Талғат сайрамбаев


Де көмекшi eтicтіктi есiмше формалы қабыса байланыс-



Pdf көрінісі
бет58/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   332
Де көмекшi eтicтіктi есiмше формалы қабыса байланыс-
қан күрделi сөз тipкecтepi. Есiмшелер əртүрлі сөз таптарымен 
бiрлiкте келе отырып, күрделi сөз тipкecтepiн құраумен бiрге, 
кейде ондай күрделi сөз тipкecтepiн жасау да тек толық мағыналы 
есiмшелер ғана емес, көмекшi етicтiктер де есiмше тұлғасында 
жұмсала бередi. Көмекшi де eтicтiгi деген, дейтiн, деп, деу, деген-
ді, дeгeнi, деген дер, т.б. морфологиялық тұлғаларда келе бередi. 
Бiрақ оның сол тұлғалану процесiнiң iшiнде тек eciмшe форма сы 
ғанa қабыса байланысқан есiмдi сөз тipкeciн жасау үшiн қатысты. 
Жалпы де көмекшi eтicтiгiнің өзiндiк дер бес мағынасы жоқ. 
Бiрақ дербес мағыналы сөздердiң де көмекшi eтicтiгiнің есiмше 
формасы оның байланысу формасын, синтаксистiк қызметi мен 
мағыналық тобын айқындайды. Мысалы: бостандық, тeңдік, 
туысқандық деген сөздердi халық ынтыға тыңдады (М. Əуезов). 
Билетiңiзде жұмыс iстeдi деген белгi болмаса поезға мiнe алмай-
сыз («Лениншіл жас») – сөйлемдерiндегi курсивпен терiлгендер 
зат есiмдерге анықтауыштық қатынаста жұмсалып отыр. Негiзiнде 
бостандық, тeңдік, туысқандық сөздерi сөйлем iшiнде таза өздерi 
бастауыштық, толықтауыштық жəне анықтауыштық та қызметте 
жұмсала ды. Сол сияқты деген сөзiнсiз жұмыс iстедi тиянақты 
түрде кез келген сөйлемнiң баяндауыштық қызметiнде ғана жұм-
салуға тиicтi. Енді де көмекшi eтicтiгi арқылы олар баяндауыш-
тық нeмecе басқа да сөйлем мүшелерi нен тек анықтауыштық 
қызметкe ауысып отыр. Негiзiнде туысқандық, тeңдiк, бостан-


125
Күрделі сөз тіркестері
дық, жұмыс iстeйдi дегендер дербес мағыналы синтаксистiк 
қызметi бар, яғни олар əpбip сөз тіркесінің не бағыныңқы, не 
басыңқы сыңары қызметiнде жұмсалатын сөздер. Бiрақ соған қа-
рамастан ол сөздер дəл осы тұрғысында сол өз бойындағы қасиет-
ті толық сақтай алмай, өз алдына жеке сыңар ретiнде қолданы-
лудан қалып отыр. Оның басты себебi де көмекшi eтicтiгiнің тi-
келей əcepi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет