345
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Бұл сөйлемдердің баяндауыштары
балаларға, үйінде, қимыл-
дауда, жайылымда, бойда, қонақта, ойында, отыз жетіде. Бұ-
лардың барлығы да сөйлем соңында
белгілі бір септік жалғау-
ларында келіп, етістік – баяндауыш айтылмай қалуы салдарынан
баяндауыш қызметін атқарып тұр.
Асқар Кенжетай үйінде деген
сөйлемде
отыр немесе т.с.с. етістік баяндауыш айтылмай қалып,
жатыс септігі жалғауындағы
үйінде сөзі сөйлем соңында келіп,
сөйлемді (өзінше)
тиянақтап, баяндауыш қызметін атқарып тұр.
Ең жақсы кітап – балаларға – деген сөйлемде де
балаларға сөзі
барыс септігі жалғауында келіп, сөйлемде
болады, беріледі не-
месе т.с.с. етістік – баяндауыштың айтылмауының нəтижесінде
баяндауыш қызметін атқарып тұр. Ал барыс, табыс, жатыс, шы-
ғыс, көмектес септік жалғаулы сөздер негізінде сөйлемде толық-
тауыш қызметін атқарады. Бұл сөйлемдерде ойдың ықшамдалып
айтылуына байланысты етістік баяндауыш айтылмай қалып,
септік жалғаулы
сөздер сөйлем соңында келіп, баяндауыш қыз-
метін атқарып тұр, яғни толықтауыш баяндауышқа ауысқан.
Достарыңызбен бөлісу: