Талғат сайрамбаев


Табыс жалғаулы сөз тipкeстepi



Pdf көрінісі
бет89/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Табыс жалғаулы сөз тipкeстepi
Табыс септiктi сөздер салт eтicтiктepмeн тығыз байланы-
сты. Олар үнeмi толықтауыштық қатынаста дара да жəне күрделi 
түрде де бағыныңқы қызметте жұмсала бередi. 
Табыс жалғаулы күрделi бағыныңқының сыңарлары негiзiн-
де мынадай жолдар арқылы жасалады:


183
Күрделі сөз тіркестері
1. Николай Тихоновты көрдiм (күрделi зат eciмнeн); 
2. Шешесiнiң сөзiн тыңдау (iлiк жалғаулы, оның ашық, не 
жасырын түрiнде есiмдермен табыс септiктi зат eciмнiң тipкeci 
арқылы); 
3. Жарыс туын желбiрету; 
4. Жарты-ақ беттейiн жазу (сын eciм мен зат eciмнiң тipкeci 
арқылы); 
5 Үш тоғызды байлау (күрделi сан есiмдер арқылы); 
6. Жай-жапсарын сұрау (қосарлы сөз таптары арқылы);
7. Үш сомды сұрау (сан eciм мен нумеративтi сөздер арқылы); 
8. Өз тiршiлiгiн icтey (есiмдiк пен зат eсiмнiң тipкeci арқылы);
9. Үйдiң сыртын əктеу (iлiк жалғауының ашық, не жасырын 
түpiндeгi зат есiм мен көмекшi eciмнiң тipкeci арқылы);
10. Күрең қасқаны босату (күрделi сын есiм арқылы);
11. Алып қайтуды ойлау (күрделi eтicтiк арқылы);
12. Aсан eкенiн бiлдiк (зат есiм мен көмекшi eтicтіктepдiң 
тipкeci арқылы).
Шайдан кейiн ол сыртқа шығып, ер-тоқымдар мен ноқта-
жүгендердi алып кiрдi («Жалын»). Ол былтыр жайлауға келiп, 
осы үйде үш күндей жатып, «Қозы Көрnеш-Баянды» жырлап 
берген (М. Əуезов). Көрсетiлген фактiлеp тамыр системасының 
қоректiк заттарды ciңipy пассивті eмec, aктuвтi eкeнiн дəлелдейдi 
(«Бiлім жəне еңбек»). Меңтай, Майра жəне мен үшеумiз Зəйкүл, 
Caқила сuяқтыларды қамқорлыққа алдық. Мен КазПИ-дiң 
əде6uет факультетiн 1935 жылы 4 июльде бiтiрдiм (Ə. Нұрша-
йықов). Қалай да Шоқанның осы келе жатуын Зейнеп пайдала-
нып не «əрiciн», не «берiciн» iстетпек (С. Мұқанов). Mен сөйтiп, 
оның отты көздерiн көре алмадым (С. Ерубаев).
Етicтiктi меңгерiле байланысатын сөз тipкecтepiнiң бағының-
қы сыңарлары барыс, табыс, жатыс, шығыс жə не көмектес жал-
ғаулы сөздер десек, барлық ғылыми-практикалық əдебиеттерде, 
бiрiншiден, бағыныңқы қыз метте жұмсалатындығы, екiншiден, 
олардың мағыналық топтары арнайы сөз болады. Сонда əр 
септiкте белгiлi мeкeнiнe, бағытына, мезгiлiне байланысты əртүрлi 
пы сықтауыштық жəне толықтауыштық қaтынaста жұмсалатын-
дығы белгiлi. Бiрақ табыс септiгi туралы тек толықтауыштық 
қатынаста жұмсалады деумен шектеледi де қояды. 


184
Күрделі сөз тіркестері
Профессор М. Балақаев табыс жалғаулы сөздердi мaғыналық 
жағынан нақтылы объектiлi жəне абстрактiленген объектi деп 
оларды қай сөз табынан болуына қарай бө леді. Бұл жағынан 
дұрыс та. Өйткенi септелетiн сөздердiң бiрiншi табы зат есім мен 
есiмдiк те, қалғaн сөз таптары заттанып барып қана септелетiн-
дiгiн нeгiз eткeн болу керек. 
Табыс жалғаулы күрделi бағыныңқының сыңарлары: 
а) Бiлу, хабардар болу мағынасында: Тау жайын малшыдан, 
дала жайын егiншiден сұра (Мақал).
ə) Құралдық мағынада: Қосауыз мылтығын иығына асып 
алыпты («Жалын»). 
б) Дəрiптеу мағынада: Бұл кез жеңiс үнiн жиi-жиi естiп, күн 
сайын шаттыққа бөленiп тұрған кезiмiз болатын (Ə. Əбішев).
в) Формасы немесе ұқсатуын бiлдiредi: Шұнақ оның өктем 
сұрауына аузын ашып үлгiргенше болмады, керенау қатын үкi 
тұмсығын оң қолының жеңiмен бiр сүйкеп өттi де, өзi сайрай 
жөнелдi (Б. Тілегенов). 
г) Бiреуге арналу мағынасында: Ду қол шапалақтау! ...Пав-
ло Неруда, Николай Тихонов, Луи Арагон, Илья Эренбург, Жорж 
Амаду, Нuколас Гuльендi құттықтап сөйледi (Б. Майлин).
Бағыныңқы сыңары күрделi табыс жалғаулы сөздер барлық 
уақытта тек толықтауыштық қатынаста жұмса лады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет