Талғат сайрамбаев


Көмекші сөздердің септеліп келуі арқылы



Pdf көрінісі
бет143/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   332
Көмекші сөздердің септеліп келуі арқылы:
Көмекші етістік: Əйгерім хаттың хабары жайсыз екенін 
Абай жүзінен сезді де, сүйек шкафтан Абайдың көзілдірігін 
əперді (М. Əуезов). Жасау дегеннен көз тұнады (Ғ. Мұстафин). 
Киімдеріне, денелеріне адам қарап жібергенде-ақ жер қазғандар 
екендерін айтпай-ақ білетіндей (С. Сейфуллин).
Көмекші есім: Бұл Нұра өзенінің жағасына ертеде орнаған 
поселкалардың бірі (Ғ. Мұстафин). Көп іздеген көмбе үстінен 
шығады (Мақал).
Модаль сөз: Бірақ жаңағы Сақабаев сияқтыларға сеніп, етек 
басты болып отырып қала береді (Ə. Нұршайықов).
Қысқарған сөздердің септелуі: Мартен цехында инженер Са-
ғатов түнгі құйған құрышты ОТК-ға тапсырайын деп жатыр 
екен (С. Шаймерденов). Зер сала тексеру барысында тек арнайы 
септелетін сөз таптары дəрежесінде болмағанымен, басқа-басқа 
сөз таптарының да септелу дəрежесін көруге болады. Кейбір 
септелетін сөздердің осы күнге дейін еленбеуі жəне кейбір сөз 
таптарының бүгінгі кезде септелу дəрежесіне ие болуы арнайы 
қарауды қажет ететін үлкен мəселе.
Сонымен, меңгеріле байланысқан сөз таптарының бағыныңқы 
сыңарларының бірде кеңеюі мен тарылуы – үнемі болып отыра-
тын құбылыс.
Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңар-
ларының аясы сөз таптары жағынан да, морфологиялық құрамы 
жағынан да кеңейе түскенін көруге болады.
Шылаулардың меңгеруі тек етістік сөз тіркесіне ғана телініп 
келеді, əлі де солай. Алайда қазіргі əдеби тілде шылаулы меңгеру 
тек етістік меңгеруде ғана емес, есімді меңгеруде де кездесетін-
дігі айқын болып отыр. Бірақ олар сөз тіркестеріне қатысты 
жеткілікті түрде зерттелмеген. Дұрысында олардың күрделі сөз 
тіркестерін құраудағы орны ерекше.
Осы уақытқа дейінгі ғылыми əдебиеттерде шылаулы меңгеру 
тек етістікті сөз тіркестеріне қатысты делініп келгендігін айта 
келіп, Н.З. Гаджиева қазақ тілінің материалының негізінде құр-
ғақшылыққа қарсы күрес, күзге салым уақыт еді сияқты сөз 
тіркестерін дұрыс көрсете келіп, зат есім мен көмекші есімдердің 
түйдектелуі арқылы есімді сөз тіркестерінің жасалуын алғаш 
көрсетті [99, 100-101].


293
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Осы сияқты фактілер тек түркологиялық əдебиетте ғана 
емес, орыс тіл білімінің өзінде де пайда болып келе жатқандығын 
В.В. Виноградов алғаш көрсетсе [100, 51-55], «подарок сына, 
обед на двоих, человек в пальто, красноречивый до слез» сияқты 
есімді сөз тіркестерінің молая бастағандығын Н.Ю. Шведова да 
дəлелдей түседі [101, 24]. Осы пікірді жалғастыра келіп, Г.А. Зо-
лотова бұрын тек қана есімдермен ғана тіркесе алатын шылаулы 
сөз тіркестерінің негізінде енді есімді шылаулы меңгерудің пай-
да болуын, оған əсіресе етістік сөз тіркесінің ықпалын баса көр-
сетеді [102, 89].
Ə. Ибатов сан есім, оның ішінде болжалдық сан есімдер астам, 
жуық, қаралы, тарта, таяу, шақты сөздері арқылы жасалып, 
оның алдындағы сөз барыс, шығыс септіктерінде келеді
[103, 103] 
десе, ал И. Ұйықбаев, А. Ысқақов, К. Аханов, Ғ. Əбуханов ондай 
сөздерді сан есімдермен бірлесіп, болжалдық сан есім жасала-
ды
[104, 121] деп түсіндіреді, ал бірақ қайсысында сан есімдер-
дің қандай тұлғада, қай септіктерде жұмсалатынын айтпайды.
Сан есім туралы арнайы еңбек жазған Ə. Хасенов болжалдық 
шамалық сан есімдерді айта келіп, оның шығыс жəне барыс сеп-
тіктерінде сан есімдерден соң артық, аса, астам, жуық, жақын, 
тарта, тақау сияқты сөздердің қатысы арқылы жасалатын-
дығы, ондай кезде олар бір күрделі мүше ретінде жұмсалатынды-
ғын жəне ондай тіркесті сөздердің синтаксистік қызметі анықта-
уыш деп көрсетеді [105, 33-37].
Меңгерудің бұл түрін айтқанда мына мəселелерге көңіл ау-
дару қажет: есімді меңгеруде қандай шылаулар қатысады, ол 
қандай сөз таптарымен түйдекті тіркес құрайды, олардың басың-
қы сыңары қандай сөз таптарынан жасалады?
Ол үшін мына мысалдарды талдап көрейік. Мысалы: Диви-
зиямыз жаудың жиырма бес зеңбірегін, бес минометін, отыз бес 
танкісін жойып, мыңға тарта неміс солдаттары мен офицерлерін 
құртты (Қ. Қайсенов). Екі жүзге таяу адам күндік жерге дейін 
желе-жортып пəуескенің соңынан еріп отырды да, біртіндеп 
қала берді (З. Ақышев). Қазақстанда бұл таңда 3848 ұлттық мек-
тептерде миллионға жуық оқушы оқиды («Лениншіл жас»). 
Маған одан артық не керек, – деді Қасым тағы да қарқылдап 
күліп, күректей алақанын жайған (Ə. Нұршайықов). Сатыр-күтір 


294


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет