Талғат сайрамбаев


Жұрнақтардың байланысу тəсіліне қатысы



Pdf көрінісі
бет123/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

5. Жұрнақтардың байланысу тəсіліне қатысы. Сөз тіркесі 
жайлы жазылған көптеген еңбектерде синтетикалық байланысу 
тəсіліне жалғауларды жатқызады. Расында бұл дұрыс та. Бірақ 
сөз бен сөзді байланыстыруда тек жалғаулар емес, жұрнақтардың 


250
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
да рөлі баршылық. «Əсіресе етістіктің көсемше, шартты рай 
тұлғаларының рөлі ерекше» [70, 18]. Мысалы, Мен етпеттей 
жығылдым  (Ж.Тəшенов). Мен жүре келе көп нəрсеге түсіндім. 
Ол күліп сөйледі (І. Есенберлин) сөйлемдеріндегі етпеттей 
жығылдым, жүре келе түсіндім, күліп сөйледі сөз тіркестерін-
дегі əрбір сыңары бір-бірімен көсемшенің -й, -е, -іп жұрнақтары 
арқылы байланысып тұр. Алайда сөз тіркестеріндегі сөздердің 
жұрнақтар арқылы байланысу тəсілі жалғаулар арқылы байла-
нысу тəсілдеріндей актив құбылыс емес. Сонда да біз қазақ тілін-
дегі синтетикалық байланысу тəсілдерінің осы бір ерекшелігін 
ескеріп, оны сөздердің жалғаулар арқылы байланысуына қоса 
жұрнақтар арқылы да байланысу, яғни қосымшалар арқылы 
байланысу деп атауды жөн көрдік.
ІІ. Аналитикалық деген термин грек тілінің analytikos «ана-
лиздің нəтижесінде жасалған», «ажыратушы» деген сөзінен жа-
салған. Демек, аналитикалық тəсіл сөздің сыртында болады, яғни 
көмекші сөздер, сөздердің орын тəртібі жəне интонация тəсіл-
дерін қамтиды.
1. Сөздердің орын тəртібі арқылы байланысы. Сөз бен сөзді 
байланыстыратын синтаксистік тəсілдің бірі – сөздердің орын 
тəртібі.
Сөйлемдегі сөздердің орын тəртібінде белгілі бір жүйелілік 
бар. Сөз тіркесінің сыңарлары қалай болса, солай тіркесе салмай-
ды. Олар белгілі тəртіппен орналасып тіркеседі. Синтаксистік 
байланыстың бұл амалы сөздердің жалғаулар арқылы байла-
нысуынан кем түспейді. Біздіңше, қайта, жалғаусыз тұрған ор-
нына қарай байланысқан сөздердің байланысы берік болады. 
Сондықтан бұндай сөз тіркесінің құрамындағы сыңарларының 
орнын қалай болса, солай өзгертіп айта бермейміз. Сөз тіркесінің 
құрамындағы сыңарларының орны ауысса, онда бүтіндей сөз 
тіркесінің білдіретін мағынасы өзгеріп кетеді. Мысалы, көз əйнек, 
əйнек көз, қалта сағат, сағат қалта деген тіркестердің орны 
өзгергендері мағынасыз болып тұр. Сөз тіркесіндегі сөздердің 
орын тəртібі грамматикалық функцияны да атқарады (порядок 
слов выполняют грамматические функции). Мысалы, орыс ті-
ліндегі снежная зима мен зима снежная деген сөз тіркесіндегі 
снежная сөзі нақты қатынасты (определительные отношения) 


251
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
білдірсе, екінші сөз тіркесінде (зима снежная) предикаттық қа-
тынасты білдіреді [71, 404].
Сөздердің орын тəртібі арқылы тіркесу қабілеттілігінің күш-
тілігінің тағы бір дəлелі ретінде сөз тіркестеріндегі сөздердің 
əрбір сыңарларының сөйлемде іргелес тұруымен қатар, алшақ та 
тұру ерекшелігін айтуға болады. Бұндай құбылыс көбіне мезгіл 
үстеу мен көмекшілердің қатысымен жасалған сөз тіркестерінде 
кездеседі. Мысалы. Бүгін, міне, қарасам бір көш кетіп бара-
ды (Жамбыл) деген сөйлемдегі бүгін сөзі кетіп барады сөзінен 
алшақтап тұр.
Кейде мамандар арасында сөйлемдегі сөздердің орын тəртібі 
мен интонацияны бір нəрсе деп қараушылық бар [72, 133]. Бұл 
дұрыс емес. Себебі сөздердің орын тəртібі мен интонацияның 
зерттейтін объектілері бір емес. Орын тəртібінің объектісі сөз 
тіркестері болса, ал интонацияның объектісі көбіне сөйлем бо-
лып келеді. Интонациялық құбылыс сөйлемнің айтылу мақсатына 
қарай сөз болады. Біз бұл арада интонацияның сөз тіркесіне 
қатысын сөз етпекпіз.
Сөз тіркесінде де интонацияның өзіндік қатысы бар. Оның 
өзі сөздердің орын тəртібі арқылы жасалатын сөз тіркестерінің 
кейде ерекше айтылуына байланысты жұмсалады. Мысалы, ағаш 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет