Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет323/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

қонаққа шақырып келем (Ғ.Мүсірепов).
Барыс жалғаулы есімдерді кейде есім мен көмекші етістіктер-
ден болған құрама баяндауыштар да меңгереді.
Сейіт бұл топқа жалпы сəлем берді де, тоқтамай өтіп кетті 
(Ғ.Мүсірепов). Судьялар ешкімге тəуелді емес (Конституция-
дан). Толқынға бөгет бола алмай, ит қорлыққа көне алмай... 
(Қ.Жұмалиев).
§38 Шығыс жалғаулы сөз тіркестері
Етістікті сөз тіркестерінің жиі ұшырайтын ендігі бір түрі – 
шығыс жалғаулы есімдер мен етістіктер тобы. Мұнда да жал-
ғаулы есімдерді етістіктер меңгеріп, солардың байланысынан 
толықтауыштық жəне пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері 
жасалады. Шығыс жалғаулы есімдерді (көбінесе зат есімдер мен 
есімдіктерді) меңгеретін етістіктер, негізінде, мыналар: шығу, 
шығару, қайту, қайтару, келу, келтіру, түсу, түсіру, жүру, қозғау, 
қарау, қарату, тастау, алу, алдыру, көріну, көрсету, оқу, үйрену, 


619
Қазіргі қазақ тілі
өту, өткізу, қорқу, озу, оздыру, таю, тайдыру, туу, тану, секіру, 
асу, (таудан асу), тарау, ұшу, тоқу, істеу, тігу (барқыттан тігу), 
салу (тастан салу), қалу, пісіру, орнату (тастан орнату), соғу, қарғу, 
сұрану, т.б. Бұлардың көбі қ и м ы л (мысалы: тастау, шығару, 
тарау, тоқу) жəне қ а б ы л д а у (мысалы: көру, қорқу, қарау, 
үйрену) мəнді етістіктер.
Меңгеретін етістіктер осылардай əртүрлі мағынада жұмса-
латындықтан, олармен шығыс жалғауда тұрып сөз тіркесін құ-
райтын сөздер де əр алуан болады. Олардың тіркесінен түрлі-
түрлі мағыналық қатынастағы сөз тіркестері жасалады: Мысалы, 
шығу етістігімен тіркесетін зат есімдер үйден (шығу), тоғайдан 
(шығу), көліктен (шығу) сияқтылар. Көрсету етістігімен тіркесе 
алатын зат есімдер – алыстан (көрсету), терезеден (көрсету) 
сияқтылар. Бұлар – пысықтауыштық қатынаста тұрып, мекендік 
мағынада жұмсалған сөз тіркестері. Ал жіптен тоқу, барқыттан 
тігу, (қораны) қамыстан салу тəрізді тіркестер толықтауыштық 
қатынаста тұрып, іске қатысты заттың материалдық тегін біл-
діреді.
Т о л ы қ т а у ы ш т ы қ қызметте жұмсалатын шығыс жалғау-
лы сөз тіркестерінің мағыналары, негізінде, мынандай болады:
1. Заттың басқа заттан і с т е л у т е г і н білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет