Талғат сайрамбаев


Есімдіктердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы



Pdf көрінісі
бет255/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   332
Есімдіктердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы
Есімдіктер зат есім, сын есім, сан есімдер сияқты сөйлемді 
тиянақтай отырып, баяндауыш қызметінде де жұмсала алады жəне 
сөйлемнің барлық мүшелері бола алатын қабілеті бар. Дегенмен 
есімдіктердің сөйлем соңында қолданылуынан гөрі сөйлемнің 
ішінде қолданылуы əлдеқайда көп. Ал есімдіктер баяндауыш 
болған кезде сөйлем соңында келеді де, оған екпін түсіріліп ай-
тылады. Есімдіктердің баяндауыш қызметінде жұмсалуының 
өзін екіжақты қарастыруға болады. Біріншіден, олардың қай-қай 
түрлері баяндауыш болады, екіншіден, олар қандай тұлғаларда 
жұмсалады. Енді олардың 7 түріне тоқталсақ:
Жіктеу есімдікті баяндауыш. Жіктеу есімдіктері негізінде 
бастауыш болуға бейім. Қалайда олар сөйлемде қимылдың иесі 
болып, үш жақта, жекеше жəне көпше түрде де жұмсала береді. 
Арнайы бастауыш болатын есімдіктер тек сөйлемнің соңында 
келіп, мағыналық жағынан сөйлемді тиянақтау арқылы ғана кім? 
не? сұрауларына жауап беріп, баяндауыш бола алады. Мысалы: 
Айласыз болсаң арыстандай, Аспандағы айға шабарсыз. Баянды 


516
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
болсаң байтақты, Біз емес, жұртқа аға сіз (Н.Кəрібаев). Мен тағы 
да қайталауға əзірмін, қару-жарақтардың құнын арттыру жөніндегі 
жұмысты аяқсыз қалдырған сізсіз, тек сіз (Ю.Семенов). – Дау иесі 
мен болсам, жан иесі де мен (Ə.Кекілбаев). Ақбұйратты басқа-
ратын – сіз бе, мен бе? (Ғ.Мүсірепов). Осы сөйлемдердегі баян-
дауыштар – сіз, мен. Əрине, ол есімдіктер жеке тұрып та, бірыңғай 
түрде де əрі көпше, əрі жекеше де келуі арқылы жұмсалған. Ондай 
кезде бұл баяндауыштарға кім? сұрауын қоюға болады.
Сілтеу есімдікті баяндауыш. Сілтеу есімдіктері негізінен 
анықтауыш қызметін атқаруға тиіс. Сөйте отыра олар баяндауыш 
та бола береді. Ондай кезде мынау, осы, сол, анау, бұл есімдіктері 
мол кездеседі. Мысалы: Совхозың – осы, мамандарың – мынау 
(М.Хасенов). Кешеден бері сөйлеген сөздерің – анау (М.Əуезов). 
Балтабайдың Асқар көрген бір ерлігі – осы (С.Мұқанов). Осы 
қыз – дəл осы (С.Мұқанов). Жарқыраған, қызуы мол шығармаң – 
мынау (М.Əуезов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет