөйлемді
тиянақтаудағы əрбір сыңарының ерекшелігі онша қиындық
келтірмегенімен, есімдердің аралас түрде баяндауыш болуының
өзіндік ерекшеліктері баршылық. Ол үшін
мына мысалдарды
талдап көрелік. Империализм – капитализмнің
жоғарғы саты-
сы (В.И.Ленин). Мына қонақтар –
қадірлі қонақтар (Б.Майлин).
Осы сөйлемдердегі баяндауыштардың екі түрін айтуға бола-
ды. Біріншіден, империализм
–
сатысы, қонақтар –
қонақтар
дейтін болсақ, онда сөйлемді
тиянақтаушы
сөздер мағыналық
та, грамматикалық та қиыса байланыспайды. Екіншіден,
саты-
сы, қонақтар сөздері дербес мағынасы бар есімдер болғанымен,
сөйлемдегі ойды қамти алмайды. Яғни сөйлемдегі негізгі айты-
латын, көтерілетін мəселе онымен баяндалмайды. Сондықтан
да ол сөздер қаншалықты дербес мағыналы сөздер болғанымен,
сөйлемдегі ойды тиянақтау барысында олар қалайда басқа бір
сөздерді
өздерінің жетегіне ала отырып, яғни басқа сөздермен
түйдектеліп жұмсалу барысында ғана сөйлемді мағыналық
жағынан тиянақтау дəрежесіне ие болады. Мысалда ондай
сөздерге
жоғарғы, қадірлі сын есімдері қатысты деп білеміз. Бірақ
сын есімдер зат есімдермен қабыса байланысып, анықтауыштық
қатынас құрайтын сөздер деп қалыптасып кеткені айқын. Осы
сөйлемдегі
жоғарғы, қадірлі сөздері сатысы, қонақтар зат
есіміне анықтауыш қызметін атқаруы тиіс. Осы сияқты Біз қазір
алты үйміз (X.Жұмабеков) дегенде де осыны айтуға болады.
Бұған қарағанда, кейде есімді сөйлемдерде сөйлем соңында кел-
502
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
ген зат есімдер, олардың сөйлемді тиянақтау дəрежесі ойлануды
қажет етеді.
Қазақ тіл білімінде бұл туралы мəселені алғаш көтерген –
М.Балақаев. Автор əлденеше есім тіркесіп келгенде, оның негізгі
мағынаға ие болатыны соңғы сөзі деп,
ол – жақсы оқушы дегенде
оқушы сөзі шешуші қызмет атқарады да,
жақсы анықтауыш емес,
оған көмекші дəрежеде деп көрсетеді. Негізінде мұнда
ол оқушы
деп айтсақ та, бұл сөйлем тиянақты. Дегенмен
жақсы сөзі осы
арада интонациялық жағынан жеке алынып, жеке сөйлем мүшесі
бола алатындай дəрежеде ме? Сол сияқты автор керісінше
Бұл
ат – жақсы ат дегенде негізгі мағына күрделі
баяндауыштың
жақсы сөзіне түседі де,
ат көмекшілік қызметте жұмсалады дейді.
Бұған қарағанда əртүрлі сөз таптарының қатысы арқылы жасал-
ған күрделі баяндауыштардың негізгі сыңары сөйлемнің жалпы
мəніне қарай өзгеріп отыратын сияқты. Осы сияқты факті автор-
дың 1954 жылғы академиялық грамматикасында орын алған бо-
латын. Сонда күрделі есімді баяндауыштардың əрбір сыңарының
сөйлем мазмұнын айқындаудағы орны ерекше.
Есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалу барысында бұрынғы
табиғи семантикасына қарағанда, көбіне сөйлемді тиянақтау
дəрежесі негізгі бағытта болады. Соған сəйкес олардың ондай
кездегі мағыналық ерекшеліктері синтаксистік қызметіне сəйкес
түрлі өзгерістерге ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: