Талғат сайрамбаев


Сан есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы



Pdf көрінісі
бет254/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Сан есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы
Сан есімдер табиғатында зат есімнің анықтауышы қызметінде 
жұмсалуға тиіс. Дегенмен олар сөйлемді тиянақтауына сəйкес 
баяндауыш қызметінде де жұмсала береді. 
Есептік сан есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы: Са-
най бер. Консерватория бітіреді – бір ме? Диплом қорғайды – екі 
ме? Үйленеді – үш пе? (М.Мақатаев).– Малы қанша екен? – Қой-
ешкісі жиырма бір мың, жылқысы бес мың (Н.Əбуталиев). 
Реттік сан есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы: 
Мəдібектердің «байдың өзі» деп келе жатқаны екіншісі сияқты 


514
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
(С.Сейфуллин). Алыстан ағараңдап үйлердің төбесі көрінді. Ал-
дымыздағы үшінші. Келіп те қалдық (С.Бердіқұлов). 
Жинақтық сан есімдерінің баяндауыш қызметінде жұмсалуы: 
Дүниежүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі мемлекеттер 
мен жерлер көп, бірақ адамның туған анасы да – біреу, оның От-
аны да – біреу ғана (К.Ушинский). 
Бөлшектік сан есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы: 
Бүйткен күйеуі құрсын. Амал жоқ, біздейлер қазір екінің бірі 
(Қ.Найманбаев). 
Болжалдық сан есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы: 
Қызыл гвардия əскерінің саны жүздей (С.Мұқанов).
Сан есімдердің жіктеліп барып бастауыш болуы: Біз жиырма 
төртпіз (Ғ.Мүсірепов). Ішінде қазақтан төртеуміз (С.Мұқанов). 
Сан есімдер тəуелденіп барып та баяндауыш болады: Маған екеу 
ал, – деді Гүлбаршын еркелеп. Жарайды, өзіме – үшеу, саған – екеу. 
Жоқ, керісінше, маған – үші, өзіңе – екісі (Б.Нұржекеев). 
Сан есімдердің септеліп барып баяндауыш болуы: Ағайынды 
бұл үшеуінің жас мөлшерлері бір-біріне жақын: Балтабек жиыр-
ма алтыда, Темірбек жиырма төртте, Кенжетай жиырма екіде 
(С.Мұқанов). Жиырма үштегі жігіт майданда да жиырма үште 
(F.Мүсірепов). 
Сан есімдер баяндауыш қызметінде негізгі тұлғаға нумеративті 
сөздердің түйдектелуі арқылы жасалады. Ондай нумеративті 
сөздерге километр, метр, шақырым, гектар, жыл, сағат, т.б. 
жатады. Əрине, сан есімдер мен ондай нумеративті сөздердің 
қайсысы негізгі мағынаға ие деген мəселе туралы талас пікірлер 
барлығы айқын. Дегенмен қалайда оларда сандық қасиеті негізгі 
мағынаға ие болады да, нумеративті сөздер оларға қашықтық пен 
уақыт өлшемдерін білдіруге қатысы бар. 
а) Есептік сан есімдер мен нумеративті сөздер арқылы: 
Кəдімгідей ағаш үй сияқты, мұнарасының басында жарты айы бар, 
биіктігі он жеті метр, көлденеңі алты метр, кейін өртеніп кетіпті 
(И.Жақанов). Біздің резиденциямыз Делиден қырық шақырым 
(С.Бердіқұлов). Үй болғандарына он бір жыл (М.Хасенов). 
ə) Реттік сан есімдер мен нумеративті сөздер арқылы: Соци-
ал-демократ кружогына оның алғаш жазылуы – бір мың сегіз жүз 
тоқсан бесінші жылдары (С.Мұқанов). Жерге қардың түскеніне 
үшінші күн (М. Хасенов).


515
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Сан есімдерге кейде оған қосарланып жұмсалатын нумеративті 
сөздерге жуық, тарта көмекші сөздерінің тіркесуі арқылы да ба-
яндауыш жасала береді. Ондай кезде сан есімдер не нумеративті 
сөздер ретіне қарай септеліп, оған кейін жуық, тарта көмекші 
сөздері де тіркесе береді. Мысалы: Үй маңында жайылып жүрген 
қозылар саны онға жуық (Н.Əбуталиев). Милықұдық жағындағы 
бұл алқаптың аумағы он гектарға жуық (Қ.Сəтбаев). Биіктігі жеті 
метрдей, ені он төрт метрге жуық (Қ.Жұмаділов). Ал қазақтарда 
мұндай жырлардың саны елуге тарта (Ə.Нұр-шайықов).
Сан есімдер тек өздері ғана баяндауыш болып қоймай, кейде 
зат есімдермен қатар тұрып, баяндауыштық қызметте жұмсала 
береді. Əрине, ондай кезде осы аралас баяндауыштардың негізгі 
мағынасы сан есімдер болғандықтан, сол бірліктегі бастауыштың 
сандық қасиетін білдіреді. Мысалы: Барак үйшіктерінің бірі – он 
кісілік (С.Сейфуллин). Барлық істің ұшығына жету – мəселенің 
үшінші түйіні (Ю.Семенов). Абай мен Оспан арасы – бес-алты 
жас. Сондықтан оған Абай аға іспетті (М.Əуезов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет