Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет4/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

АВТОРДАН
Сөз тіркесінің зерттелуі жəне оның объектісінің айқындалуы 
кейінгі кездің жемісі. Сөз тіркестерінің объектілері негізінде қазақ 
тілінде жəне түркологияда арнайы зерттелінді, əлі де зерттелуде.
Сондықтан да жалпы шолу мен онан кейінгі бөлімдерінде сөз 
тіркестерінің зерттелуі мен өзіне ұқсас категориялардан, яғни 
сөз, сөйлем, фразеологиялық бірлік пен сөйлем мүшелерімен 
ұқсастықтары мен айырмашылықтары сөз болды. Ол туралы ай-
тылған əдебиеттердегі көзқарастарға жан-жақты шолу жасалды.
Сөз тіркесіне қатысты мəселенің бірі – оның құрылысы. Сөз 
тіркестерінің құрылысы орыс тіл білімінің өзінде де арнайы зерт-
теудің объектісі болған емес. Жалпы осы уақытқа дейін күрделі 
сөз тіркесі деп нені айтамыз дейтін мəселенің өзі де ойландырады.
Осы күнде сөз тіркестерінің құрылысы арнайы зерттелінбеді 
дегенімізбен, кейбір əдебиеттерде, біріншіден, сөз тіркесінің 
классификациясы, екіншіден, аздап та болса, олардың күрделену 
процесінің өзіндік ерекшеліктері сөз бола бастағанын айтып өттік.
Дегенмен сөз тіркесінің күрделену процесі туралы əртүрлі 
көзқарастарға шолу жасай отырып, біз сөз тіркестерінің күрделену 
процесін, толық мағынасы бар сөздер мен дербес мағынасы 
жоқ сөздердің де қатысын негізге алдық. Əрине, сөз тіркестерін 
күрделендіруде толық мағыналы сөздер, олардың қатысы негізгі 
пікір болғанымен, сөздердің күрделі сөз тіркесін құрауы туралы 
да пікірталасы əртүрлі.
Ал шылау, көмекші етістік, көмекші есім, модаль сөз, т.б. əдетте 
сөйлемде сөз бен сөзді байланыстыру қызметін атқарады деумен 
ғана шектеледі. Шындап келгенде, олар сөз бен сөзді байланыс-
тыру қызметін атқаруы бар да, сонымен бірге ондай сөздердің 
мағыналық тобы мен синтаксистік қызметін де айқындайтынды-
ғын ескере бермейді. Ғылыми əдебиеттердегі пікірталасына на-
зар аударсақ, шет тілін зерттеушілер В.Г. Адмони, О.С. Ахмано-
ва, түркологтар И.З. Гаджиева, М.Б. Балақаевтардың пікірлерін 


12
Күрделі сөз тіркестері
негізге алу барысында көмекші сөздер тобының сөз тіркесіне 
қалай да қатысы барлығын мойындауға тура келеді. Осыған сəй-
кес сөз тіркестерінің аясының кеңеюіне олардың қатысын ар-
найы сөз еттік.
Көмекші сөзді сөз тіркестері ішінде əсіресе шылаулардың тек 
етістікті сөз тіркестерімен бірге есімді сөз тіркестерін жасау 
ерекшеліктері де бұл еңбекте орын алды. Сонымен бірге фразео-
логиялық единицалардың да күрделі сөз тіркесіне қатысы туралы 
орыс, түркологиялық əдебиеттерге жан-жақты шолу жасалды.
Сонымен сөз тіркестерінің күрделенуіне əрбір сөз таптары-
ның күрделі түрлері, нумеративті сөздер, қосарлы сан есім, фра-
зеологиялық единица, көмекші есім, көмекші етістік, шылау, мо-
даль сөздер қосымшалардың өзіндік қызметі сөз болды.
Жұмыстың одан соңғы тарауында оның есімді, етістікті 
топтарының да құрылымдық түрлері негізінен қаралады. Сөз тір-
кесінің бағыныңқы сыңарларының байланысу формаларына қарай 
есімді сөз тіркесінде қабыса, меңгеріле жəне матаса, етістікті сөз 
тіркесінде бағыныңқы, басыңқы сыңарлардың жасалуы мен ма-
ғыналық тобы жəне синтаксистік қызметтері арнайы сөз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет