Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет69/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   332
жақын, тарта, тaқay сияқты сөздердiң қатысы арқылы жаса-
латындығын, ондай кезде олар бiр күрделi мүше ретiнде сан есiмдi 
меңгере жұм салатындығын дұрыс көрсетедi. Ал басқа авторлар-
да бұл жағы, яғни меңгерiле байланысатындығы еленбейдi.
Екiншiден, сол еңбектерде ондай тipкecтi сөздердiң синтак-
систiк қызметi де еленбейдi, тек сан eciм туралы еңбек жазған 
Ə. Хасенов ондай тiркестi сөздердiң синтак систiк қызметiн анық-
тауыш деп көрсетеді [109, 83-86].
Жуық шылауы негiзiнде сан есiмдердiң тек барыс сеп тiгiнде 
ғана тұруын қажет етедi. Ондай кезде сан ecімдер дара, күрделi, 
қосарлы түрде жұмсалады да оған жуық шылауы түйдектелiп, 
есiмдi шылаулы меңгеру жасалады. Мысалы: Қазiр алnысқа жуық 
жiгiттер мен қыздар «Комсомолдық кепiлдеме» жарысының же-
ңiмпазы атанып жүр («Лениншіл жас»). Қазiр мұнда осы заманның 
eкi мыңға жуық мəдениет үйлерi мен клубтары, үш мыңға жуық 


143
Күрделі сөз тіркестері
кiтапхана бар («Социалистік Қазақстан»). Жұмысшы Ə. Əлтаев, 
сов хоз бухгалтерi С. Керiмбаев, бас агроном Т. Сүлейменов, бас 
бухгалтер Ж. Досанов 6О-70-ке жуық кiтanтaн алып оқиды 
(«Қазақстан əйелдері»). 
Сол сияқты жуық шылауы таза сан есiмдермен бiрге барыс 
септiктi сан есiмдерге түрлi нумеративтi сөздердiң тіркecyi ар-
қылы да түйдектi тipкec құрайды. Мысалы: Елiмiзге жыл сайын 
110 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берi-
ледi. 11 миллион азамат жаңа пəтер алады («Жетicу»).
Жуық шылауы есiмдi сөз тiркестерде анықтауыштық қа-
тынаста жұмсалып, заттың сандық мөлшерiн бiлдiре дi. Ондай 
тipкecтi сөздердiң басыңқы сыңары көбiне зат eciмдepдeн, кейде 
сын есiмдерден болады. Мысалы: 1,5 мuллионға жуық əйел «Ана 
даңқы» ордендерiмен жəне «Ана медалi» медальдарымен наград-
талды («Жетicy»). Айнала аппақ қар, аяз алnыс градусқа жуық 
суық (Ə. Нұршайықов). 
Астам шылауы негiзiнде шығыс септiктегi есiмдермен тiр-
кеседi. Ондай кезде сан есiмдер дара жане күрделi болып келедi. 
Мысалы: Совхозымызда жетniстен астам механизатор Ленин, 
Еңбек Қызыл Ту ордендерiмен, медальдармен наградталған 
(«Қазақстан мұғалiмi»). Февраль мен мартта дивизия екі жүз елу-
ден астам ел мекенін жаудан тазартып, дұшпанның бес мыңнан 
астам солда ты мен офицерлерiн, 20 тaнкiciн, мыңдай автома-
шинасын, жүздеген зеңбiректерi мен пулеметтерiн жойды (Ə. Нұр-
шайықов).
Сонымен бiрге астам шылауы сан есiмдерге нумера тивтi 
сөздердiң тipкecyi арқылы да түйдектi тipкec құ райды. Мысалы: 
Биылғы жетiстiгiмiздiң ең зоры – Отан қоймасына бiр миллиард 
nұттан астам алтын дəн құйғанымыз («Қазақстан əйелдері»). 
Хоми бағытына шабуыл жасай отырып, дивизия жаумен жаға-
ласқан ұрыс үстiн де eкi жүз километрден астам жол жүрдi 
(Ə. Нұршайықов). Еш дамылсыз, қос аттарын ауыстырып мiнiп 
жортқан бойда түн ортасына дейiн жүз шақырымнaн астам жол 
жүрiп, жан-жағын шоңғал төбелер көмкерген жалпақ жазықтан 
кеп шықты (Ə. Нұршайықов). 
Астам шылауы есiмдi түйдектi тiркестердiң бағыныңқы сы-
ңарлары тек шығыс жалғаулы caн eciм болады да, олар анық-


144
Күрделі сөз тіркестері
тауыштық қaтынaста жұмсалып, заттың сандық мөлшерiн бiл-
дiредi. Бұл тiркестегi сөздердiң басыңқы сыңары көбiне зат eciм, 
кейде үстеу сөздерi болады. 
Кейде ондай шылаулы сөздерге көмекшi етiстiктердің тобы 
тiркесу арқылы тобымен толықтауыш қызметiнде eтicтіктi сөз 
тipкеciн құрайды. Мысалы: Мұның iрiлiгiн түciну үшiн тек қaнa 
дəндi дақылдар егic көлемiнiң 25 миллион гектардан астам eкe-
нін еске алудың өзi жеткiлiктi («Лениншіл жас»).
Таяу шылауы барыс жалғаулы дара жəне күрделi сан есiмдер-
мен тiркеседi. Мысалы: Eкi жүзге таяу адам күн дiк жерге дейiн 
желе жортып пəуескенiң соңынан ерiп отырады да, бiртiндеп 
қала бердi (З. Ақышев). Таяу шылауы ның басқа шылауларға 
қарағанда бiр өзгешелiгi – бұл сөз тек сан eciммeн ғана емес, зат 
eciм, есімдiктермен де тіркесiп, анықтауыш қызметiнде жұм-
салады. Ондай кез де зат есiмдер дара жəне күрделi болып та 
кeлeдi. Мы салы: Кенже eкi жүз жiгiтiмен тар тордың iшiмен атын 
жетектеп кеп, зеңбiректерге таяу жерде отырған. Кенже батыр 
қала шетiнде қоpғaнғa таяу жердегi сарбаздарға қарай жүрдi. 
Ақсақ бақташы Орақбай қapтқa таяу орынға келген (Ə. Əбі-
шев). Жiгiттердi лаулаған оттардың бiрiне таяу жерге əкел-
ген (Ə. Əбішев). 
Сонда таяу шылаулы сан есiмдер де басқа топтағылары 
сияқты анықтауыш қызметiнде жұмсалады: Ал келесi бiр жерден 
жаудың бес жүзге таяу қолының дəл қарсы алдынан, «Мені 
көрдiң бе» деп қыр көрсеткендей болып, орын тептi (Ə. Əбішев).
Сонымен, таяу шылаулы есiмдi түйдектi тiркестердiң бағы-
ныңқы сыңары тек барыс жалғаулы зат eciм, сан eciм, есiмдiктен 
жасалады да, басыңқы сыңары зат eciм болады. 
Аса шылауы негiзiнде сан есiмдердiң тек шығыс септiгiндe 
тұруын ғана қажет етедi. Ол кезде сан есiмдер дара жəне күрделi 
түрде жұмсалады: Сыймаған адамдар eciктi ашып қойып, сырт-
тан тыңдап тұрды. Өйткенi жүзден аса адам шағын колхоздың 
кiшкентай ғана кеңсесiне қайдан сыйсын (Ə. Нұршайықов). Қазiр 
бiр мың eкi жүзден аса көжек пен үш жүзден аса ipi қоянды ба-
ғып-күту жұмысы ойдағыдай жүргiзiлуде («Социалистік Қазақ-
стан»). 
Аса шылауы таза сан есiмдермен бiрге шығыс септiктi сан 
есiмгe нумеративтi сөздердiң тipкecyi арқылы да тipкec құрайды. 


145
Күрделі сөз тіркестері
Мысалы: Армияның қорғаныс шебi Холмнан Великие Лукиге 
дейiн бiр жүз жиырма кило метрден аса жерге созылып жатты 
(Ə. Нұршайықов). Өткен шешушi жылда совхоз диқандары Отан 
қоймасына жүз мың центнерден аса астық құйып, жылдық халық 
шаруа шылығы жоспарын бiр жарым есе орындады («Социалистік 
Қазақстан»). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет