186
Күрделі сөз тіркестері
жатқан жаңа шығармалар да молшылық (Ə. Нұршайықов). Жер-
лестерiмiз
биылғы маусымда жасыл алаңға 30 рет шығады, соның
15-ін өткізді («Лениншіл жас»). Өз өмipiндeгi тарихи күндердi
соңғы уақытта Совет елiнiң бiрқатар туысқан республи кала-
рында атап өттi («Социалистік Қазақстан»).
Сол сияқты сапалық жəне қатыстық сын есiмдерi мез гiл мəндi
жатыс жалғаулы сөздермен тiркесiп те жұмсалады. Мысалы:
Аязды түнде табанының астындағы қар шықыр-шықыр ете-
дi (М. Əуезов).
Үстімiздегi бесжылдықта еңбек құралдарын өн-
дiру 1,6 есе арттырылуға тиiс («Социалистік Қазақстан»).
в) Кейбiр сөздер қосарланып та мезгiлдi бiлдiредi: Көлiктердi
ағытар-ағытпаста көк шалғынға құлай кете мiз (С. Жиренов).
г) Күрделi сан есiмдер жатыс жалғауында жас мөл шерiн бiл-
дiредi. Мысалы: Мен ғасырдың айғағы, жүзге келдiм, ел бiрлiгiн,
бақытын iздеп едiм, айды аялап, күн құштым, нұр жамылдым,
кездесiп
жетпiс үште iздегенiм (Ж. Жабаев).
Жuырма үшiнде
уақытша үкiмeттi құлатысты (Ғ. Мүсірепов).
Он жетiсiнде
майданға өзi тiленiп кетiп, мерт болды (С. Жиренов).
Күрделi сан есiмдер жатыс жалғауында мерзiмдi, өл шемдi
бiлдiредi: Ертең... бүрсiгүнi... Əйтеуiр осы аптадан қалмайды.
Он бесiнде жыртамыз, жиырмасында себемiз («Лениншіл жас»).
Tүнгi он бiр-он eкiдe жұмысымды бiтiрiп, жатақханаға қайта-
мын (Ə. Нұршайықов).
Сан eciм мен жатыс жалғаулы
жас сөздерi тiркесiп, жас мөл-
шерiн бiлдiредi: Есiл бойын қыстайтын Атығай деген елде
Тұрлықұл деген байдың қырық жыл отасқан Қанша деген бəйбi-
шесi
елу бес жасында қайтыс болған (С. Көбеев). Аңғал Баба-
назардың
сексен жасында туған сүт кенжесi екен дейдi (С. Мұ-
қанов).
Бiр сан eсiмi мен жатыс жалғаулы
кезде, сəтте, ме зетте,
мезгiлде, yaқыттa, мəртесiнде сөздерi тiркесiп ке лiп, мезгiлдi
бiлдiредi. Мысалы, Қайғылы əйел
бiр сəтте ғaнa неден жыми-
ды (Ғ. Мүсірепов). Қаңғырған Есқараның жо лында,
бiр мезетте-
ақ сиреп, ашығуға айналды (С. Мұқанов).
Бiр yaқыттa табақ-
шылардың əбiгерi қайтадан қыза жө нелдi (М. Əуезов).
Сан есiмдермен
минут, сағат, апта күндерi, күн, ай, қыс,
Достарыңызбен бөлісу: