Талғат сайрамбаев


бар (М.Əуезов). Оның үшкір тұмсық жаңа қара етігі



Pdf көрінісі
бет296/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

бар (М.Əуезов). Оның үшкір тұмсық жаңа қара етігі қардан 
тайғанай берді (С.Мұқанов). Секретарь кең қабырғада жаю-
лы тұрған ақ жібек шымылдықтың қасына келді (С.Мұқанов). 
Ербол мініп келген семіз көк атқа шана жегіп, екі жігіт қатар 
отырып, желдіріп келеді (М.Əуезов).
Бірқатар сын есімнің сындық сапасын күшейту үшін оларға 
басқа сын есімдер қатысты болып, олар күрделі сөз тіркесінің 
құрамына енеді: тастай қатты ағаш, сүттей жарық ай, удай 
ащы дəрі.
Қатыстық сындар мен зат есімдерден жасалған сөз тіркестері 
де əртүрлі мағыналық қатынасты білдіреді. Мұнда туынды сын 
есімдер қандай сөздерден жасалған болса, сол сөз анықтауыштық 
сапаның негізі болады:
Таусыз, ормансыз дала (С.Мұқанов). Терістіктен ескен бо-
лымсыз ғана жел лебі (М.Əуезов). Тоқсандағы Жамбылға 
толқындатып сөз келді (Жамбыл).
Қатыстық сандар зат есімдерден жасалғанда, олармен басқа зат 
есімдер не сын есімдер тіркесіп, барлығы жиналып, күрделі есім 
сөз тіркесінің құрамында айтылуы мүмкін:
а) Қасқыр ішікті, түлкі тымақты жуандар үй-үйге кіре бас-
тады (С.Көбеев). Бидай өңді, үріп ауызға салғандай келін-
шек есік алдына шықты (Б.Майлин).
ə) Қара торы, өткір көзді жігіт жалғыз келе жатыр 
(Ғ.Сланов). Ұзын бойлы, талдырмаш денелі жігіт – Асқардың 
замандасы (С.Мұқанов). Ақ жаулықты келіншектер, үкілі 
Камшат бөрікті қыздар көрінеді (М.Əуезов). Ақ басты Ала-
таудың Жамбылымын (Жамбыл).
§19. Сан есімді тіркестер
Сан есімдер – зат есімдерге тəн, оларды сан жағынан анықтап 
тұратын, зат есімнің жетегінде айтылатын, өзінің басыңқылық 
дербестігі жоқ сөздер. Олардың зат есімдермен тіркесуі арқылы 


581
Қазіргі қазақ тілі
қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері жасалады. Сан есімдер 
мен зат есімдердің өзара тіркесу қабілеті ерекше болатындықтан, 
ондай сөз тіркестері жиі кездеседі жəне олардың құрамы əртүрлі 
болады.
Бірқатар зат есімдер талдап саналатын конкретті заттардың 
аты болады да, бірқатары абстракт ұғымының аты болады. Осыған 
орай, сан есімдер барлық зат есіммен бірдей тіркесе алмайды: олар 
санауға болатын заттардың атын білдіретін сөздермен тіркесе 
алады да, санауға болмайтын, абстракт ұғымды білдіретін зат 
есімдермен тіркеспейді. Соңғыға мынандай сөздер жатады:
а) балалық, жастық, сұлулық, тазалық, жалқаулық, мырзалық, 
сезімділік сияқты сапалық зат есімдер;
ə) гүрсіл, тарсыл, қарау, жүдеу, жасқану, мінез, қытық сияқты 
құбылыс, процесс аттарын білдіретін зат есімдер;
б) логика, психология, химия, биология, педагогика сияқты 
ілім жəне ғылым аттарын білдіретін зат есімдер.
Сан есім қатысқан сөз тіркесінің сыңарлары бір-бірінің 
тұлғалануына əсер етпейді. Сан есімдер заттың көптігін біл-
діргенмен, басыңқы қызметтегі зат есімдер көптік жалғауда ай-
тылмайды. Мысалы, он ешкі, қырық саулық, мың қой, оныншы 
мектеп, алтыншы бригада
Жинақтау сан есімдерден басқа сан есімдердің бəрі де анық-
тауыштық қатынаста санауға, есептеуге болатын заттардың атын 
білдіретін сөздермен тіркесе береді: есептік сандар заттардың 
қанша екенін білдірсе, реттік сандар заттың сан ретін, нешінші 
екенін білдіреді:
Класта жиырма төрт оқушы сабаққа қатысуға тиіс 
(М.Иманжанов). Бөлмеге жаңа екі қонақ келіп кірді (С.Мұқанов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет