130
Күрделі сөз тіркестері
қы сыңардың күрделi, кейде екi сыңа рының да күрделi түpi деп
қарастыру керек сияқты.
Бағыныңқы сыңарларының күрделену тəсілі.
І. а) Бағыныңқы сыңары зат eciмдi матасу. Бағыныңқы сыңа-
ры зат есiмдi матаса байланысқан сөз тiркесте piнің өзiн бiр-
неше iлiк жалғаулы зат есiмдi жəне аралас зат есiмдi деп бө-
лiп қарастырамыз. Бiрнеше iлiк
жалғаулы немесе сатылана ба-
ғыныңқылы зат есiмдi сөз тiркестерiндегi iлiк жалғаулы сөздер
кемiнде eкi немесе одан да көп болып, бiрiмен-бiрi сатылана
байланысады: Абай жасқа толы көзiмен
Жиреншенің торы
қасқа
атының басы мұның үзеңгілiк тұсына келiп қалғанын көрдi де,
тебiнiп қап шаба жөнелдi (М. Əуезов). Серғазы деген не сөз,
қыз
бен жiгiттiң бозбалашылығының тeтiгi осында ма eдi? – деп
Сəрсенбай да ереуiлдедi (С. Көбеев).
Ерте
заманның ғашықтарының көбi қocылa
алмай құса боп,
бiреулерi қайғыдан əлек боп, бiреулерi шиеле нiскен бейнетпен
əрең қосылысып жүредi ғой (С. Мұқанов). Оның бiр себебi
ағасы
Бекмағамбет xaнның 12 биiнiң 6ipi болуы да, екiншiсi, үздiк
ақындық қабiлетiнiң болуы (Қ. Жұмаділов). Егер
партиялық-
мемлекеттiк бақылау комитeтінің өкiлдерi жеде-қабыл келiп
қалмағанда, бұл да жылы бүркеле салатын едi, олар машиналардың
бөл шектерiнiң тоналып, талапайға түcкeнін анықтады («Ара»).
Əрине,
Владимир Сергеевич СССР Министрлігiнің орынбаса-
рының баласы, ал мeнiмeн есептеспеуге болады (В. Анишкина).
ə) Аты мен фамилиясының бiрге келiп, iлiк жалғауында тұ-
руы арқылы жасалады:
Шəмшия Игiлiко ваның өлең
шығаратын
қабiлетi де бар көрiнедi («Қазақстан əйелдері»).
б) Адам aты мен iлiк жалғаулы сөздiң қабысуы арқылы жа-
салады. Мысалы,
Ербол aғайдың Абай өлеңiне түciнік жасауы
бiздiң ешқайсымыздың ойымызға кел меген үлкен жұмыс (Ə. Нұр-
шайықов). Бұл –
Сардара өмipiнің сырлы шежiресi (Газеттен).
в) Күрделi мекеме аттарының iлiк жалғауда келуi арқылы жа-
салады. Мысалы: Отыз үшiншi жылдың аяғында Бейiмбет екеумiз
Казиздаттан бiрге босандық: ол таза жазу жағына босанды да, мен
əуелi
Оқу Комиссариатының көркемөнер секретарына, кейiнiрек
«Еңбекшi қазақ» газетiне ауыстым (Ғ. Мүсірепов).
Моңғол Халық
Достарыңызбен бөлісу: