Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет326/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп
Шымырлап бойға жайылған (Абай).
2. М е з г і л д і к . Бұл мағынада бағыныңқы сөз мезгіл мəнді 
жəне кісінің жас мөлшерін білдіретін есімдер болады да, басыңқы 
сөз көбінесе қабылдау мəнді етістіктер болады, мысалы: былтыр-
дан білемін, жастайымнан түсінгенмін.
Жастайымнан таңдағаным, жаттағаным – Москва (Х.Ерға-
лиев). Мен Есенді кішкентайымнан білемін. Былтырдан қалған 
жұмыс жоқ.
3. С е б е п - с а л д а р . Бұл мағынада жұмсалатын сөз тіркесінің 
шығыс жалғаулы сыңары есімше не қимыл есімі болады, мыса-
лы, ұялғаннан қызарды, түсінбегендіктен қателесті, ұйықтап 
қалғандықтан кешікті. Жақып қуанғаннан күліп жіберді 
(Ғ.Мүсірепов). Жабай өзінің білместігінен үялыңқырап қалды. 
Мүмкін, саны бесеу болғандықтан «бестік» деп аталатын 
шығар (Ə.Сəрсенбаев). Көптен көрмегендіктен Ботакөз апасын 
сағынған (С.Мұқанов).
4. Амал. Шығыс жалғаулы есімдер етістіктермен тіркескенде 
қимылдық амалын (қалай болғанын) білдіреді, мысалы: етпетінен 
құлау, даусынан тану, мұртынан күлу.
Бұл үйдің адамдары... бірін-бірі қабағынан, ернінің емеуріні-
нен танып əдеттенген. Қызын қабағынан танитын анасы оның 
ойын бөлген жоқ (Ғ.Мұстафин). Қолынан келген қонышынан 
басады (Мақал).
§39. Жатыс жалғаулы сөз тіркестері
Басқаларына қарағанда, жатыс жалғаулы есімдерді меңгере 
алатын етістіктердің саны онша көп емес. Олардың көпшілігі 


622
Қазіргі қазақ тілі
заттың күйін білдіретін салт етістіктер: отыру, тұру, жүру, жату, 
кездесу, ойнау, қону, көру, көрсету, ұйықтау, қалғу, сүйену, жы-
лау, ескеру, үйрену, ұнау, құру, т.б.
Мұндай етістіктермен тіркесетін жатыс жалғаулы есімдер мы-
нандай қатынастарда жұмсалады:
а) О б ъ е к т і л і к (толықтауыштық). Объектілік қатынастағы 
ондай сөз тіркестерінің мағыналары қимыл процесінің қандай 
з а т т ы ң ү с т і н д е не қандай затпен б а й л а н ы с т а болатынын, 
бірдеңенің кімде екенін білдіреді, мысалы: өмірде кездесу, заңда 
көрсетілу, ойда сақтау, күресте озу, сөзде тұру.
Бүгінгі күресте көрсеткен күшіңді өлеңге шығар (С.Мұқа-
нов). Олар мал шаруашылығын өрге бастыруда зор рөл атқаруға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет