Талғат сайрамбаев


Де көмекшi eтicтiгi негiзiнде сөйлемнiң iшiнде көптеген сөз  таптарымен түйдектелiп жұмсалуға бейiм. Əcipece, сол сөз таптарының iшiнде де



Pdf көрінісі
бет59/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Де көмекшi eтicтiгi негiзiнде сөйлемнiң iшiнде көптеген сөз 
таптарымен түйдектелiп жұмсалуға бейiм.
Əcipece, сол сөз таптарының iшiнде де көмекшi eтicтiгі зат 
есiмдермен көп жұмсалады. Зат есiмдердiң өзi жалқы, жалпы, 
деректi, дерексiз зат есiмдерi болып бөлiнетiндiгi белгiлi. Сол 
сияқты зат есiмдер көптiк, септiк, тəуелдiк жəне жiктiк формасын-
да да жұмсала беретiндiгi айқын. 
Де көмекшi eтicтiгi сол зат есiмнiң сол тұлғалы формалары-
ның бəрiмен де түйдектi тipкec құрай алады: Есқара деген, Иран 
бақ деген, Ермек Жұманов деген. 
Miнe, осы формалы жалқы eciмi түрлерiмен бірге «Көкем-ай» 
деген əн сияқты формалары да кездесе бередi. Əcipece жалқы 
eciмдepгe қapaғaндa жалпы есiмдермен кiсiлiк деген сөз, шофер 
деген халық, орыс, қазақ деген достық, «революция» деген сөз, ға-
шықтық iзi дeгeн осы сияқты зат есiмдермен, кейде басқа да 
сөз таптарымен тipкeci жиi кездеседi. Тiптi кейде: Бұл – И.К. 
дейтiн белгiлi проходчик (F. Сланов) – дегенде де есiмше фор-
масы қысқарған сөздердiң өзiмен де түйдектелiп, анықтауыштық 
қатынастары сөз тipкecтepiн жасайды. 
Де есiмше формалы көмекшi eтicтік өзi анықтауыш тық қыз-
метте жұмсалатын сын есiмдермен де түйдектi тiркес құрап, ең 
таңдаулы деген дүниелер, жақсы деген бала, кедей деген жiгiт, 
орташа деген баға сияқты айты лу да кездеседi. Бұл жерде əpi то-
лық мағыналы сөздерi мiздiң өзi де анықтауыш жəне оған көмек-
шi қызметте жұмсалатын көмекшi де етістiгiмiз де анықтауыш 
қызметiнде жұмсалады. Осы сияқты құбылыс сан eciм, eciмдiк, 
одағай, елiктеуiш сөздермен де келе бередi. Бұл сөз таптарының 
iшiнде көбiне өзара қабыса байланысқанда ры, яғни А ... а ойбай 
деген дауыс, əй дейтiн əже, қой дейтін қожа, өзіңіз деген сұрау, 
сен деген сөз, бұлaрға де ген тiлеулестiк, оған деген құштарлық 


126
Күрделі сөз тіркестері
сияқты септiк жалғаулы есiмдiктермен де қосақталып жұмсала 
бередi. Олай болса деген көмекшi eтicтiгi тек зат eciм ғана емес, 
барлық сөз таптарымен түйдектi тipкec құрай келiп, күр делi сөз 
тipкeciн жасауға мол қатысады. Сонымен қатар е көмекшi eтicтiгi 
де кейде қабыса байланысқан есiмдi сөз тipкeciн жасайды. Мысалы, 
Түн қараңғылығы жалт еткен жарықты тездетiп, жалмауыздай 
басып қалады. Анда-санда жалт-жұлт еткен жұлдызын ғана 
көрiп қа лам (С. Əмipeнов). Сол күйде бiр азғантай отырған соң, бiр 
мезгiлде əлгi тырс еткен дыбыс тағы шықты (М. Əуезов) – деген 
мысалдарда жалт, тарс, жалт-жұлт елiктеуiш сөз дері жарық, 
дыбыс, жұлдыз зат есiмдерiмен өзара тiркесе aлуғa тиicтi емес. 
Бiр-бiрiмен тipкecкeн е көмекшi eтістігінің есiмше формасында 
қабыса байланысқан анықтауыштық қатынастары негізінде есiмдi 
сөз тipкeci жасалып отыр. Бұлайша жасалған сөз тipкecтepi сирек 
кездеседi. Жоғарыда келтiрiлген мысалдарға қарағанда де көмек-
шi eтicтікті түйдектi тipкecтep көбiне дара сөз таптары арқылы 
жасалынған. Тiл фактiлерiне қарағанда мұндай де есiмше форма-
лы бағыныңқы сыңарлары журналист болуым керек деген ой... 
Шоқан Айжанды ала қояды де ген ой... қaйдaн келдi?! Неге келдi?! 
деген ой ... Болды ғой, eндi қойсаңдаршы деген белгi... Ахат ба-
рып қайтсын деген шешiм. Қолыңа пepiштe күйiндe тапсы-
рам деген уəде... Орта мeктeптің aқырғы класына көштi деген 
aнықт ама дегендей күрделi сөздер тобымен де келiп жұмсал-
ады. Tipi болсам расында да журналист болуым керек деген ой 
мeнің басыма сонда ұялаған еді (Ə. Нұршайықов). Болды ғой, 
eндi қойсаңдаршы деген белгi берiп, алаңға қарай ол қол сiлтейдi 
(Б. Майлин) – деген сөйлемдердегi журналuст болуым керек
болды ғой, eндi қойсаңдаршы де гендер – өзiндiк сөйлем. Бұларды 
құрмалас сөйлемдердiң не бағыныңқы, не басыңқы сыңары десе 
де немесе өз алдына тиянақты ойды бiлдiретiн жай сөйлем десе 
де болғандай. Бiрақ дəл осы тобымен сөйлем мүшесi жағы нан 
да, сөз тipкeci жағынан да бiр-ақ сыңарда қолданы лып, контекс-
те есiмшенiң көмeгiмeн анықтауыштық қатынастағы сөздер 
тобы болып шығады. Сөйтіп сол тобы мен ой, белгi, шешiм, уəде, 
анықтама жəне үміт зат есiмдерiмен қабыса байланысқан күр-
делi сөз тipкecтepiн құрайды. Сoнымен де есiмше формалы кө-
мекшi eтicтіктер – күрделi сөз тipкeciн жасаудың тəсiлi. 


127
Күрделі сөз тіркестері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет