Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет318/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

газет оқып жатыр (Ғ.Мұстафин). Сабадан қымыз құйдырып
ортасына қойдырып (Абай). Сиыр сауатын, қой сауатын, іркіт 
пісетін, құрт қайнататын, одан босай берсе, жыртық иығына 
қап салып тезек теретін (М.Əуезов).
Осындай сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары етістіктер-
дің мағыналық ерекшеліктеріне үйлесімді болып, ыңғайласа тір-
кеседі. Сондықтан, мысалы, тоқу етістігіне тоқылып жасалатын 
зат атауларының бірі объект бола алады, ал тоғыту етістігі қой 
тоғыту, қозы тоғыту тəрізді бірен-саран сөз тіркестерінің ғана 
құрамында жұмсалады.
2. А б с т р а к т з а т е с і м д е р к ү й д і , с е з і м д і б і л д і р е т і н 
е т і с т і к т е р м е н т і р к е с е д і . Сөз тіркестерінің бұл түрі сирек 
құралады. Өйткені ақыл, мінез, қылық, тамаша, жақсылық тəрізді 
абстракт зат есімдердің объектілік қызметі солғын болады. Оның 
үстіне, мұндай сөздері бар тіркестер сөйлем құрамында көбінесе 
лексикалық тіркес ретінде ұғынылады: жақсылық қылу, сыр 
білдіру, ақыл беру тəрізділер. Мысалы, 
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кəрі құдаң – қыс келіп əлек салды. 
(Абай).
... 21-22 жылдардағыдай билік айтып олжа түсіретін ... заман 
емес. Сары оған мынандай сөз айтты. Досбол Хасеннің үстінен 
арыз бермекші (Б.Майлин).


612
Қазіргі қазақ тілі
МЕҢГЕРІЛЕ БАЙЛАНЫСҚАН ЕТІСТІКТІ
СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
§35. Жалпы түсінік
Етістіктермен меңгеріле байланысып, əртүрлі қарым-қаты-
наста жұмсалатын сөздер – есімдер.
Есімдер етістікке қатысты болып меңгеріле байланысу үшін 
барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының бірінде ай-
тылады. Бұл жалғаулар – есімдерді етістіктермен ұластырушы ғана 
емес, сөздердің синтаксистік қызметтерін саралайтын да тұлғалар. 
Сондықтан меңгерудің етістікті сөз тіркесін құрауда мəні ерекше.
Аталған септік жалғауларының синтаксистік қызметі, негізінде, 
етістіктердің лексикалық мағыналарымен байланысты болады 
да, сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларына септік жалғауы 
басыңқы сөздердің ыңғайына қарай жалғанады. Мысалы, шық, түс, 
қара, жібер етістіктері барыс, шығыс, көмектес жалғауларындағы 
сөздерді керек етіп, оларды өздеріне бағындырып, меңгеріп 
тұрады:
шық – тауға шық, үйден шық, сатымен шық;
түс – суға түс, аттан түс, арқанмен түс;
қара – балаға қара, терезеден қара, бинокльмен қара;
жібер – жолдасыңа жібер, қаладан жібер, поштамен жібер.
Меңгеру – синтаксистік байланыс формаларының ең жиі 
ұшырайтын түрі. Меңгеруде де сөз тіркестерінің бағыныңқы 
сыңары, қиысудағыдай басыңқы сөздің ыңғайына еріп, белгілі 
жалғауда тұрады. Бірақ ол екеуінің үлкен айырмашылығы бар. 
Егер қиысуда бағыныңқы сөз (баяндауыш) басыңқы сөздің 
(бастауыштың) грамматикалық мағынасына, тұлғасына қарай рай-
лас болып тұлғаланса, меңгеруде сөз тіркесіндегі сөздердің ара-
сында тұлғалық райласу болмайды, тек бағыныңқы сөз басыңқы 
сөздің лексикалық мағынасының əуеніне қарай тұлғаланады. Түркі 
тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде, кейбір жалғаудағы сөздерді 
меңгере алатын етістіктерге етіс қосымшасын жалғап айтқанда
олардың меңгеретін сөздерінің де тұлғалары өзгерілетіні бар. Мы-
салы:
Ол мені көрді – ол маған көрінеді.
Ол сені байқамайды – ол саған байқалмады.
Мен мақала жаздым – мен газетке жазылдым.


613
Қазіргі қазақ тілі
Мұндайда септік жалғаулары етіс қосымшаларына бейімделіп 
өзгермейді, сол қосымшалар арқылы етістіктердің мағыналары 
өзгерілетіндіктен, олардың меңгеру тұлғасы да басқа болуы мүмкін. 
Мысалы, сұра табыс жалғауын керек етсе, сұран керек етпейді, 
түсіндір барыс жалғаулы сөзді меңгерсе, түсін меңгермейді.
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы 
сөздің тұлғасына қарай былай бөлінеді: 1) барыс жалғаулы сөз 
тіркестері; 2) табыс жалғаулы сөз тіркестері; 3) жатыс жалғаулы 
сөз тіркестері; 4) шығыс жалғаулы сөз тіркестері; 5) көмектес 
жалғаулы сөз тіркестері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет