518
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
сөздері көбіне үстеу сөздері немесе мекендік мағынаны білдіретін
болып келеді.
Үстеулер баяндауыш қызметінде əртүрлі тұлғада да келеді.
Мезгіл, мекен үстеулерінің нөлдік тұлғада баяндауыш болуы жиі
кездеседі. Mысалы: Ол мəселені қозғау əлі
ерте («Жұлдыз»).
Оның қабілеті сендерден бір саты
жоғары (М.Мақатаев).
Үстеулерге түрлі көмекші етістіктер тіркесіп келуі арқылы:
Жұмыстың бəрін бір күнде тындыра алмаймыз, – деді Қапез басын
кегжитіп, – күн –
бүгін, жыл –
биыл емес (М.Хасенов). – Қазір ба-
рам. – Жо-жоқ, қазір келме,
кейін, кейін дедім ғой (Қ.Найманбаев).
Хасеннің келгені де
жаңа еді (М.Əуезов). Үстеулердің
шырай
тұлғасында келуі арқылы: Бүгінде шалқадан түсіп жату
ертерек
болар (С.Бердіқұлов). Мекен үстеулерінің баяндауыш болуы:
Шынында, ең қиыны
жоғарыда екен (А.Фадеев).
Сын-қимыл
үстеуінің баяндауыш болуы: Алас ұрған жас жігіт өзімен-өзі
əуре
(F.Мұстафин). Үстеулердің
-нікі, -дікі жұрнағы арқылы: Есіңде
болсын, інішек, ақын алдымен
бүгіндікі (М.Мақатаев).
Достарыңызбен бөлісу: