Талғат сайрамбаев


І. Қиыса байланысқан сөз тіркестері



Pdf көрінісі
бет133/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   332
І. Қиыса байланысқан сөз тіркестері
Бір сөздің қайталануы арқылы қиыса байланысқан сөз тіркес-
тері негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасында болады. 
Олар қолданылу ерекшелігіне қарай əртүрлі жақтарда жəне дара, 
көпше түрінде де бола береді. Əсіресе мұндай кезде олардың қай 
сөз таптарынан болу жағы ерекше қызмет атқарады. Біз оларды 
қай сөз таптарынан болуына қарай былай топтап көрсетеміз:
1. Зат есім мен зат есім арқылы: Қиыса байланысқан зат есімді 
сөз тіркестерінің бастауышы көбіне нөлдік, тəуелдік формадағы 
зат есімдер болады.
а) Бастауышы нөлдік формада келуі: Тегі Есеней Есеней ғана 
бола алса керек (Ғ. Мүсірепов). Малсыз күй күй болмады (М. Қам-
баров). Бəйгесіз той той ма? (М. Қаназов). Жақсы жерге түскен 
келін – келін, жаман жерге түскен келін – келсап, – дейді ғой қазақ 
(«Қазақ əдебиеті»).
ə) Бастауышы тəуелдік формада келуі: Қарғыс атқандардың 
басы да бас емес, қолы да қол емес (Ə. Нұрпейісов). Əйтпесе, 


271
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
жаңағы «Королева Маргоны» саудалап жүрген адамдардың ісі 
іс пе? («Жұлдыз»). – Не айтайын, шырағым, не айтайын... – де-
геннен басқа Күңше де еш нəрсе айта алмады. Уəдеміз – уəде 
(Ғ. Мүсірепов).
б) Кейде бастауышы көмекші сөздердің қосақталуы арқылы 
келе береді. Мысалы: Күнə екені күнə, бірақ қылмыс емес (Д. Дос-
жанов).
Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған сөз тіркестерінің ба-
яндауыштары да тек сол сөздер болуы тиіс. Бірақ баяндауыш бо-
латын ондай сөздер тек бастауыш сияқты тұлғада да келе береді, 
кейде бастауыш жеке-дара болғанымен, сол сөздің қайталануы 
арқылы жасалған баяндауыш таза күйінде немесе ондай сөздерге 
түрлі көмекші етістіктердің де тіркесі арқылы жасалады. Оны 
жоғарыдағы мысалдардың баяндауыштары дəлелді түрде көрсет-
се керек.
2. Сын есім мен сын есімнің тіркесі. а) Тəуірі – тəуір (М. Қа-
назов). Қызылы – қызыл, жасылы – жасыл болып көсіліп жа-
тыр (Д. Досжанов). Бетінің қызыл күреңденгені қызыл күреңден-
ген бе? («Қазақ əдебиеті»).
3. Есімдік пен есімдіктің тіркесі. Өзгесі өзге еді, бүгінгі қы-
лығын не деп дəріптейді (М. Сқақбаев). Басқасы басқа, ал Əбекең-
ді ойландырған қатаң сөгіс те емес, ақшаның табылуы да емес, 
тіпті басқа нəрсе, сол сейфке ақшаның баруы еді (Беласқан).
Менікі де менікі. 
Сенікі де менікі (Маржан сөз). Сол сол-ақ екен, Темір əске-
рінің ұзын шеті қиқуласып, аш қасқырша ілгері ұмтылысты 
(М. Сқақбаев). Əй, ол ол ма, сен Тайлақбайдың не істеп жүргенін 
естісеңші («Қазақ əдебиеті»).
4. Етістік пен етістіктің тіркесі. Мынау көрген – көрген емес 
(М. Əуезов). Жоқ, оны жасамайды. Осы тоқтағаның тоқтаған 
(«Жұлдыз»). Көзден сол бұлбұл ұшқаны ұшқан-ақ шығар (М. Қа-
назов). – Айтқаны айтқан (Ж. Молдағалиев).
5. Үстеу мен үстеудің тіркесі. Бұрынғысы бұрынғы ма, қазіргіңе 
жол болсын (Беласқан). Жұрт бұрынғы бұрынғы ма, енді Жау-
лыбай Ақсынды менсінбей тастап кетіпті деп, түрлі қауесеттер 
бықсытты («Жұлдыз»).
6. «Бар, жоқ» сөздерінің өзара тіркесі.


272
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Бары бар, жоғы жоқ, қойын алар бөрі жоқ (Маржан
сөз). Бары 
бар-ау, бірақ менікі елде, күнде жоқ неме... – деп қыбыжықтай 
берген Суыр Құсайынға шынын айтты (С. Жүнісов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет