Сөз тіркесі мен жай сөйлем
қадағалайды. Ауылшаруашылығында пішен, пішендемемен қоса
шөп ұнын даярлау қолға алынған. Мысалы: Шөп ұнының көпте-
ген түрлері жасалып жатыр. Белокты-витаминді концентраттар
заводы осындай сапалы жемшөп даярлайтын заводтың бірі. Осы
заводтың атауының өзі жаңа сөз тіркесі. Яғни белокты-вита-
минді концентраттар заводы деген тіркес тілімізге еніп отыр.
Ендігі алдағы уақытта фосфор заводы, цемент заводы, алюминий
заводы деген тіркестердің қатарына белокты-витаминді концен-
траттар заводы деген тіркесті де енгізуімізге болады. Мысалы:
Белоруссиядағы Новополоцк белокты-витаминді концентрат-
тар заводының өнімі осы мақсатқа қызмет етеді («Социалистік
Қазақстан»).
Суландыру – егін суаруда шаруашылықта көтеріліп жатқан
мəселелердің бірі. Егін суаруға байланысты біз мынадай жаңа
сөз тіркесін атап өтуімізге болады: дирижабльмен егін суару,
дирижабльдің жауындатқыш түрі. Мысалы: Осы сияқты дири-
жабльмен егін суару жөнінде тағы да біршама жобалар ұсыны-
лады («Білім жəне еңбек»). Осыдан біраз жыл бұрын инженер
Трофимов дирижабльдің жауындатқыш түрін ұсынды. Осы іс-
петтес тиходермин биопрепараты, сол сияқты зиянкестерге қар-
сы күресу жолдарының көбеюіне байланысты (егістік үстіндегі)
биологиялық зонт тіркесі де енді.
«Ш.Ш. Уəлихановтың туғанына 150 жыл толуын атап өте оты-
рып, алғыскер ұрпақ қазақ халқының аса көрнекті перзентінің
жарқын бейнесіне терең құрмет көрсетеді» (Ш. Уəлихановқа
шақырылған шақыру билетінен) дегенде ұрпақ сөзімен алғыскер
сөзі өзара анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін құрауы да
ұтымды шыққан. Бұрын алғыс сөзі көбіне басыңқы сыңарда
жұмсалуға бейім болса, ал енді оған жұрнақ қосылуы арқылы
бағыныңқы сыңарда жұмсалынып отыр.
Міне, осы іспеттес асқаралы міндеттер, орталықтандырыл-
ған жоспар, түрлі салалардың түйіскен түсі сияқты анықта-
уыштық қатынастағы сөз тіркестері тіліміздің даму процесіне сай
жасалып отыр.
Ашық телефон сұхбаты: Осыған байланысты «Лениншіл
жас» – редколлегиясы өткен сенбі 31 қаңтар күні газеттің «Ашық
телефон» сұхбатын өткізді («Лениншіл жас»). Мұнда сын есім
мен зат есімнің тіркесуі арқылы жаңа тіркес құралып отыр.
265
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Республикалар Жоғарғы Советтерінің Президиумдары жеке-
леген халық депутаттары жергілікті Советтерінің сайлауын көп
мандатты сайлау округтері бойынша эксперимент ретінде өт-
кізу туралы қаулы қабылдады («Социалистік Қазақстан»).
Қазақ тілінде көп мандатты сайлау округі болып сапалық сын
есім мен қатыстық сын есімнің бірігуі арқылы енді бағыныңқы
сыңардағы күрделі сөз тіркесі жасалған. Кейде орыс тілі күнде-
лікті жаңа сөз тіркестерін жасауға көп негіз болады. Орыс тілінен
енген мандат сөзі көбіне өзі басыңқы сыңарда көп жұмсалып,
көбіне зат есімдік қасиетке ие болып тұрушы еді. Енді сайлау
системасына өзгеріс енуіне байланысты ол сөздердің өзі басқа бір
анықталатын заттарға қатысты жұмсалып отыр.
Қоғамдағы жаңа оқиғаның ескіге қарсы шығатындығы бел-
гілі. Бұл құбылыс та тілге жаңа сөз енуде басты фактор болып
табылады. Тілдегі кейбір жаңа сөздер мағыналас сөздермен тір-
кесіп, жаңа тіркес құруға негіз болса, кейде тілдегі бұрыннан
қолданылып жүрген сөздердің аясының кеңею процесін көреміз.
Оның өзі кейде бұрын анықтауыштық қатынаста онша жұмсала
бермейтін кейбір сөздердің сын есімге ауысу процесінің негізінде
пайда болатын сияқты. Мысалы: Ішімдік сөзі көбіне зат есім
мағынасында жұмсалатын. Сөйтіп тілде меңгеріле, матаса, қиыса
байланысқан сөз тіркестерін құрауға негіз болса, ал қазіргі кез-
де ол сөзге -сіз жұрнағы арқылы ішімдіксіз сөзі той сөзімен
тіркесіп анықтауыштық қатынаста жұмсалуда. Сонда бұл сөздер
есімдермен қабыса байланысқан сөз тіркестерін құрауы екі түр-
лі жағдайда жұмсалатын сияқты. «Ішімдіксіз үйлену тойын
ұйымдастырудың дəнекері болған совхоздың партия, кəсіподақ,
комсомол комитеттері енді» («Қазақстан əйелдері») сөйлемінде
ішімдіксіз сөзі көбіне той сөзімен тіркескенімен, кейде аралары-
на сөз салып барып та күрделі сөз тіркесін құрауға себеп болып
отыр. Осыған ұқсас алкогольге қарсы күрес, маскүнемдікке
қарсы күрес, алкогольге қарсы насихат деген тіркестер де жиі
қолданылуда. Осы іспеттес ішімдіксіз өткізілетін салт-дəстүр
тіркесі де орын алып отыр. Мысалы: Ішімдіксіз өткізілетін салт-
дəстүрдің жəне халықтың, əсіресе, жастардың жұмыстан бос уа-
қытын салауатты, қызықты ұйымдастырудың рəсімдерін кеңінен
таратудың, барлық клуб мекемелері мен спорт құрылыстарын
266
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
неғұрлым толық пайдалану маңыздылығы туралы айтылды («Со-
циалистік Қазақстан»).
-лық, -лік жұрнағының да активті қолданылуының негізінде
жаңаша анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері қалыптасуда.
Мысалы: Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы секретариат-
тың кезекті мəжілісінде бір топ қаламгерлердің шығармашылық
есебі тыңдалды («Қазақ əдебиеті»).
Мұндай құбылыс тілде онша көп қолданыла бермейтін сала-
уат сөзінің есімге ауысу процесінің негізінде олардың есімдермен
тіркесу аясының кеңейгендігін көруге болады. Мысалы, Таяу-
да құрылған салауаттылық жолындағы күрестің Бүкілодақ-
тық ерікті қоғамы алкогольге қарсы бұқаралық қозғалысты да-
мытуға, оны еңбек коллективтерінің арасына таратуға көмектесті
(«Социалистік Қазақстан»). Республиканың бірқатар облыста-
рында салауаттылық клубтарының жұмысы жанданғаны атап
өтілді («Социалистік Қазақстан»). Міне, осындағы клуб, күрес сөз-
дері салауаттылық сөзімен бұрын тіркеспейтін еді, енді əдет-
тегі қалыпты қолдану процесінде жиі жұмсалатын дəрежеге же-
тіп отыр.
Сонымен, тіліміздегі жаңа тіркестер лексикамызда бұрыннан
бар сөздердің жəне жаңадан енген сөздердің бір-бірімен тіркесі
нəтижесінде жасалынады. Жаңа сөз тіркесі жаңа сөз секілді бел-
гілі бір заттың, құбылыстың, жаңалықтың келуіне байланысты
пайда болады. Міне, сол көрініс əсіресе лексикада, одан кейін
көбіне публицистикада алғаш көрініп, нəтижесінде жалпы халық-
тық дəрежеге ие болса керек. Сонда лексикадағы пайда болған
сөздер сөйлемде өзіне мағыналас сөздермен тіркес құрауының
негізінде жаңа сөз тіркесі пайда болады. Əрине жаңа сөз тіркесі
бір дегеннен пайда бола алмайды. Оның бірнеше себептері болса
керек.
Біріншіден: Қоғамдағы жаңалыққа сай тілде жаңа сөз пайда
болады.
Екіншіден: Оның тіркесе алатын сөздері болады.
Үшіншіден: Жаңа сөз тіркестері сөйлем арқылы қарым-қаты-
насқа енеді:
Төртіншіден: Сөз тіркесіне енген сөздер сөз тіркесінің бағы-
ныңқы, басыңқы сыңарында жұмсалады.
267
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Бесіншіден: Оның құрамындағы жаңа сөздер өзара меңгеріле,
матаса, қабыса байланысып, сөз тіркестерін құрайды. Олар құ-
рамы жағынан:
1. Екі сыңары да қазақ сөзі арқылы: Мысалы, ішімдіксіз өт-
кізілетін той, ішімдіксіз өткізілетін салт-дəстүр, алты жасар-
ларды оқытатын мұғалім, асқаралы міндеттер, орталықтан-
дырылған жоспар, алғыскер ұрпақ, тəртіп-талғам, асқаралы мін-
деттер, т.б.
2. Бір сыңары қазақ, екіншісі басқа тілден енген. Мысалы: əйел-
дер советі, əйелдер клубы, əйелдер советі президиумы, дирижабль-
мен егін суғару, дирижабльдің жауындатқыш түрі, көп мандат-
ты сайлау, ашық телефон сұхбаты, т.б.
3. Екі сыңары да басқа тілден енген. Мысалы: мини трактор,
агрегат машина, триходермин препараты, биологиялық зонт, ро-
бот-манипулятор, газоаналитикалық прибор, т.б.
Жалпы тілдегі мұндай құбылыс – бір күндік, бір жылдық нəр-
се емес, қоғам өміріндегі жаңалықтарға сай үнемі болып оты-
ратын процесс.
Міне, соңғы екі-үш жылдар арасында тілімізге енген жаңа
тіркестердің бір тобы осылар. Жаңа сөз тіркесінің құрамындағы
сөздер қабыса байланысу арқылы жасалуы да жиі кездеседі.
Жаңа сөздер сын есім, көбіне -лық жұрнағының жалғануы ар-
қылы жасалынған зат есімнен болады. Жаңа сөздер тілімізге
интернационалдық терминдер арқылы жəне тікелей орыс тілінен
аударылмай да енеді, сол сияқты тілімізде өз баламасын тапқан
сөз тіркестері де бар.
Қорыта келгенде, біз тілімізге сөздер, сөз тіркестері əлемде
қоғамда болып жатқан жаңалықтарға сай, жаңа атаулардың пай-
да болуына байланысты еніп отырады демекпіз.
Достарыңызбен бөлісу: |