Талғат сайрамбаев


 Бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөз тіркестері



Pdf көрінісі
бет132/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

7. Бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөз тіркестері
Сөз тіркестерінің əрбір сыңарының жасалуы туралы едəуір 
дəрежеде айтылып келеді. Кейбір ғалымдар сөз тіркесі болу үшін 
кез келген сөздің тіркесін де сөз тіркесі дейді де, негізгі сөз бен 
көмекші сөздердің өзара түйдектелуін де сол топқа жатқызады. 
Керісінше, көпшілік ғалымдар сөз тіркестері болу үшін оның əр-


268
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
бір сыңары да тек дербес мағынасы бар сөз таптары дейтін қа-
ғиданы басшылыққа алады. Негізінде, сөз тіркесі болу үшін тек 
толық мағыналы сөздер ғана оған арқау болу керек дейтін пікір əрі 
дұрыс, əрі қазіргі кезде түбегейлі орын алып отыр.
Толық мағыналы сөз таптарының негізінде сөз тіркестерінің 
байланысу формалары мен амалдары, синтаксистік қатынастары 
мен түрлері, сол толық мағыналы сөз тіркестерінің негізінде олар-
дың өзара семантикалық ерекшеліктері де айқындалады. Əрине, 
сөз тіркестерінің бағыныңқылы-басыңқы сипаттарының қалып-
тасуы үшін толық мағыналы сөз таптарының əртүрлі конструк-
циясының негізінде оның бірнеше түрі қалыптасады.
Біз сөз таптарының сөз тіркестері құралуында басты фактор 
екендігіне назар аудара отырып, сол сөз таптарының өздерінің 
ішкі тіркесу ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөліп қарастырдық. 
Ондай топтар мыналар:
1) Əр сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тіркестері.
2) Бір сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тіркестері.
3) Бір сөздің қайталануы негізінде қалыптасқан сөз тіркестері.
Осы кезге дейінгі ғылыми əдебиеттерде сөз тіркестерінің əрбір 
сыңарының жасалуында көбіне осы үш топтың бірінші, кейде 
екінші топтары сөз болады да, ал үшінші топты сөз тіркестері де 
арнайы қарауды қажет етеді.
Қазақ тілінде бір сөздің өзара қайталануы арқылы да сөз 
тіркестерінің жасалатындығын тіл фактілері көрсетіп отыр. Бұл 
сияқты факт тек қазақ тіл білімінде ғана емес, басқа да тілдерде 
бар екендігін көруге болады.
Н.И. Филичева сөз тіркестерінің сыңарларының қай сөз та-
бынан болуы туралы айта келіп, былай дейді: «Сөз тіркесі 
сөздердің синтаксистік тіркесуі, яғни олардың бір-бірімен бірі-
гуге қабілеттілігі негізінде пайда болады. Бұл қабілеттілік əр 
дəрежедегі түрлі сөздерге (немесе түрлі мəндегі белгілі бір сөзге) 
тəн; мұны зерттеушілер біршама ерте аңғарған»
[74, 40].
Бірақ фактінің осылай қалыптасуының үлкен тарихи жолы 
болуы керек. Біздің негізгі қарастыратынымыз бір сөз табының 
ішіндегі бір сөздің өзара сөз тіркесін құрауы болмақ. Мысалы, 
Мынау көрген – көрген емес (М. Əуезов). Сыбаннан көрерсің 
көреріңді (Ғ. Мүсірепов). Ақ десе ақ, нар десе нар, ақылды да мыр-


269
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
за адам көрінеді («Жұлдыз»). Осы сөйлемдерден мынадай бір 
сөздің қайталануы арқылы жасалған сөз тіркестерін көреміз.
1. ақ десе ақ, нар десе нар
2. көрерсің көреріңді
3. көрген – көрген емес
Бұл жерде айтылатын негізгі мəселе осы сияқты бір сөздің 
қайталануына құрылған сөз тіркестері қазақ тіл білімінде осы 
уақытқа дейін арнайы зерттеудің объектісі болмай отыр.
Бірақ қаншалықты зерттелмеді дегенмен де, бұл мəселені 
проф. М. Балақаев – қызылдың қызылы деген бір ғана мысалы 
арқылы көрсетіп отырады [75, 50].
Осындай бір сөздердің қайта-
ланып жұмсалуы туралы кейбір пікірді проф. Р. Əміровтен де 
кездестіруге болады [50, 23]. Мысалы: жігіттің жігіті, аттың 
аты, күндердің күнінде, əдемінің əдемісі, жүйріктің жүйрігі.
Бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөз тіркестерінің пай-
да болуы қазіргі кездің жемісі емес, ескі ескерткіштерде де кез-
деседі:
іш ішлэ – «дело делать»,
су сулэ – «войско войны водить» (досл.: войско, воевать).
йағы йағыла – «воевать с врагами» (досл.: врага враждовать),
сөз сөзлэ – «слово говорить» (досл.: слово словать) и т.д.
[76, 
147].
Бір сөздің қайталануының өзі бірнеше байланысу формасын-
да келетіні белгілі. Н.Х. Демесинова бір сөздің қайталануын сөй-
лем мүшесі ыңғайына айта келіп, тек бастауыш пен баяндауыш-
тың жасалуын мына мысалдар арқылы былай көрсетеді: Бұл ауыл 
малды ауылдардың қалпы, сұрқы бөлек көп үйлі ауыл (М. Əуе-
зов). Сіздің халық – менің аңғаруымша ақын халық. Бұл екі кі-
тап – осы ауыл, өлкенің Абайдан басқа көп жанына əлі де тілімен 
де, сырымен де ұғымсыз кітаптар (М. Əуезов). Ол жай жол емес – 
ақша келетін жол, ақша жолы (Ғ. Мүсірепов). Автор мұндай кон-
струкцияны тек орыс тілі арқылы пайда болған деп топшылауы 
көңілге қонымсыз.
Кейде осындай қайталама сөздердің тіркесі арқылы қай сөз 
табының тіркесі аясынан шығып кететін жайттар да баршылық 
екендігін кездестіреміз. Мысалы: білсең білерсің, айтсаң ай-
тарсың, т.б. сөз тіркестерінде шартты рай етістігі мен етістік 


270
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
тіркеседі дейтін жаңа тіркес те пайда болып отырғандығын айта 
аламыз.
Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған сөз тіркестері бірнеше 
байланысу формасында келеді. Оларды өзара қиыса, матаса, қа-
быса, меңгеріле байланысқан сөз тіркестері деп бөлу орынды.
Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған сөз тіркестерінде ба-
ғыныңқы, басыңқы сыңардағы сөздер тек бір сөздің қайталануы 
арқылы жасалуы керек. Ондай кезде бағыныңқы басыңқы сы-
ңардың əрбір сөздері:
– біріншіден, дербес мағыналы сөздер;
– екіншіден, ол сөздердің өзара синтаксистік қызметі анық;
– үшіншіден, ол сөздер морфологиялық жағынан өзгере ала-
тын сөздер;
– төртіншіден, ондай екі сөздің тіркесінен өзара грамматика-
лық мағына пайда болуы тиіс.
Егерде бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөздер то-
бында жоғарыдағы қасиеттер болмаса, онда олар қаншалықты 
қайталанып келгенімен, өзара сөз тіркесі болмайды да, сол тобы-
мен сөз тіркесінің бір-ақ сыңары қызметінде жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет