Талғат сайрамбаев


І. Сөз тіркесінің байланысу формалары



Pdf көрінісі
бет8/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   332
І. Сөз тіркесінің байланысу формалары. Сөз тіркесінің бай-
ланысу формалары жалпы түркі тілдеріндегі еңбектерде бірқа-


21
Күрделі сөз тіркестері
лыпқа түспеген. Ең алдымен, жалпы түркі тілдеріндегі еңбектер-
де байланысу формаларының орнына байланысу амалдарын жəне 
керісінше ауыстырып қолданушылық бар. Сонда бірінің бай-
ланысу формасы дегенді екіншісінің байланысу амалы деп тү-
сінеді. Сондықтан Е.И. Убрятова: «Есть общие для различных 
языков способы связи (согласование, управление, примыкание)», – 
деп қиысу, меңгеру, қабысу сияқты байланысу формаларын бай-
ланысу амалдары деп түсіндіреді. Бұл пікірді А.А. Коклянова, т.б. 
қолдайды [10]. Осы негізде қазақ тілі оқулықтарында да сөз 
тіркесінің байланысу формалары – тəсілдері делініп келеді. Не-
гізінде орыс тілі, сол сияқты көптеген түркі тілдеріндегі еңбек-
терде сөз тіркесінің байланысу формаларына: меңгеру, қиысу, 
қабысу, т.б. жатқызылса, ал олардың байланысу амалдарына 
аналитикалық жəне синтетикалық тəсілдер жатқызылады. Бай-
ланысу формасы деп профессор М. Балақаев сөздердің өзара 
байланысу тəсілдері негізінде біріне-бірінің бағыныңқылық 
қатынасын білдіретін синтаксистік тұлғаларды атайды [16, 22].
Ал байланысу тəсілі сол сөз бен сөзді байланыстырудағы 
дəнекерлік элемент болуға тиіс. Осы қызметіне сай сөз тіркес-
терінің байланысу тəсілі деп атау орынды. Сонда сөз бен сөзді 
байланыстырудағы дəнекер элементтер: жалғаулар, интонация, 
орын тəртібі, шылау, т.б. болуға тиіс.
Түркі тілдеріндегі еңбектерде байланысу формаларын беру-
де түрліше көзқарас бар. Сондықтан А.Б. Шапиро: «СССР ха-
лықтары тілдерінің грамматикалық құрылысы сөз болғанда 
«қиысу», «меңгеру», «қабысу» сияқты терминдер кеңінен қолда-
нылады. Алайда орыс тілінің синтаксисі жөніндегі еңбектердің 
өзінде де бұл мəселе түбегейлі шешім таба алмай отыр. Ол заңды 
да. Себебі басқа тілдердің синтаксисі туралы жазылған еңбектер-
де де қате көзқарастар, жаңсақ тұжырымдар көп-ақ дейді [17, 19].
Байланысу формаларын айтуда алдымен əрбір тілдің өзіндік 
өзгешелігіне қараған жөн. Сондықтан да Е.И. Убрятова, М.Б. Ба-
лақаевтар байланысу формаларын басқаша қарастырады. Бұлар 
қабысу, меңгеру, қиысумен бірге матасуды енгізді. Осылардың 
əрқайсысына жеке-жеке тоқталайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет