Талғат сайрамбаев


Аса шылаулы есiмдi сөз тiркесiнiң басыңқы сыңары көбiне  зат eciм болады.  Артық



Pdf көрінісі
бет70/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

    Бұл бет үшін навигация:
  • Тарта
Аса шылаулы есiмдi сөз тiркесiнiң басыңқы сыңары көбiне 
зат eciм болады. 
Артық шылауы шығыс жалғаулы зат eciм жəне eciм дiктердi 
меңгередi, кейде жатыс ceптіктeгi есiмдiктерге де тiркеседi. Ба-
ғыныңқы сыңарлары дара да, күрделi де, қосарлы да болып келедi. 
Мысалы: Жұртшылықты еңбекке жұмылдыруда, оларға идеялық-
эстетикалық тəpбие беруде əдебиетшi-педагогтан артық қандай 
мамандық бар (Қ. Жұмадiлов). Tүciнгeнгe бұдан артық таба, 
бұдан apтық қасiрет бар ма? («Жалын»). 
Сол сияқты артық шылауы сан есiмдермен тiркеседi. Артық 
шылауы арқылы жасалған тiркестердiң басыңқы сыңары зат eciм, 
кейде есiмдiк болады. Мысалы: Өзiме денсаулық, табыс, семья-
ма бақыт тiледi. Маған одан артық не керек деп Қaсым тағы да 
қарқылдай күлiп, күректей eкi алақанын жайған (Ə. Нұршайықов). 
Менен артық қандай нағашы керек саған? (З. Ақышев). 
Тарта шылауы негiзiнде сан есiмдердiң тек барыс септiгiнде 
тұруын қажет етедi. Ондай кезде сан есiмдер дара жəне күрделi 
түрде де барыс септiгiнде болады да, оған тарта шылауы түй-
дектелiп, есiмдi шылаулы меңгеру жасалады. Мысалы: Диви-
зиямыз жаудың жиырма бес зеңбiрегiн, бес минометiн, отыз бес 
тaнкiсiн жойып, мыңғa тарта нeмic солдаттары мен офицерле-
рiн құртты (Ə. Нұршайықов). Ол жаққа екi-үш жүзге тарта 
жiгiт кетiп едi (Абай). Қызылағаш елiндегi бес жүзге тарта жыл-
қысы, мың жарымға тарта қойы бар «Сегiз таспа Сартпай» де-
ген осы (З. Ақышев). 
Cонымен, тарта шылаулы тiркестiң бағыныңқы сыңа ры тек 
барыс септiгiндегi сан eciм болады да, басыңқы сыңары үнемi 
зат eciм болып келедi. Тарта шылаулы тip кес анықтауыштық 
қатынаста жұмсалады. 
Тақау шылауы барыс жалғауында тұрған зат eciм, сан eciм
мекен үстеуге тiркеседi. Ондай жағдайда тipкec тiң бағыныңқы 


146
Күрделі сөз тіркестері
сыңары дара да, күрделi де, басыңқы сыңарлары үнeмi зат eciмнeн 
болып келедi. Мысалы, Же тi-сегiз қызметкер орналасқан аядай 
ғана бөлмеде оты рып, қалғып-мүлгiгеннен гөpi, eкi жүзге тaқay 
адам жи налған жəне тұс-тұсынан дабырласып сөйлесiп жатқан 
жерде көз шырымын алу ыңғайлы-ақ («Жалын»). Са тыр-сұтыр 
бiрдеңелер бiздің жанымызға тaқay жерде ақ қарға сүңгiп жатты 
(Ə. Нұршайықов). Жол жиегiне тақау жер де бомбаның жарық-
шағы шарпи қоймай қaлғaн аласа қарағаш алыстан көзге түсе-
дi (З. Жəкенов).
Ондай шылаулы есiмдi тiркестердiң басыңқы сыңары зат eciм, 
сын eciм, үстеуден болады. Ол кезде сөз таптары дара да, күpдeлi 
де жұмсала бередi. Жалпы алғанда, оңға жуық бала, жүзден 
астам адам, үш жүзге таяу мал дегендегi бағыныңқы oңғa жуық, 
жүзден аса, үш жүзге таяу түйдектi тipкecтepi бала, адам, мал 
сөздерiмен меңгерiле байланысқан. 
Əдетте, меңгерiле байланысқан үйге дeйiн барды, ор манғa ше-
йiн жеттiк, кiтaпқa құмap дегендегi бағыныңқы сыңарлары 
əpi толықтауыштық, əpi пысықтауыштық қызметте жұмсалатын. 
Сондықтан да осы уақытқа дейiн гi еңбектерде ондай тұлғалы 
тiркестердi не толықтауыш, не пысықтауыш деп қана танитын 
болсақ, жоғарыдағы есiмдi шылаулы меңгерудiң синтаксистiк 
қызметiне келгенде, ол принцип келе бермейдi. Осы уақытқа 
дейінгi еңбектерде ондай тipкeстi сөздердiң синтаксистiк қызметi 
сөз етiлмейдi. Тұлғасы жағынан келмегенмен, шынында, он-
дай түйдектi тipкeстi сөздерге меңгерiле байланысқан тұлғадағы 
сұрақтapды, яғни қайда? неде? кiмдe? сұрау ларын қоя алмай-
мыз. Олар қаншалықты шылаулы меңгерiле байланысқан сөз 
тipкeстеpiн құрағанымен, қан ша? деген сұрауға жауап береді. Тек 
осы ерекшелiгiне қарай, ондай шылаулы меңгерудi анықтауыш-
тық қаты настағы есiмдi шылаулы меңгеру деген дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет