98
Күрделі сөз тіркестері
Күрделi сын есiмдердiң жасалуына А. Ысқақов кеңiрек тоқ-
талған.
Күрделi сын есiмдер негiзгi сындардан да, туынды сын дар-
дан да, олардың өздi-өзiнiң де, өзге сөздермен де тipкecyi,
қайталануы, қосарлануы, apa-кiдік
бiрiгуі арқылы жасалып, бiр
бүтiн күрделi тұлға ретiнде қызмет етедi.
Қазiргi қазақ тiлiндегi күрделi сын есiмдердiң негiзгi үлгi-
лерi төмендегiдей:
1. Сапалық (нeгiзгi) сын есiмдер бiрiмен-бiрi тipкecедi. Бұл
топқа
қapa ала, көк ала, сары ала, сұр ала, шұбар ала, қызыл ала
деген үлгi бойынша жасалатын, демек алғашқы компонентi өз-
герiп тiркесетiн сындар да
қapa көк, қapa сұр, қapa торы, қapa
күpeң деген үлгi бойынша, демек, алғашқы компонентi ауыспай
жасалатын eкi компонентi күрделi сын есiмдер де жатады.
Бұл топқа eнeтін күрделi сын есiмдер жалаң сапалық сын-
дар сияқты шырай формаларында да жұмсала бередi. Мыса-
лы: Абайдың
aқ сұр жүзi аппақ сұр боп,
өзгеше оңып өзгерген-
дей (М. Əуезов)
. Аспанда сирек-сирек ұсақ
ала бұлттар бар
едi (С. Сарғасқаев).
2. Бiрыңғай я негiзгi (сапалық), я туынды (қатыстық) сындар
не қайталанады, не қосарланады. Мысалы: Жан-жақтың бəрiн
үлкен-үлкен құрылыстар қаптап кеткен (С. Ерубаев).
3. Негiзгi сынмен
-лы (-лi... ) формасы тipкeceдi. Мысалы: Ол
кең
маңдайлы,
шоқша сақалды тік қарайтын адам екен (F. Мү-
сірепов).
4. Зат eciм, сын eciм, есiмдiк, есiмше формалар мен
-лы,
-лi ... формалы туынды сын eciм тiркеседi. Мысалы:
Ақ көйлек-
тiң сыртынан киген желеткенiң төсiнде
алтын баулы сағат көрi-
недi (М. Əуезов).
Осы топқа
төрт бұрышты, қоc атты, сыңар aяқты, бiлмеген
тəрiздi сияқты тipкecтep де енедi. Сонымен қатар
ақ көңiл, ақ
жүрек, аш көз, ақ nейiл, жеңiл ауыз, сүмбiл шаш, бота көз, қарға
тұяқ, қаз мойын тəрiздi
тұpақты жəне тұрақсыз тiркестерден де
қажетiне қарай
-лы, -лi, -ды, -дi, -ты, -тi жұрнағы арқылы күрделi
сын есiмдер жасала бередi. Мысалы:
Кең маңдайлы, қыр мұрын
бота көздi,
Tүpiмeн ұқтырғандай айтпақ сөздi.
99
Күрделі сөз тіркестері
5. Зат eciм, сан eciмдepмeн
-лық, -лiк, -дық, -дiк, -тық, -тiк
формалы сын eciмдep тiркесiп, күрделi сын жасалады. Мысалы:
ауыл шаруашылық, халық шаруашылық, бесжылдық, т.б. тұрақты
тipкecтepдeн де осы жұрнақ арқылы күрделi сын eciм жасалды.
Мысалы:
көңiл көтерерлiк, түс шайысарлық, күн көрерлiк, т.б.
6. Я eкi компонентi де бiрдей не
-лық, -лiк жұрнағы арқылы
бiр компонентi
и жұрнағы арқылы жасалған туынды сын eciмдep
қосарланады, я
алғашқы компонентi зат eciм, соңғы компонентi
-лық, -лiк... жұрнағы арқылы жасалған туынды сын eciмдep
қосарланады. Мысалы:
əскерu-саясu (кадрлар),
ғылымu-əдебu
(мұра),
кəсinтiк- техникалық (бiлiм),
хuмuялық-фuзuкалық (ма-
мандық).
7. Я eкi компонентi де бipдей
-лы, -лi жұрнағы арқылы жа-
салған
туынды сын eciмдep қосарланады, я бiр компонентi
-лы,
Достарыңызбен бөлісу: