Талғат сайрамбаев


 Грамматика салаларының даму процесі



Pdf көрінісі
бет197/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

4. Грамматика салаларының даму процесі
Адамзат тарихында сөз бірден пайда болған жоқ. Тілші ға-
лымдардың зерттеулері мен түрлі археологиялық тарихи дерек-
терге қарағанда, алғашқыда адамдар бір-бірімен ымдасу арқылы 
қатынас жасаған. Сол ым тілі адамдардың, тайпа-тайпаның қа-
рым-қатынас жасауының бірнеше ғасырдағы өзіндік құралы бо-
лып келді. Леви Брюльдің көрсетуінше, америкалық үндістер 
мен австралиялық кейбір халықтардың осы кезде де ым тілімен 
сөйлесетіні анықталып отыр [7,108]. Ым тілінің арқасында ды-
бысты тіл пайда болды. Дыбысты тілдің пайда болуына алдымен 
адамдардың еңбекке үйренуінің, еңбек арқылы өзінің қажетін, 
мұң-мұқтажын іске асыру мүмкіндіктерін жəне басқа да адамдар-
мен қарым-қатынас жасау ниеті басты себеп болса керек. 
Дыбысты тілдің негізінде сөз пайда бола бастады. Əрине, 
сөздің пайда болуы адам баласының тіршілігі үшін үлкен жеңіс, 
зор табыс болғаны айқын. Сөздің пайда болуы адам баласының 
қоғамдық өмірінде де үлкен өзгерістер жасады. Сондықтан 
адамның сөйлеуінің өзі жылма-жыл дамып, өзгеріп, шыңдалып 
отырды. Адам баласының қоғамдық өмірінің жалпы дамуы-
мен бірге оның сөйлеу процесінің қалыптасуы бұрынғы, қазіргі 
зерттеушілердің назарынан тыс қалған емес. Сондықтан да қай 
уақыттағы зерттеушілер болмасын сөйлеу процесінің қалыптасу 
мəселелеріне өзіндік үн қосып, сан алуан болжамдар жасап келеді. 
Осы мəселемен айналысушы ғалымдардың біз мына мəселелеріне 
ғана пікір айтуды жөн көрдік. Біріншіден, грамматикалық мор-
фология мен синтаксис салаларының тарихи қалыптасу негізінде 
морфология мен синтаксистің қайсысы алғаш бастау алды. Екін-
шіден, сөйлемдердің алғашқы қалыптасу кезіндегі сөз саны, он-
дай кездегі интонацияның қатысы жəне сол сөйлемдердің сөз тап-
тарына қарай көрінісі (есімді ме, етістікті ме) деген мəселелерге 
қысқаша болса да шолу жасап өтпекпіз.
1. А.А. Потебня «Первое слово есть уже предложение» дей 
келіп, грамматиканың синтаксис бөлімі алғаш қалыптасқанын 
дəлелдейді де, онан əрі сол сөйлемдердің өздерінің қай сөз тап-
тарынан жасалғандығы жəне бастауыш, баяндауыштардың қай-
сысының бұрын қалыптасқаны туралы пікір айтады [8,46]. 


399
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Ф.И. Буслаев грамматиканың тіл туралы ғылым екенін айта келіп, 
грамматиканы этимология жəне синтаксис деп бөліп, ол екеуінің 
тарихи қалыптасуына келгенде синтаксистің алғашқы екенін 
мойындайды. Автор грамматиканы этимология жəне синтаксис 
деп бөлгенімен, олардың аражігі өте тығыз байланысты дейді. 
Əсіресе, септік жалғаулары туралы айта келіп, бір форманың өзін 
əрі морфологиялық, əрі синтаксистік дəрежеде қарау керек деген 
пікірі, шындап келгенде, өте орынды. Өйткені септік жалғаула-
рын морфологиялық категория ғана деу бұл мəселені біржақты 
қараудан туындаса керек. Сонда ол жалғаулар морфологиялық 
зерттеу объектісі болғанымен, синтаксисте де басты орын алаты-
ны белгілі. Н.Я. Марр синтаксис туралы еңбектерінің кейбірінде 
айтқаны болмаса, арнайы түрде бұл мəселе жөнінде еңбек жазба-
ған. Бірақ И.И. Мещанинов Н.Я. Марр туралы айта келіп бы-
лай дейді: «Сөз бен сөйлемнің байланысын мойындай келіп, 
Н.Я. Марр ізденістерінің қорытындысында: бірінші сөйлем мүше-
сін анықтау, одан соң сөз таптарын қалыптастыру жүрді, – деген 
талассыз қорытындыға келді. Сондықтан жетекші орынға лек-
сиканың белгілі жағы тəуелді болатын синтаксис алынады»
[9,5]. 
Ал Н.Я. Маррдың өз сөзімен айтсақ, бұл мəселе туралы былай де-
ген еді: «Сөз таптары əлі болған жоқ. Бірте-бірте сөйлем құра-
мынан қимыл-қозғалысы, яғни етістікке негіз болатын атаулар 
бөлініп шығады...» [10,417]. Ендігі бір тіл зерттеушісі И.Д. Ан-
дреев: «Не бореальды, не ежелгі үндіеуропалық арғы тілдерде 
сөз таптары болған емес. Оның орнына қарапайым синтаксис 
қолданылды», – дейді [11,289]. Ал қытай тілінде грамматика тек 
синтаксистен ғана тұрады, ал морфология тіпті жоқ деген де 
пікірлер айтылып жүр [12,58 ]. 
Тілші ғалымдар алдымен синтаксис қалыптасқанын жан-
жақты дəлелдей келіп, енді ол синтаксистік қасиет жеке сөздер 
арқылы берілді ме, жоқ, бірнеше сөйлемде болып келді ме?» деген 
сұраққа жауап іздейді. Бұл мəселе жөнінде, əрине, көбіне алғаш-
қы сөйлемдер туралы, оның саны туралы мына пікірлерге назар 
аударуға болады. А.А.Шахматов жеке сөзді сөйлем туралы айта 
келіп, сол жеке сөздің өзі əрі сөйлем мүшелері, əрі сөйлем де бола 
алатынын баса көрсеткен болатын
[13,37]. Осы пікірді Hermann
Раuт те қолдайды[14,129]. Алғашқы кездегі сөйлемнің бір сөздегі 


400


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет