Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет124/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

отын, бұл бала, ол үй сияқты анықтауыштық қатынастағы сөз 
тіркестері орын тəртібі арқылы есімдік пен зат есімнің, зат есім 
мен зат есімнің тіркесі десек, кейде осындай анықтауыштық 
қатынастағы сөз тіркестері интонацияның қатысы арқылы енді.
Ағаш – отын
Бұл – бала
Ол – үй сияқты бастауыш пен баяндауыштан құралған 
қиыса байланысқан сөз тіркестері пайда болып отыр. Бұған 
қарағанда, интонациялық құбылыс сөз тіркесінің бір байланысу 
формасындағы сөз тіркестерін екінші бір байланысу формасына 
ауыстырудың бір тəсілі ретінде қолданылады.
2. Сөздердің көмекші сөздер арқылы байланысы. Осы 
уақытқа дейінгі зерттеулерде аналитикалық байланысу тəсілінің 
бір түрі ретінде сөздердің шылаулар, оның ішінде демеуліктер 
арқылы тіркесуі беріледі. Бұл дұрыс та. Бірақ сөз тіркестеріндегі 
сөз бен сөз тек шылаулар арқылы ғана байланысады ма? Осы 


252
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
сұраққа келгенде қазақ тіл білімінің осы саласын зерттеуші 
ғалымдарда əртүрлі көзқарас пайда болады. Қазақ тіл біліміндегі 
сөз тіркесін алғаш жан-жақты жүйелі түрде зерттеген проф. 
М. Балақаев шылау сөз тіркесінің аясына көмекші есімді де 
қосады [73, 81]. Лида терезенің алдында тұр (Х. Ерғалиев) – де-
ген сөйлемдегі терезенің алдында тұр деген сөз тіркесі алды кө-
мекші есімі арқылы жасалып тұрған күрделі сөз тіркесі.
Сөз бен сөзді байланыстыруда шылау мен көмекші есімде-
ріне қоса көмекші етістік, модаль сөздерді де қатысты деп біле-
міз. Сөйтіп, сөз бен сөздің арасын байланыстыруда тек шылау 
деген сөздің орнына көмекші сөздер (шылау, модаль сөз, көмекші 
есім, көмекші етістік) деп беру, біздіңше, орынды сияқты. Бұл 
төрт көмекші сөздердің сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарларына 
жалғануы сөз бен сөздің байланысына тікелей қатысы бар. Он-
дай кезде бұл көмекші сөздер кез келген сөздермен түйдекті тір-
кес құрай бермей, өздері мағыналық жағынан қатысты сөздері-
мен ғана бірлікте жұмсалады. Бұлардың сөз бен сөзді байла-
ныстырудағы морфологиялық түрленуі біркелкі емес. Егер шы-
лау сөздер көбіне атау тұлғасында келіп қана жұмсалатын болса, 
ал қалған үш тобы əрі нольдік, əрі түрлі жалғаулардың жалғануы 
арқылы өзгеріп те отырады. Ал соңғы үш көмекші сөздердің 
ішінде көбіне жиі ұшырайтыны – көмекші есім.
1) Көмекші есім негізінен көп емес. Оларға: алды, арты, асты, 
үсті, төбесі, жаны, маңы, басы-қасы, тұсы, арасы, іші, сырты, 
шеті, түбі, ортасы сияқты сөздер жатады. Бірақ сан жағынан аз 
болғанымен, бұл сөздердің қолданылу өрісі кең. Көмекші есімдер 
көбіне негізгі сөзбен тəуелдік жалғауында тұрып байланысады, 
сөйтіп сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарын құрайды. Мысалы, 
Стол басы сілтідей тына қалды (Ə. Нұрпейісов) – дегенде стол 
басы сөз тіркесінің бірінші сыңары болып тұр. Көмекші есімдерге 
тəуелдік жалғауынан кейін түрлі септік жалғаулары жалғану 
құбылысы да баршылық. Мысалы, Баймағамбеттің əңгімесі жаңа
басталғанда бұл екеуінің қастарына Кішкене Молда, Байтоқалар 
келді (М. Əуезов) – деген сөйлемдегі екеуінің қастарына келді 
көмекші есімді сөз тіркесі. Мұндағы қастарына көмекші есімін-
де көптік, тəуелдік, септік жалғаулары жалғанып барып, екеуінің 
жəне келді деген екі негізгі сөздерді байланыстырып тұр.


253
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
2) Кейде сөз бен сөзді байланыстыруда модаль сөздердің де 
қатысы бар. Модаль сөздер көбіне сөз тіркесінің бағыныңқы 
сыңарына тіркеседі де, түйдекті тіркес құрай отырып, ол сөзді 
басыңқы сөзбен байланыстырады. Мысалы, Сонан басқа сөзге 
сұқтануға бұл сияқты оның да шамасы жетпеді (Ə. Нұрпейі-
сов) – дегендегі бұл сияқты шамасы сөз тіркесінде сияқты мо-
даль сөзі бұл мен шамасы деген сөздерді өзара байланыстырып 
тұр. Себебі, мұндағы сияқты сөзін алып тастасақ, бұл шамасы 
болып, өзара ол сөздер тіркеспеген де болар еді. Демек, мұндағы 
сөздерді байланыстыруда сияқты модаль сөзінің рөлі бар-
шылық.
3) Сөз тіркесіндегі сөздердің көмекші етістіктер арқылы бай-
ланысуы дегенде көмекші етістіктер тілімізде көп емес екені бел-
гілі. Бірақ саны аз болса да олардың сөз бен сөзді байланысты-
руда өзіндік орны бар. Əрине, сөз бен сөзді байланыстыру кө-
мекші есімдер сияқты актив құбылыс емес. Дегенмен, тілімізде 
кездесетін бұл да бір құбылыс екендігі даусыз. Мысалы, Оның не 
екенін жүрегің сезіп тұр (Ə. Нұрпейісов).
Тіліміздегі осындай құбылыстардың барлығын негізге ала 
отырып, сөз бен сөзді байланыстырудағы аналитикалық тəсілдің 
бір түрі ретінде шылау дегеннің орнына (шылау, көмекші есім, 
көмекші етістік, модаль сөздерді жинақтап) жалпы көмекші сөздер 
деп атауды жөн көрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет