609
Қазіргі қазақ тілі
Олар дойбыны өте жақсы ойнайды (Ғ.Мүсірепов).
Досы қат-
ты сүйінген, дұшпаны жаман күйінген (Жамбыл).
Ағаш кессең,
ұзын кес –
қысқартуы оңай, темір кессең қысқа кес –
ұзартуы
оңай, киім пішсең, кең піш –
тарылтуы оңай (Мақал).
Ол оп-
оңай беріле қоятын кісі емес (Ғ.Сланов).
Қатыстық сын есімдердің ішінде
етістікті сөз тіркесінің ба-
ғыныңқы сыңары қызметінде
-сыз//-сіз, -дай//-дей тұлғалы сөздер
көп жұмсалады:
Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді (М.Əуезов).
Еңбексіз тап-
қан мал есепсіз кетеді (Мақал).
Сорақы ұзын да емес, қысқа да
емес, нəзік бел тал шыбықтай бұраңдайды (Абай).
§33. Сан есімді сөз тіркестері
Сан есімдер заттың сандық сапасын
білдіретін сөз ретінде
есімді сөз тіркестерінің құрамында жиі қолданылатыны белгілі.
Сонысына қарап, сан есімдерді есіммен (зат есіммен)
тіркесу
үшін ғана қолданылатын сөздер деуге болады.
Дегенмен олар
етістіктермен де тіркесе береді. Сан есімдер
етістікті сөз тіркес-
тері құрамында пысықтауыштық қатынаста қимыл процесін сан-
дық сапа тұрғысынан пысықтайды.
Бұл қызметте сан есімдер
атау тұлғасында етістіктермен қатар тұрады. Сонымен қатар сан
есімдер
рет, есе тəрізді сөздермен қосарланып жұмсалады:
үш
рет келді, екі есе көбейді, т.б.
Есептік
сан есімдер ал, айт, сөйле, кел, қара, жүр, секір,
сүрін тəрізді етістіктермен қабыса байланысады. Сан есімдер бұл
қызметте қимыл мен күйдің қ а й т а л а н у м ө л ш е р і н білдіреді.
Жанбота туды екі алды (Ғ.Мұстафин).
Жаңбыр бір жау-
Достарыңызбен бөлісу: