Күрделі сөз тіркестері
Сөз тіркесі мен сөйлем – синтаксистік категория. Бұл екеуі
тығыз байланысты. Бірақ кейбір ұқсастықтары болғанымен, əр-
қайсысының өзіндік объектілері бар.
Негізінде бұлардың айырмашылықтары көптеген еңбектерде
айтылып келеді.
Н.К. Дмитриев сөз тіркесі мен сөйлемді талдай келіп, екеуінің
бір-бірінен айырмашылығын ашып алу керектігін айтады.
Автор Яңа ой янды (Новый дом сгорел) деген сөйлемді тал-
дай келіп, соның ішінен яңа ой (новый дом) десе, ол сөйлем бо-
лып шықпайды. Себебі, бұл жай атаудан ешқандай қорытынды
не тұжырым жасауға болмайды. Керісінше, мұнда аяқталмаған
логикалық ой, толық ойға меңзейтін ойдың үзіндісі ғана болып
тұр.
Сөйлемде (логикалық не грамматикалық жағынан алсақ та)
екі полюс, яғни бастауыш пен баяндауыш болуы хақ. Сонымен,
бір-біріне қатысы жағынан бастауыш жəне баяндауыш болып
келетін кез келген синтаксистік бірлікті сөйлем дейтін боламыз.
Керісінше, өзара іштей бастауыш жəне баяндауыш болып келме-
ген кез келген синтаксистік тіркес сөйлем емес, с ө з т і р к е с і
деп танылады. Сонда сөз тіркесі сөйлем ішіндегі статикалық
қатынастарды баяндаудың формасы ғана [11, 202-203].
Сөйлем мен сөз тіркесінің айырмашылығын Н.К. Дмитриев
былай көрсетеді: «Егер бастауыш пен баяндауыштық қатынастан
құралып, аяқталған ойды білдірсе, сөйлем деп танылады, егер
бастауыш пен баяндауыштық қатынас болмай, олар тиянақты ойды
білдірмесе, сонда ғана сөз тіркесі», – дейді. Сөйтіп, Н.К. Дмитриев
сөз тіркесі мен сөйлемнің айырмашылығы етіп олардың тиянақты
жəне тиянақсыз келуін есепке алады. Осы сияқты Н.А. Баскаков,
Б.А. Убрятова, т.б. көптеген ғалымдар сөйлем мен сөз тіркесінің
бір-бірінен айырмашылықтарын көрсете келіп, Н.К. Дмитриевтің
жоғарыдағы пікірін қолдайды. Бұлай бөлу жалпы орыс тілі
ғылымында көп уақытқа дейін орын алып келді. Сөйтіп предика-
тивті түрі бастауыш пен баяндауыштық қатынастан құрылады
да, бұлар аяқталған ойды білдіреді, мұны сөз тіркесіне есеп-
темей, сөйлемге жатқызды. Ал бастауыш пен баяндауыштан
басқа қатынастағылар, яғни олар аяқталған ойды білдірмейді,
сол себептен оларды сөз тіркесі деп қарастырады. Н.А. Баскаков
18
Күрделі сөз тіркестері
жəне Г.И. Инкижековой-Грекул сөз тіркесі мен сөйлемді пре-
дикативті, предикативті емес деп бөле отырып, оның предика-
тивті емес түрінің өзін бірнеше бөлімдерге бөліп қарастырғанын
көреміз. Сонда Н.А. Баскаковтың пікірі бойынша, тек атрибуттық
қатынастағылар ғана сөз тіркесі болу керек. Осының негізінде ол
сөз тіркесі туралы өзіндік жаңа топшылау жасағысы келеді. Ол
« оңды полған (полым – там бывший, быв там, атха мунген) мініп –
севший на лошадь, сев на лошадь»
[12, 464]
деген мысалдарды
талдай келіп, сөз тіркесі мен сөйлемді ажыратуда олардың басың-
қы мүшесінің (лошадь) қай формада екендігіне баса назар аудара-
ды. Мұндай жағдайда «соңғы (басыңқы) сөз есімше не көсемше
формасында тұрса ғана сөз тіркесі де, ал олар етістіктің басқа фор-
маларында келсе, сөйлем», – деді.
«Атха мунген» дегендегі мунген басыңқы мүшесі тиянақсыз,
сондықтан ол – сөз тіркесі. Егер атқа мінді болса ол сөз тіркесі
емес, тиянақты сөйлем деп қарастырады. Негізінде сөз тіркесінің
əрбір сыңарларын бұлай қарау олардың қасиетін толық аша ал-
майды. Сөз тіркесі мен сөйлемді ажырату немесе олардың ара-
сына жоғарыдағыдай шек қою дұрыс болып шықпайды. Өйткені
мұндай шек қою негізгі критерий бола алмайды. Ол үшін сөз
тіркесі мен сөйлемнің əрқайсысының зерттелетін негізгі объек-
тілерін ашу керек сияқты. В.В. Виноградов кейінгі еңбектерінде
сөз тіркестері мен сөйлемді басқаша қарастыра бастады. Ол жалпы
предикативті жəне предикативті емес деп бөлушілікке бүтіндей
қарсы тұрды. Сөйтіп, сөйлем мен сөз тіркесінің айырмашылығын
біздің отандық тіл ғылымында сөйлемге интонация мен пре-
дикативтілік сияқты екі белгі тəн екендігін, былайша айтқанда,
сөйлеушінің болмысқа қатынасын жəне аяқталған ойды білдіретін
грамматикалық категориялардың жиынтығы деген қорытын-
дыға келді [13, 76].
Бұл принципке қарағанда, сөйлемнің сөз тіркесінен бір
өзгешелігі, біріншіден, əрбір сөйлемнің айтылу интонациясы
болады. Бұл қасиет сөз тіркесінде болмайды. Əрбір сөйлеуші
сөйлемді айтқанда өзінің сазына келтіріп, яғни интонациямен
айтады. Мысалы: Жақып – студент. Мұнда интонация арқылы
айтылған. Ал егер интонация арқылы болмай «Жақып студент»
десек, онда анықталушы жəне анықтаушы сөз болып, сөйлем бол-
19
Күрделі сөз тіркестері
майды. Екіншіден, негізінде, сөйлемдерге тəн нəрсе – олар көбіне
бастауыш пен баяндауыштық қатынастан құралып, біршама
аяқталған ойды білдіруі. Бұл құбылыс та сөз тіркесінде үнемі
бола бермейді. Сөз тіркесі толық мағыналы сөздерден құрала
отырып, сөйлемнің бір ұйысқан бөлшегі болып табылады. Бірақ
сөз тіркесі мен сөйлемнің осындай айырмашылықтары болғаны-
мен, олардың өзіндік ұқсастықтары да бар.
Сөз тіркесі сөйлемнің негізінде жасалады. Мысалы: Кітап
оқыды – бұл əрі сөйлем, əрі сөз тіркесі. Олай болса, бір сөз табы
басқа сөз таптарына ауысып отыратыны сияқты, бұл екеуі бір-
біріне ауысып отырады, əрі екеуі де құрылысы жағынан кейде
ұқсас келеді. Сөйлем де, сөз тіркесі де екі немесе одан да көп сөз-
дерден құрала отырып, сөйлемдермен сəйкес келе береді. Қорыта
келгенде, сөз тіркесі жəне сөйлем жалпы тіл қатынасы, ой қатына-
сы бола отырып, əрқайсысының өзіндік объектілері бар. Бұл,
əсіресе, қазақ тілі негізінде жазылған профессор М.Б.Балақаев-
тың еңбектерінде дұрыс, нақтылы көрсетілген.
Сонда сөз тіркестерінің негізгі белгілеріне мыналарды жат-
қызуға болады:
1) сөз тіркестерінің байланысу формалары,
2) сөз тіркестерінің байланысу амалдары,
3) сөз тіркестерінің синтаксистік қатынастары,
4) сөз тіркестерінің түрлері.
Яғни бұл төрт белгі – сөз тіркестеріне тəн белгілер. Сол сияқ-
ты сөз тіркестеріне интонация жəне орын тəртібі, құрылысы да
негізгі бір элемент болып кіреді.
Біздің мақсатымыз – сөз тіркестерінің басты ерекшелікте-
ріне талдау жасау.
Енді солардың əрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.
Сөйлемдегі сөздер бірімен-бірі қалай болса, солай тіркес-
пейді. Мұны А.М. Пешковскийдің сөзімен айтқанда: «Тіліміздегі
кез келген екі сөз қатар тұру арқылы сөз тіркесін құрай ал-
майды, олар сөз тіркесі болуы үшін мағыналы жағынан байла-
ныста болуға тиіс» [14, 34].
Кез келген сөздер сөз тіркесін құрау үшін олардың қалып-
тасқан семантикалық мазмұны үлкен рөл атқарады. Яғни басың-
қының семантикалық мағынасы бағыныңқы мүшенің мағынасы-
20
Күрделі сөз тіркестері
на сай келуі тиіс. Бұл жағынан алғанда олар тарихи категория
болып есептелінеді. Басыңқы мүше бағыныңқы мүшемен мағы-
налық байланыста айтыла отырып, бірімен-бірі əрі грамматикалық,
əрі интонация жағынан байланысады. Сонда грамматикалық
тəсілге түрлі қосымша арқылы байланыс қатысты болса, ал инто-
нация үшін сол сөйлемдегі сөздердің табиғи орын тəртібі қажет.
Негізінде, сөйлемдегі сөздердің мұндай байланысын аналитика-
лық жəне синтетикалық деп бөледі. Сонымен бірге үшінші етіп
аналитика-синтетикалық тəсілді қолданушылар да бар. Соңғы тəсілде
аналитикалық жəне синтетикалық тəсілдің де элементі болуға тиіс.
Ол мектепке дейін барды десек, осындағы мектеп сөзі алды-
мен барды басыңқы мүшесімен синтетикалық тəсіл арқылы бай-
ланысса, ал сол сөз тағы да басыңқы мүшемен дейін шылауы
арқылы аналитикалық тəсілмен байланысқан. Олай болса, мұндай
сөздерде əрі аналитикалық, əрі синтетикалық тəсілдердің де эле-
менттері болуына байланысты аналитика-синтетикалық деп ата-
лып жүр.
Сөйлемдегі сөздер екі түрлі жолмен сабақтаса жəне салаласа
байланысады. Ол үшін мына мысалдарды талдап көрелік. Бірінші
мысалда Əбіш, Мағаш, Күлбадан сияқты бірыңғай мүшелер бар.
Олар өзара сөз тіркесін құрай алмайды. Өйткені, біріншіден,
біріне-бірі бағына байланысу ыңғайында емес, олардың əрқайсы-
сы басыңқы мүшемен жеке-жеке байланысқан. Сөйтіп, тек сала-
ласа байланысқан. Ал екінші мысалдағы сөздер бір-бірімен са-
бақтаса байланысқан. Мысалы: жіңішке сөзі жол сөзімен, жол
сөзі келу етістігімен тіркесіп, біріне-бірі бағына байланысқан.
Сөйтіп, сөйлемдегі сөздер екі түрлі жолмен байланысады.
Жалпы тіл мамандарының арасында сөздердің салаласа, сабақта-
са байланысу түрінің қайсысын сөз тіркесіне жатқызу тура-
лы əртүрлі пікірлер бар. Көптеген ғалымдар сөз тіркесі болу
үшін олар біріне-бірі бағына байланысуы тиіс деп, тек сабақтаса
байланысқан топты ғана сөз тіркесіне жатқызса, ал кейбір автор-
лар салаласа байланысқан сөздерді де сөз тіркесі дейді [15, 9].
Осы
негізде Н. Сауранбаев: «Сөздер біріне-бірі бағынбай, тең дəре-
жеде тұрып байланысса, ол салалас тіркес болады», – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |