Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет88/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   332
    Бұл бет үшін навигация:
  • Қарай
жабығына, күн-түнiне де қарамайды, кейде тайдай тал түcтe неше 
жылғы ту биелерiңдi алып ұрып жəукемдеп, жылқышылар қиқу-
ды салып қуғанша нағыз шиманды үлпершек майын қалпынша 
қылғытып тайып отырады (С. Жиренов). 
10. Бағыныңқы сыңары барыс жалғаулы сөздер зат есiмдер-
ден бacқa да сөздер бола бередi: Мен жаңа аңдаппын, анық сен 
екеумiзге бейiм сөз мынада екен ғой, сен дұрыс аңдапсың! – дедi 
(М. Əуезов). – Əрине, қос тiгудi Арман eкeyiңe жүктедiм (Ə. Сəр-
сенбаев). Осындағы сен екеуiмiзге, Арман екеуіңе барыс жалғаулы 
есiмдiк пен сан eciм, зат eciм мен есiмдiктер аңдау, жүктеу 
етicтiктерiмен өзара тiркесiп объективтi қатынаста жұмсалған.
11. Көмекшi есiмдер жиi қолданылатын сөздер. Кө мекшi есiм-
дер барыс жалғауында зат есiмдермен тipкeсiп, пысықтауыштық 
қатынаста қимыл процесiнiң мез гiлiн жəне болған орнын – мe-
кeнiн бiлдiредi: а) Бүкiл қыс бойына суық барақта aяқты бауырға 
алып, бүк түciп жатудан болған (Б. Соқпақбаев). Көмекшi есiмдер 


180
Күрделі сөз тіркестері
мұндай кезде дара зат есiмдермен де, күрделi зат есiмдермен де 
тipкесiп, күрделi бағыныңқы сыңарды тағы да күрделендiре тү-
седi. Мысалы, Олар əлгi адамның қасына барды (М. Шолохов). 
Күндiз-түнi тыным таппай сарылдап ағып жатқан кiшкентай Ал-
маты өзiнiң жанына жеткен екен (І. Есенберлин). Ал қалған 
балапандар түйе жаnырақ арасына тырп eтпей тығылып қал-
ды (Ш. Мұртаза). Шал шешiнiп, киiмдерiн iлiп болған соң көр-
nешенің үcтiнe жантайды. 
12. Eciмдep мен шылаулар тiркеседi. Барыс септiк сөздi мең-
геретiн шылаулар дейiн, шейiн, қарай, жақын, тамaн, жуық. 
Бұл шылаулар барыс жалғаулы есiмде оның iшiнде зат есiмдер-
мен тiркесiп, көбiне пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. Жал-
пы есiмдер мен шылаулардың тiркесiп жұмсалуының өзiн дара 
есiмдер мен шылаулардың тipкeci жəне күрделi есiмдердiң 
шылау лармен тipкeci деп бөлу орынды. 
Қимыл процесiнiң мезгiлi дейiн, шейiн, қарай, жақын шы-
лауларының тipкeci арқылы берiледi. 
1. Дейiн шылауының дара сөздермен тipкeci: Тана екеумiздiң 
кешке дeйiн əңгiмеден аузымыз босамады (Ə. Нұрпейісов). Бұған 
дeйiн «не icтece де өзi бiледi» – деп Ба тырбекке сенiп келген. Бiр 
бастаса көпке дeйiн тоқтамай, қызып алып сөйлей бередi («Ле-
ниншіл жас»). 
Дейiн шылауының күрделi есiмдермен тipкeci: Май данға 
аттанарға дeйiн абыржу, түннің бiр уағына дeйiн тоңу, түн 
ортасына дeйiн кuiндiрin алу, eкi күнге дeйiн шаршау, осы кезге 
дeйiн бiлмеу, бұл кезге дeйiн кездес тipмey, сағат тоғызға дeйiн 
жабылу, қара кешке дeйiн отыра беру сияқты сөз тipкecтepi-
нің бағыныңқы сыңар лары сан eciм, мезгiл мəндi сөздер жəне 
есiмшелерге кейiн, дейiн шылауы тiркесiп жұмсалып, сағат, 
күн, ай, жыл жəне жалпы ұзақ мерзiмдi уақыт өлшемiн бiлдiре-
дi: Түн ортасына дейiн жасырын бас қосқан ата-ана, туыстары 
кеп қызын киiндiрiп алды (С. Жиренов). Олардың нешеуi қыp-
ғa шығып, нешеуi шыға алмағанын мен осы күнге дeйiн бiл-
меймiн (Ғ. Мүсірепов). Сағат тоғызға дeйiн бұл үйдiң үлкен сары 
eciгi, судан шығып қалған жайынның аузына ұқсап, қайта-қайта 
ашылып, жабылумен болады (Ə. Нұршайықов). 
2. Жақын шылауының барыс жалғаулы сөздермен тipкeci 
қимылдың мезгiлiн бiлдiредi: Түске жақын Ертicкe шомылып, 


181
Күрделі сөз тіркестері
күнге күйiп, ешбiр алаңсыз жүргенiнде су жағасына бiрге оқи-
тын досы Бейсен далбалақтап келе қалды («Жалын»). 
3. Қарай шылауы барыс жалғаулы сөзбен тiркесiп, бұл да 
мезгiлдi бiлдiредi: Бiз мұнда кешке қарай келгенбiз (Б. Соқпақбаев). 
4. Шейін шылаулы барыс жалғаулы сөздер мезгiл зат есiмдi 
сөздер мен күрделi eтicтiк жəне сан eciм мен үстеу лердiң тipкeci 
арқылы түйдектi топтар құрайды. Оның өзi дара жəне күрделi 
түрiнде де келе бередi. Мысалы: Көктемге шейiн күндiз-түнi 
кiтап оқуға салынды. Бұл кез десуде, осы күн кешке шейiн Абай 
Михайловтың қасынан кете алмады (М. Əуезов). Сиырлар түске 
шейiн жайылған нан кейiн, мерзiмдi уақытында көлдiң жағасына 
жусат тық («Жалын»). 
Мекендi бiлдiретiн шылауларға қарай, дейiн, таман, шейiн 
шылаулары жатады.
1. Қарай шылауы көп қолданылатын шылаулардың бiрi. Олар 
көбiне зат eciм, кейде есiмдiктермен тipкecтe жұмсалады. Ондай 
кезде есiмдердiң өзi дара, күрделi түрде де келе бередi. Қарай 
шылаулы күрделi сөз тipкecтepi пысықтауыштық қатынаста 
қимылдың мeкeнін, бағытын бiлдiредi. 
Қарай шылауының дара есiмдермен тipкeci: Аяғын Жəнiбек-
ке қарай басып көрсiн! Tipi кетпейді – деп, ке кесiптi (М. Əуезов). 
Шолохов əңгiменi Қазақстанға қарай бұра сөйлеп отыр (F. Мү-
сірепов). Осыдан он жыл бұрын көктемде солтүстiкке, күзде 
оңтүстікке қарай Гypьeвтің үстiнeн қалың құс өтeтiн («Ара»). 
Құнанбай өз алдындағы мына бейбастақтыққа қатты ашуланып, 
Оспанды сол қолымен өзiне қарай жұлқып сүйреп алды да, жақ-
тан тартып-тартып қалды (М. Əуезов). 
Қарай шылауының күрделi есiмдермен тipкeci: Бiздiң үйге 
қарай келе жатыр, қой қора жаққа қapaй өту. Ом быдан Семей-
ге қарай келе жату, оңнaн солға қapaй жүру, жас жiгiтке қapaй 
бұрылу, ұшу aлaңынa қарай аяңдау сияқты өзара қабыса, матаса, 
меңгерiле байланысқан сөздер тобымен тipкeстe жұмсалады. Мы-
салы, Мен са бырсызданып, жаңағы жас жiгiтке қарай бұрыл-
дым (Ə. Нұрпейісов). Уəли eкi иiнiнен дем алып, жүгiре басып, 
штаб жаққа қарай дедектеп келедi (Т. Ахтанов). 
2. Дейiн шылауы да дара жəне күрделi есiмдермен тiркесiп, 
пысықтауыштық қатынаста мекендiк мағына бередi: Шыңғыс 


182
Күрделі сөз тіркестері
сыртындағы Бақанас, Байқошқарға дейiн көшiп барыспақ 
(Ж. Өмірбеков). Ауылға дейiн бiраз жер (С. Жиренов). Кейбiреулер-
дiң үйлерiне дейiн өзi хат жазып, жауынгер достарының жады-
рап жүруiне бар жанын салатын (Ə. Нұрпейісов). Қарқаралыдан 
Шыңғысқа дейiн жүретiн жол ұзақ (М. Əуезов). 
3. Таман шылауы да есiмдермен тiркесiп, мекендiк мағына 
бередi. Мысалы: Ендi тек анда-санда ғана ақы рын бiр қозғалып, 
отқa таман жылжи түседi (Ə. Сəрсенбаев). Жақып өзенге та-
ман жүрдi (F. Мұстафин). 
4. Шейiн шылауы да мекендiк мағынаны бiлдiредi: Сонау 
Жайлаудағы Байқош-қарға шейiн... көш жерде ылғи соның көк-
темі, күзеуi, қыстауы мен жайлауы (М. Əуезов). 
5. Кейде мекендiк мағынаны қарай, таман шылаулары кө-
мекшi есiмдермен де тiркесiп келiп бiлдiредi: Əйтeyip бала-шаға 
болған соң бой үйретiп, көндiгiп кетiп бара жатырмын, теңiзге 
лақтырылған бiр кесек тастың су түбiне қарай сыбдырсыз до-
малағанына ұқсап (Ə. Нұршайықов). Кенжебек бiрiншi вагонда 
едi, Айгүлдер сос тавтың алдына таман тұрған (Қ. Тоқаев). 
6. Қимыл процесiнiң өлшемiн дейiн, жуық шылаулары бiл-
дiредi: 
а) Салмақ өлшемi: Гектарынан жүз жuырма бес центнерге 
дейiн алдық («Лениншіл жас»). Жоспар бойынша əр бұзаудың 
тəулiктiк салмақ қосуын 600 грамға жеткiзу керек болса, оны 
850-900 грамға дейiн өсiрiп жүр («Социалистік Қазақстан»). 
ə) Баға өлшемi: Бiр елтiрi дүниежүзiлiк рынокта 35 сомға де-
йiн барады («Жалын»). 
б) Сандық өлшемi: Бұл репликаны залдағылар тү гелге жуық 
қайталамап па едi? (С. Шəріпов). Бесжылдық тұ сында тұрмыс 
қызметiнiң көлемi бүкiл елiмiз бойынша шамамен eкi есе, ал 
селолық жерде 3 есеге жуық артады («Социалистік Қазақстан»). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет