Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет128/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   332
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
əйелдер кəсіпорны сияқты сөз тіркестері қалыптасуда. Мыса-
лы: Арқалық қаласында «Тургаиалюминистрой» тресінің жаны-
нан ұйым-дастырылған əйелдер клубы біраздан бері жұмыс істеп 
келеді («Социалистік Қазақстан»).
Қайта құру процесі, қайта құрудың стахановшылары, рево-
люциялық жеделдету заманы сияқты тіркестер тілімізге қазіргі 
кезде болып жатқан еліміздің əлеуметтік-экономикалық, мəдени 
өміріндегі ұлы өзгерістерге байланысты еніп отыр. Қайта құру 
процесі тарихымызда жаңалық болса, оған орай пайда болған сөз 
тіркестері де тілімізде жаңалық болып есептеледі.
Стахановшы сөзі – тілімізде қолдану аясы кең, жалпы ха-
лыққа түсінікті сөз. Мұндай адамдарды қайта құрудың стаха-
новшылары деп атайды («Қазақстан мұғалімі») деген сөйлемде 
стахановшы сөзі қайта құру тіркесімен матаса байланысқан 
анықтауыштық қатынастағы, яғни қимыл есімі мен зат есімнің 
тіркесуі арқылы қайта құрудың стахановшылары деген жаңа 
сөз тіркесі жасалынды. Сол іспеттес: елімізде жүзеге асырылып 
жатқан қайта құру процесін социалистік заңдылықты нығайту-
дан, совет адамдарының бойында заңды құрметтеуден, мүлтіксіз 
орындау сезімін тəрбиелеуден бөліп қарауға болмайды («Социа-
листік Қазақстан») дегендегі қайта құру процесі тіркесі де елі-
мізде болып жатқан өзгерістерге байланысты енген сөз тіркесі.
Біздің сөздік қорымызда колхоздастыру заманы, электрлен-
діру заманы, механикаландыру заманы, автоматтандыру зама-
ны сияқты тіркестер еліміздің экономикасының алға басу қада-
мына орай еніп отырғанына ұқсас бүгінгі күні революциялық же-
делдету заманы деген тіркес те қолданысқа енді. Мысалы: Осы 
жəне басқа мыңдаған есімдерді көтерген біздің заманымыз – 
революциялық жеделдету заманы («Қазақстан мұғалімі»)
Тіл – өмірмен өзектес жанды құбылыс. Сондықтан оның сөздік 
құрамы əрдайым өзгеріп, толысып отырады. Əр дəуір, əр қоғам 
өзіне қажетті жаңалықтарды туғызса, сол жаңа зат, құбылыс, 
ұғым, іс-əрекеттердің өз атаулары пайда болады.
Мектеп реформасы біздің оқу-ағарту саласына біраз өзгеріс-
тер енгізді. Мектеп реформасының талаптарына сəйкес бала-
ларды алты жастан оқытуға көшуді жүзеге асыру жұмыстары 
жасалуда. Мектеп реформасының өзекті мəселелерінің бірі – 


260
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
алты жастағы жеткіншектерді бірінші класта оқыту. Міне, осы 
жаңалыққа байланысты тілімізге жаңа сөз тіркестері енді. Əрине 
мектеп реформасы, мектеп оқушысы, мектеп мұғалімі сөз 
тіркесі бізге белгілі. Бұрынғы жəне қазіргі жеткіншек тек жеті 
жасқа толғанда ғана мектепке алынатын. Ол заңды, үйреншікті 
нəрсе болғандықтан, əдетте біз тек бірінші класс оқушылары де-
ген сөз тіркесін қолданатынбыз. Ал бүгінгі күні бірінші сыныпқа 
оқушыларды алты жастан бастап қабылдау заңдылығының 
шығуына байланысты енді ол туралы жаңа сөз тіркестерін 
қолдануымызға тура келеді. Бұл негізде алты жастағылар оқитын 
бірінші сыныптарда сабақ өту, тəрбие беру, мəдениеттілікке бау-
лу, еңбек сүйгіштікке баулу, оларды дем алдыруда тағы да бас-
қа ерекшеліктер бар. Мысалы: Алты жасарларды оқыту бағдар-
ламасын іске асыру мақсатында Талдықорған облыстық мұғалім-
дер білімін жетілдіру институтында елеулі жұмыстар атқарылды 
(«Қазақстан мұғалімі»). Осы мысалдағы алты жасарларды оқы-
ту бағдарламасы деген тіркес жаңа тіркес болып есептелінеді.
Сол сияқты мектеп мұғалімі деген сөз тіркесі негізінде алты 
жасарларды оқытатын мұғалімдер деген тіркес те осы жаңа-
лыққа сай еніп отыр.
Қазіргі кезде компьютер барлық салаларда қолданылуда. 
Компьютердің мектепте қолданылуына байланысты да тілімізде 
көптеген жаңа тіркестер пайда болды. Сауаттылық сөзі компью-
тер сөзімен тіркесуі арқылы компьютерлік сауаттылық деген 
жаңа тіркес пайда болды. Мысалы, Еліміздің ғылыми-техника-
лық, өндірістік жəне Отан қорғау потенциялы маман-кадрлар-
дың компьютерлік сауаттылығының деңгейі мен сапасына бай-
ланысты екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр («Қазақстан мұға-
лімі»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет