Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет9/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   332
1. Меңгеру сөз тіркесінде басыңқы сөздің мағынасына қа-
рай бағыныңқы сөз септік жалғауында тұрып байланысады. 


22
Күрделі сөз тіркестері
Меңгерудің жалпы мағынасы мен анықтамасына жəне оның 
түрлеріне келгенде əркім əртүрлі пікір айтып, өзінше топшылау 
жасайды. Мысалы, А.Н. Кононовтың пікірі бойынша, меңгерілетін 
сөз белгілі септік жалғауын қабылдауы тиіс
[18, 343]. Ол кез-
де ілік жалғаулы сөздерді де осы топқа жатқызады. Бұл сияқты 
пікір көп уақытқа дейін қазақ тіл білімінде де орын алып, ілік 
жалғаулы сөздер меңгеруге жатқызылып келді [19, 29].
Бұл тек 
М.Б. Балақаевтың еңбектерінде 1948 жылдан бері өз алдына ма-
тасу деп қаралғаны белгілі. Меңгеруді айтқанда екі мəселенің 
бетін ашу керек сияқты. Біріншіден, барлық септіктегі сөздер 
меңгеріле ме? Екіншіден, меңгеретін сөздердің тобы қайсы? Негі-
зінде барлық септіктегі сөздер меңгеріле бермейді. Мысалы, ілік 
жалғаулы сөз бен көмектес жалғаулы, т.б. сөздердің сөйлемдегі 
байланысы бірдей емес. Екеуінде де өзіндік өзгешеліктер бар. Ілік 
жалғаулы сөз өзінің басыңқы мүшесімен екі жақты, біріншіден, 
ілік жалғауы арқылы байланысса; екіншіден, сол сөз өзінің ба-
сыңқы мүшесінің тəуелдік жалғауында тұруын керек етеді. Сөйтіп 
оларда екіжақты (септік, тəуелдік жалғаулар) байланыс бар. Ал 
көмектес, барыс септіктегі сөздер басыңқы мүшемен тек бір-
жақты (септік жалғауы) байланысады. Сондықтан осы ерекше-
ліктеріне сай меңгеруге барыс, табыс, шығыс, жатыс жəне көмек-
тес жалғаулы сөздердің ғана байланысын жатқызамыз. Сөйтіп 
олар əрі таза күйінде, əрі шылаулы күйінде де меңгеріле береді. 
Жалпы алғанда, түркі тілдері жəне қазақ тіл білімінде меңгеру 
категориясын сөз еткенде меңгеруші, меңгерілуші сыңарларды 
біржақты түсіндіру бар. Бұларда тек етістік меңгереді дейді. Ал 
есім меңгереді дегенмен, ол туралы толық айтылмайды. 
М. Балақаев меңгеру мен меңгерілуде негізгісі етістік бол-
ғанымен, оған есім сөздер де жататынын, қазақ тіл білімінде оның 
түрлі заңдылықтары бар екенін жан-жақты дəлелдеді [20, 19].
Сонымен, қорыта айтқанда, меңгеруде бағыныңқы мүше ба-
рыс, табыс, шығыс, жатыс жəне көмектес септіктерінің бірінде 
тұруы тиіс. Кейбір авторлар септік жалғаулары түсіріліп қалған 
кезді де меңгеруге жатқызады. Біздіңше, ондай жағдайды мең-
геруден гөрі қабыса байланысуға жатқызу дұрыс сияқты. Осыған 
байланысты меңгеретін сөздер əрі есім, əрі етістік болып табы-
лады.


23
Күрделі сөз тіркестері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет