Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет252/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Оңашаланған баяндауыш
Айқындауыш барлық еңбектерде айтылып келеді. Ол со-
нымен бірге Ш.Атымов пен О.Күлкенованың арнайы зерттеу 
жұмыстарында да cөз болғаны белгілі. Жалпы, айқындауыш 
мүше анықтауыштың бір түрі ретінде олар сөйлемде бір мүшеден 
соң тұрып, оны анықтап, түсіндіріп, қай мезгілде, қай жерде, т.б. 
ерекшеліктерін айқындап тұрады. М.Балақаев айқындауыш, оның 
ішінде оңашаланған айқындауыштарды: оңашаланған бастау-


511
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
ыш, оңашаланған толықтауыш, оңашаланған анықтауыш жəне 
оңашаланған пысықтауыш деп осы төрт тобын берумен шектеледі.
Қазіргі əдеби тіл материалы негізінде зерттей келгенімізде, 
қазақ тілінде оңашаланған айқындауыштың бесінші түрі, яғни 
оңашаланған баяндауыштардың да қалыптаса бастағандығын 
көруге болады. Оңашаланған мүшелердің сөйлемнің кез кел-
ген жерінде келе беретіндігі анықталды. Мысалы: Ал, жігіттер, 
ұядан ұшқалы отырсыңдар, ұшырып отырған мына біз, ағаларың 
(Б.Қыдырбекұлы). Өзім мұнда, есіл-дертім алыста, Орал жақта 
(Ш.Мұртазаев). Асанчик, біздің бөлмеге кел. Кел, қорықпа, 
тістемейміз. Иə, иə, оң жақта, отыз екінші (М.Мақатаев) деген 
сөйлемдердегі негізгі баяндауыштар біз есімдігі, алыста ба-
рыс септікті сын есім жəне зат есімге жақта көмекші сөзінің 
тіркесуі арқылы жасалған есімді баяндауыштар. Ал оларды 
айқындап тұрған тəуелдік жалғаулы – ағаларың. Келесі Орал 
жақта, сосын отыз екінші сөздері біз, алыста, оң жақта 
сөздерінің айқындауыштары. Əрине, қазіргі тілімізде есімді 
баяндауыштардың бұл түрлері сирек кездессе, ал зат есімді баянда-
уыш оны айқындайтын айқындауыш, яғни зат есімді айқындауыш 
мүшелер өте жиі кездеседі. Бірақ бұл мəселе əзірше сөз болмай, ар-
найы зерттелінбей отыр. Енді оңашаланған зат есімді баяндауыш,
олардың тұлғалық ерекшеліктерін жəне соған сəйкес оңашаланған 
мүшелерінің жасалу жолдарын көрсетелік.
Баяндауышы нөлдік тұлғадағы зат есім болып келеді. Мыса-
лы: Махамбет те қонақ, ат жарысының куəгері (Н.Əбуталиев). 
Күн демалыс. Ертең мейрам, жетінші ноябрь (М.Мақатаев). Осы 
сөйлемдердегі негізгі баяндауыш қонақ жəне мейрам зат есімдері. 
Сонда бірінші сөйлемнің баяндауышында жалпы қонақ туралы 
айтылып, сонымен ғана тиянақтауға болар еді, бірақ ол қонақтың 
ат жарысына куəгер екендігі нақтылана түскен. Онда қонақтың 
не кəсіппен айналысатыны қоса көрсетілуі арқылы жалпы сөйлем, 
оның ішінде баяндауыш та күрделене түскен. Əрине, бұл жердегі 
жалпы сөйлемнің күрделенуіне оңашаланған айқындауыштардың 
рөлі бар. Сол сияқты екінші сөйлемде де мейрам зат есімін 
жетінші ноябрь айқындауышы мейрамның қай мейрам екенін 
нақтылай түскен. Бұл жерде де оңашаланған баяндауыш күрделі 
түрде берілген. Жай сөйлемнің негізгі баяндауышы тəуелдік 


512
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
жалғаулы зат есімі болады да, ал оның оңашаланған айқында-
уышы тəуелдік жалғаулы немесе тəуелдік жалғаусыз сөздер, не 
сөздер тобы бола береді: Ол – Өскенбайдың үлкен үйі, Зере отыр-
ған ауыл (М.Əуезов). Бəрі – балам, немерем, шөберем (Ж.Жабаев).
Жай сөйлемнің баяндауышы зат есімге жайлы, іспетті шы-
лауларының тіркесуі арқылы жасалса, ал ондай баяндауыштың 
айқындауышы да зат есім мен сол шылаулардың тіркесі арқылы 
жасалады. Жер мен көкке дүр сілкіндіріп, мəңгілік тонды жі-
біткендей болған асқақ əн – Ұлы Достықтың гимні іспетті, бауыр-
лас елдің айнымас асыл сезімі секілді («Қазақ əдебиеті»). Поэма 
космос жайлы, космонавт Юрий Гагарин жайлы (М.Мақатаев). 
Ол – осы жақында болатын ас туралы, Бөжейдің асы туралы 
(М.Əуезов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет