Талғат сайрамбаев


Сын есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы



Pdf көрінісі
бет253/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Сын есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы
Сын есімдер баяндауыш қызметінде зат есімге қарағанда аз 
қолданылады. Дегенмен сын есімдердің баяндауыш қызметінде 
жұмсалуы көбіне біржақты қаралып жүр. Өйткені барлық 
əдебиеттерде олардың баяндауыш қызметінде жұмсалуы айтыла 
бермейді. Қалайда сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалады 
дейді де, олардың тұлғалық көрсеткішін нақтылап көрсете алмай-
ды. Шындығында, сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалу 
үшін олар сөйлемнің соңында келіп, оны тиянақтап тұруға 
тиіс. Себебі олар сөйлемнің басында жəне сөйлемнің ішінде 
қолданылып, қалайда анықтауыштық қызметке жұмсалуға тиіс. 
Енді олар сөйлемнің соңында да келуі арқылы сөйлемді тиянақтау 
дəрежесіне ие болады. Негізінде сын есімдер тұлғасы жағынан 
əртүрлі болып келетіні айқын. Ондай қасиет олардың көбіне 
анықтауыш сөйлем мүшесінде толық көрінсе, ал баяндауыш 
қызметінде де сол дəрежеде. Сол сияқты ондай кезде олар құрамы 
жағынан дара да, күрделі түрде де баяндауыш бола береді. 
а) Сапалық сын есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. 
Өзі əдемі, өзі келісті, сұлу кісі, əйелі де сұлу (X.Есенжанов). Кең 
жазық маңдайында əжім аз (М.Əуезов). Сендерге отыз да көп 
(А.Макаров). Сапалық сын есімдер күрделі түрде де жұмсала 
береді: Бас арнадағы əуе компаниясының туы да сары ала 
(С.Бердіқұлов). Көзі мөлдіреген қара көк (М.Əуезов).


513
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
ə) Шырай тұлғасындағы сын есімдердің баяндауыш кызметін-
де жұмсалуы: Көкше көктен гөрі көгірек (С.Мұқанов). Дене 
бітімі нып-нығыз, тұп-тұтас, шойындай (С.Сейфуллин). Қара 
жұмысшылар, əсіресе қазақтар лек-легімен келіп жатқанымен, ма-
ман өте аз (Ғ.Мұстафин). Дос пен Мөңкенің арасы тым жақын 
(Ə.Нұрпейісов).
Қатыстық сын есімдерінің баяндауыш қызметінде жұмсалуы: 
а) -сы, -сі жұрнақты баяндауыш. Оның ойынша, мұғалімдер 
мəдени-эстетикалық жағынан ұсқынсыз-ақ (Ы.Сүйінов). ə) -лы, 
-лі жұрнақты баяндауыш: Сақалына буырыл кіргені болмаса, 
Майбасар баяғысынша қызыл күрең жүзді (М.Əуезов). Сенің 
бұл бейбастық ойың күлкілі, қымбаттым! (III.Айтматов). б) -дай, 
-дей жұрнақты баяндауыш; Отырмыз біз үшеуміз бір кісінің 
ұлындай (Жамбыл). в) -шақ, -шек жұрнақты баяндауыш: Зəремнің 
ұшатыны-ақ жөні бар, өйткені менің əйелім де барлық ұрғашы ата-
улы сияқты өте қызғаншақ-тұғын (Ə.Əлімжанов).
Сын есімдер септеліп те, жіктеліп те баяндауыш қызметінде 
жұмсалады: Туған жері де адам білмес алыста (Ə.Əлімжанов). – 
Қали, Гриша, Илия, Есентай, Қасым, сендер маңдай алды 
екпіндісіңдер, ал барактарыңда мəдениетсіздік, ластық былығып 
жатыр (С.Ерубаев). Сын есім қайталанып келуі арқылы да ба-
яндауыш бола береді. Бес болыстың би-болыстарына бір ауыл-
най Сибанды кінəлі етіп шығару оңайдың оңайы (Ғ.Мүсірепов). 
Құсмұрын дуанына он үш жыл аға сұлтан болғанда, Шыңғыстың 
аузы мен тырнағы батпаған ауыл кемде-кем (С.Мұқанов). Өзі бір 
барып тұрған жуастың жуасы (С.Бердіқұлов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет