Талғат сайрамбаев


Сұрау есімдікті баяндауыш



Pdf көрінісі
бет256/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Сұрау есімдікті баяндауышСіздің нөміріңіз нешінші? (С.Мұ-
қанов). Жортуылшылардың əр адымын қалт жібермей қадағалап 
отырған кім? (Ш.Айтматов). Бұл араның қауынының тəттілігі 
Шаржойдікінен қалай? (С.Мұқанов). 
Өздік есімдікті баяндауыш: Бұндағы жар дегенің кімің өзі 
(М.Əуезов). Түлкі ме, қарсақ па? Əлде тіпті қасқырдың өзі ме? 
(Ғ.Мүсірепов). 
Белгісіздік есімдікті баяндауыш: Оның келуі, келмеуі əл-
деқалай (С.Мұқанов). Келетін адам ол емес, басқа біреу («Жұл-
дыз»).
Болымсыздық есімдігі: Бұл атақ ол үшін ештеңе емес («Со-
циалистік Қазақстан»).
Жалпылау есімдігі: Бұл алғысым біріңе емес, бəріңе (А.Шам-
кенов).
Бұған қоса есімдіктер баяндауыш қызметінде септеліп те, 
тəуелденіп те жəне жіктеліп те жұмсала береді: а) есімдіктердің 
жіктелуі арқылы: Менің айтқаныма мойынұсынғың келмейтін 
сен кімсің? (Б.Шаханов). Сенсің жан лəззаты! Сенсің тəн 
шəрбаты (Абай). Бұл өлкеге кімнің бұрын, кімнің кейін келгенін 
айыратын – мына сенбісің? (Қ.Жұмаділов). ə) есімдіктердің 
көптелуі арқылы: Бөлінейін деген оғыздар жоқ. Бөлген – сен-


517
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
дер (О.Бодықов). Оның рас. Осы өлкеде шаруаны ұмытпаған 
жалғыз ауыл – солар (М.Əуезов). Балалар, не білдіңдер. Білсең 
айтшы, бұл кімдер? (А.Сопыбеков). Оларды орындаған кімдер? 
(С.Бақбергенов). б) есімдіктердің септелуі арқылы: жатыс септікті 
баяндауыштар: Қарттар не ойламайды, олардың өз есептері 
өздерінде (М.Мақатаев). Олай болса, кінə кімде, кінəрат неде? 
(С.Шаймерденов). Мектеп салу, медіресе-жай жасау өз алды-
на, оқу құралы қайда? (С.Бақбергенов). Шығыс септікті баянда-
уыштар: Мұнан 40-50 жыл бұрын қой емес пе еді, сүтке қарық 
қылатын: қасық тік тұратын, қатық та содан, тілді үйірген құрт 
та – содан, бал татыған ірімшік те – содан (О.Қанахин). -нікі, -дікі 
жұрнақты баяндауыштар. Еңлік жыры – сенікі (М.Əуезов). Көне 
-дүр қосымшасы арқылы келген баяндауыштар: Солай -дүр,
деп, Əріп сирек мұртын ширатты (Т.Əлімқұлов). 
Есімдіктер қатысты күрделі баяндауыштар. Көк аспан 
алыссың-ау, көрер көзге, Биік жоқ табиғатта сенен өзге, Байлау-
сыз, бағанасыз тұрсаң-дағы, Тағдыры ай мен күннің бір өзіңде 
(X.Ерғалиев). Барым – бір өзің (М.Əуезов). Сенің ойың – менің 
ойым (Б.Майлин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет