Талғат сайрамбаев


 Сөз тіркесінің сөз, фразеология



Pdf көрінісі
бет14/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

2. Сөз тіркесінің сөз, фразеология
тағы басқа ұқсас единицалармен арақатынасы
Сөз жəне күрделі сөз тіркестері. Соңғы кезде сөз тіркестері-
не арналған еңбектерде оның объектілері туралы теориялық 


33
Күрделі сөз тіркестері
талас пікірлер көбеюде. Ондай пікірлердің бір қыдыруы сөз тір-
кестерінің тілдің басқа категорияларынан, атап айтқанда, сөз, 
күрделі сөз, сөйлем жəне синтагмалардан айырмашылығы. Бұл 
мəселе түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде де соңғы 
кезде ғана сөз бола бастады əрі ол жайындағы пікірлер де əр 
алуан. Сонымен бірге күрделі сөз тіркесінің əрбір сыңарының 
күрделі сөз, қос сөз, біріккен сөздерден, т.б. айырмашылығы да 
айқындалады. Өйткені күрделі сөздерді біліп алмай, күрделі сөз 
тіркестерінің əрбір сыңарының жалаң немесе күрделі екендігін 
білу де қиын. Сондықтан күрделі сөз тіркестерінің жасалу ерек-
шелігін анықтау күрделі сөздердің жасалу жолдарын айқындау-
ды қажет етеді. Оның үстіне сөз тіркестері синтаксистік қызметі 
жағынан да айқындалатыны белгілі. Жалпы күрделі сөз бар да 
сөйлем мүшесі бар. Екеуі де синтаксистің объектісі болғанымен, 
бірде сөз тіркесінің, енді бірде сөйлем мүшесінің ыңғайында 
қарастырылады. Сонда күрделі сөзді құрайтын элементтердің 
барлығы да бірдей бір-ақ күрделі сөйлем мүшесі бола ма, жоқ па 
деген мəселе келіп шығады.
Өйткені синтаксистік қызмет жай жəне күрделі сөз тіркес-
терінің əрбір сыңарына тəн. Сөйлем мүшелеріне талдауда жай 
сөз тіркестері онша қиындық тудырмайды. Ал күрделі сөз тір-
кестерінің күрделі сөйлем мүшелерімен синтаксистік қызметін 
айқындауда өзіндік қиыншылықтар байқалады.
Сондықтан да олардың синтаксистік қызметін анықтау үшін 
алдымен күрделі сөз тіркестерінің өзіндік жігін, оны құрайтын 
элементтерді білу – басты шарт.
Алдымен сол категориялардың түркі тілдеріндегі еңбектер-
дің зерттелу жайын қарастыра отырып, сөз тіркестерінің сөз, 
күрделі сөз, сөйлем жəне синтагмалардан айырмашылықтарын 
арнайы сөз етуді мақсат еттік.
Сөз де, сөз тіркесі де – сөйлем құраудың негізгі материалы. 
Бірақ əрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Сөз жеке ұғымды 
ғана білдіретін болса, сөз тіркестерінде көлемі жағынан да, 
мағыналық ерекшеліктері жағынан да күрделілік қасиет бар.
Сөз лексика, морфологияның, сөз тіркесі синтаксистің объек-
тісі болса, олардың бір-бірінен өзіндік айырмашылықтары мен 
ұқсастықтары бар. Ол жөнінде Н.К. Дмитриев, Н.А. Кононов, 


34
Күрделі сөз тіркестері
А.П. Поцелуевский, т.б. ғалымдардың еңбектерінде бағалы 
пікірлер кездеседі [11; 18; 21],
ал соңғы кезде бұл тақырыпқа ар-
найы зерттеулер жазылды. Татар тілінің көрнекті зерттеушісі 
М.З. Закиев сөз бен сөз тіркесінің арасындағы айырмашылықты 
былайша сипаттайды. Сөз болса затты, құбылысты жалпыла-
ма білдіреді де, ал сөз тіркесі дəлелденген, айқындалған ұғымды 
білдіреді. Ал сөз бен сөз тіркесінің бір-біріне ұқсастығы – олар-
дың екеуі де сөйлемнің құрамында қолданылады, кейде сөйлемнің 
қызметін атқара алады. Ал сөйлеу процесінен бөліп алғанда екеуі 
де белгілі бір ұғымды білдіргенімен, ол жайындағы көзқарасты, 
хабарды, субъектінің ол ұғымға қатысын білдіре алмайды. Деген-
мен, зерттеушінің соңғы пікірі сөз бен сөз тіркесі арасындағы бар 
ерекшелікті түгел қамтымайды [31, 105].
Сөз бен сөз тіркесінің бір-бірінен айырмашылықтары кейбір 
еңбектерде басқаша түсіндіріледі. Г.Жəркешова «Біріккен сөздер 
мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі» [32] деген еңбегінде 
біріккен сөздердің сөз тіркесіне ұқсастығы мен айырмашылығын 
жеке алып зерттесе, Ю.Сеидов [33]
əзірбайжан тіліндегі сөз тір-
кесі туралы докторлық диссертациясында сөз тіркестерінің сөз-
дерден айырмашылықтарына, яғни қос сөздердің сөз тіркесінен 
айырмашылығына тоқталады.
Рас, бұл аталған еңбектерде сөз тіркестерінің сөздің белгілі 
бір түрінен айырмашылықтары қарастырылғанымен, оның не-
гізгі түбір, туынды түбір, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, 
күрделі сөздерден, əсіресе, əрбір сөз табының күрделі түрлерінен 
айырмашылықтары түгелдей қамтылған дей қою қиын. Солай 
бола тұрса да, бұл зерттеушілердің сөз тіркесінің сөздің əр тобы-
на қатысы туралы маңызды мəселені көтеріп, қозғау салғандығын 
атап айтпай болмайды. Жалпы сөз тіркесі заңдылығын дұрыс 
ұғуда олардың сөздің əрбір түрімен қатынасын, ұқсастығын, 
өзгешеліктерін ашу қажет. Əрбір сөздің өзіндік қасиеттерін іштей 
талдап, олардың қайсысы сөз тіркесінің заңдылықтарына ұқсас, 
қайсысы ұқсас емес екендігін ашып алмай, сөздің сөз тіркесінен 
айырмашылығын жалпылама айту жеткіліксіз. Сондықтан сөз 
бен сөз тіркесінің ерекшеліктерін айтпас бұрын, сөздің қандай 
түрлері бар, ол түрлерінің қайсысы сөз тіркестеріне ұқсас, қандай 
айырмашылықтары бар, соған тоқтала кетейік.


35


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет