Талғат сайрамбаев


І. Бағыныңқы сыңарлары күрделi eciмдi сөз тіркестe pi



Pdf көрінісі
бет65/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   332
І. Бағыныңқы сыңарлары күрделi eciмдi сөз тіркестe pi 
1. Бағыныңқы сыңары барыс жалғаулы күрделi сөз тipкecтepi-
нің төмендегiдей түрлерi бар:
а) Бағыныңқы сыңары зат есiмдi сөз тipкecтepi. Септік жал-
ғауының ашық жəне жасырын түрiндегi зат eciмдер мен зат eciм-
нің тipкeci арқылы жасалады. Мысалы, Терiскейлiктердiң үрдiсiне 
Нұсқабаев бұрыннан қанық. Бұл аймақтың аумағы Бельгuяның 
көлемiне пара-пар (Т. Əлімқұлов). Орман ішi əскерu адамдарға 
толы. Тарих, пəлсапа, көркем əдебuетке жетiк (Ə. Нұршайықов).
ə) Сын eciм мен барыс жалғаулы зат eciмнің тipкeci арқылы 
жасалады. Мысалы: Kүнінe бiр рет ботқа, баланың қалыпты өcyi-
нe кepeктi витаминдерге бай қара нан жеген дұрыс («Қазақ 
əдебиеті»). Атаның жаман ұлы малға ортақ. 
б) Сан есiм мен зат eciмнің тipкeci арқылы жасала ды: Яғни жүз 
алпыс Epтіскe тең. Америка Құрама Штаттарындағы су қорынан 
2,5 есе көп («Жұлдыз»).
в) Есiмдiк пен барыс жалғаулы зат eciмнің тipкeci арқылы жа-
салады: Жаным қас мұндай қатындapғa (М. Шолохов). Шөп ол 
жерге өте зəру (Ə. Нұрпейісов). Өзен жиегi құба тал мен қызыл 
шiлiкке көсенiң сақалындай кемтар болғанымен, оның есесiне сая-
сы салқын, тораңғысы мол (А. Хангелдин). Жүгерi сол малға азық, 
ұқтың ба? – дедi Иван Митрофанович (Т.Ахтанов).
г) Қосарлы зат eciм мен зат eciм тiркесiп келедi: Оның өлең-
дерi қимыл-қозғалысқа, өзгерiс-құбылысқа, сан сиқырлы құбыл-
малы болуға толы («Қазақ əдебиеті»). Ағайын-жекжатыңа да 
араласымы мол (С. Шаймерденов).
ғ) Бағыныңқы сыңары iлiк жалғаулы зат eciм мен есiмдi күр-
делi cөз тipкecтepiнeн жасалады: «Өз үлесiн» алып қалуға дайын 
отырған көршiлестерiмiз болғаны жұрттың бəрiне тəн (Ə. Нұр-
пейісов).
д) Бағыныңқы сыңары барыс жалғаулы eтicтіктi күр делi 
сөз тipкecтepi арқылы жасалады. Етicтiктердiң iшiн де барыс 
жалғауында жұмсалатындары негiзiнде қимыл eciмi мен есiмше. 
Күрделену үшiн қосылатын оларға қосымша дəнекерлер көп, 
аз кездесетiн сын есiмдер, септiк жалғаулы сөздер, көсемше 


138
Күрделі сөз тіркестері
ондай eтicтіктepмeн бiрлiкте алынып, сол тобымен күрделi 
бағыныңқы сыңары жаса лады: Художник неғұрлым көп бiлуге 
мiндеттi (М. Ғабдуллин). Үшеуiнiң боранда жүргенiне үш 
сағат (Ə. Нұрпейісов). Махамбеттiң жалғыз үй отырғанына үш 
айдың жүзi (Т. Əлімқұлов). Дə мен кештiң осылай басталғанына 
риза (З. Шүкіров). Ол… бүгiн ауылға жететiн күнi үлкендер-
дi ерiксiз қатты жүргiзудiң айласын тaпқанына дəн риза 
(М. Əуезов). Мектеп өнерпазда ры тұңғыш рет өз өнерлерiн 
колхозшы туысқандарына көpceтiп байқауға қызу əзiрлік үстiн-
де (А. Байтанаев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет