Талғат сайрамбаев


 Меңгеріле байланысқан етістікті күрделі сөз тіркестері



Pdf көрінісі
бет85/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

2. Меңгеріле байланысқан етістікті күрделі сөз тіркестері.
Барыс жалғаулы сөз тipкeстepi
Eтicтiктi меңгерудiң көп қолданылатын түpiнің бiрi – барыс 
септiктi меңгеру. Барыс септiгiнде жұмсалатын, бiрiншiден, есiм-
дер, екiншiден, қимыл eciмi мен есiмше, кейде үстеу сөздер де 
қолданылады. Барыс жалғаулы сөздер өзi қатысты eтicтiктepi-
мeн бiрнеше түрлi жағдайда жұмсалады: 
1) əрбiр сөз табының дара түрiнде тipкeci арқылы; 
2) əрбiр сөз табының күрделi түpi арқылы; 
3) алдында анықтауышы бар eciм сөздер арқылы; 
4) барыс жалғаулы есiмдерден кейiн шылау мен көмекшi 
есiмдердiң тipкecyi арқылы; 
5) кейде атау тұлғалы сөз бен барыс жалғаулы кө мекшi eciм, 
көмекшi етiстiктердiң тipкeci арқылы; 
6) əрбiр сөз табының қосарлы түрлерi арқылы жаса лады. 
Miнe, осы формаларда жұмсалуына қарай барыс жалғаулы сөз 
тipкecтepiнің дара жəне күрделi түрде де тipкeci айқындалады. Осы 
күнгi əдебиеттердiң барлығында да барыс жалғаулы есiмдердiң 
дара түрлерi көбiрек сөз болады да, ал олардың күрделi түрде 
жұмсалуы онша сөз бола бермейдi. Оның үстінe барыс жалғаулы 
сөздердiң етicтiкпен тipкeciнің көбiне толық мағыналы сөздер 
қатысты жағы сөз болады да, ондай кезде көмек шi сөздердiң ба-
рыс жалғаулы сөз тiркесiн жасаудағы қызметi елене бермейдi. 
Барыс жалғаулы сөздер сөйлемде толықтауыштық жəне пы-
сықтауыштық қатынаста жұмсалады. Барыс жалғаулы күрделi 
бағыныңқы сыңарлары төмендегiше жасалады:
1. а) Аты мен фамилиясы немесе аты мен əкесiнiң аты ар-
қылы толықтауыштық қатынаста объектiнi бiлдi редi: Бiз бəрiмiз 


175
Күрделі сөз тіркестері
сендердi қолдаймыз, осы көпке топырақ шашар ма eкeн, – деп 
Балқия апай Анна Ивановнаға қарайды (Ə. Сəрсенбаев). Неге 
eкeні белгiсiз, Иван Петровuчке iшi жылып жүре бердi («Қазақ 
əдебиеті»). 
ə) Атау тұлғалы зат eciм мен барыс жалғаулы зат есiмдер 
тiркесiп, объектiлiк қатынасты бiлдiредi: Мұны сы да күйеудiң 
қайын атаға көрсетер құpмeтi (Ғ. Мүсірепов). Бiз студент атау-
лыға үйлен, үйленбе деп айта алмаймыз («Лениншіл жас»). 
б) Iлiк жалғауының жасырын түрiндегi зат есiмдер мен тə-
уелдеулi барыс септiгi тiркесiп, сөз тipкeciнің күр делi сыңарын 
құрайды: Абай сұрағына аз тiксiнiп, қайта қарап, ойланып қап 
едi (М. Əуезов). Табиғат теңiзiне сыр батырып, Ойға алсам оңай 
сөзбен бəрi ұнатты. 
Осындағы Абай сұрағына, табиғат теңiзiне бағыныңқы 
сыңарлары толықтауыштық қатынаста жұмсалса, сол формадағы 
Жексен аулына, халық құлағына, сауда орындарына, Волга ағы-
сына, меңдуана алаңына сияқты тipкecтep пысықтауыштық қа-
тынаста жұмсалып, қимылдың бағытын, мeкeнiн бiлдiредi. Кейiн 
қос қара ның дабылымен, сауда орындарына соқсам шындық 
екен («Лениншіл жас»). Бiз бақша арқылы сап-сары мeңдyaнa 
алаңы на кiрдiк (С.Ерубаев). Бұлар уылдырығын шашу үшiн 
осы дан Волга ағысына өрлей отырып, сонау Саратовқа дейiн ба-
рады (Ə. Сəрсенбаев). 
в) Атау тұлғалы зат eciм мен барыс септiктi зат eciм дер тiр-
кесiп, пысықтауыштық қатынаста қимылдың меке нiн бiлдiредi: 
Ақын жүрегi мұздап, қолдары тeмip тор дан айырылып кеттi де, 
тас еденге тарс етiп құлап, сұлқ жатып қалды (F. Мүсірепов). Жа-
мал самаурынды алып, ауыз үйге жүгiрдi (Ш. Мұртаза). 
Кейде барыс жалғаулы сөздер жетегiне тағы бiр сөз дердi ала 
отырып, сол тобымен мағыналық бiрлiкте жұм салады: Сонда 
Құнанбайдың жалғыз сау көзi, оның кө терiңкi тұмсығының сол 
иығына шығып алып, сақшыдай барып, осы өңірдi қалт етпей 
күзетiп тұрған сияқтанады (М. Əуезов). Иə, Желтау, төрт тү-
лiкке жаннат eciгiн кең ашқан жер («Лениншіл жас»). Оспан 
мынау жүз аттың қорықты жеп жатқанына шыдай алмады 
(М. Əуезов). Барар жерге ешкiмнiң сiлтеуiнсiз-ақ дөп түсi-
редi («Лениншіл жас»). 


176


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет