Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет228/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Сөйлемді бастауыштар. Сөйлемді бастауыштар да əдеттегі 
сөз таптарынан жасалған бастауыштардың тұлғасына сəйкесте-
леді. Мұнда көбіне нөлдік тұлға мен тəуелдік жалғаулы тұлғасы 
көбірек кездеседі де, ал көптік тұлғасы онша кездесе бермейді. 
Əрине олардың бастауыштық тұлғасы сөйлемнің өзінен көрін-
бейді, көбіне оларды байланыстырушы дəнекерлердің көрсеткіші 
айқындайды. Нөлдік тұлғалы сөйлемдік бастауыштар де көмекші 
етістігінің есімше жəне қимыл есімді тұлғасы арқылы беріледі. 
Бұл жерде аралады деген артықтау (Д. Досжанов). Əсте бұл 
қазынаның Балқаш ауданы үшін өте қымбатқа түсіп отырғанын 
мамандар, диқандар, сушылар білмейді деу əбестік болар 
(Т. Қаупынбаев).


456
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Тəуелдік жалғаулы сөйлемдік бастауыштар үш жақта бірдей 
айтылады. I жақ: Жылқы бақтым, жылап бақтым, сиыр бақтым 
сидаң қақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым, қой бақтым 
қоңыраулаттым, түйе бақтым, түйме тақтым дейтініміз де 
сондықтан (Ө.Қанахин). II жақ: Айырылмастай дауыңа қайы-
рылмастай сөз айтпа деуің жөн секілді, – деді хан (О. Бодықов). 
III жақ: Қазақтың «мұндай тірлікті итке бермесін» дегені менің 
басымда емес пе? (О. Бөкеев.) «Айтайын, аңғартайын» дегені  
бұл күндері мына момақан түліктің арқасына мінгесіп жүргендей 
елестейді (Д. Досжанов).
-нікі, -дікі жұрнақты бастауыштар. Ондай жұрнақты сөз-
дер бастауыш қызметінде таза күйінде өзінің баяндауышымен 
іргелес те, алшақ тұрып та байланыса алады. Ондай кезде -нікі, 
-дікі жұрнақты сөздер жекеше де, көпше де барлық жақта жұм-
сала береді. Мысалы: Менікі де сол бала табу, нан жабу (Ө. Қа-
нахин). Сіздікі дұрыс (М.Əуезов). Біздердікі ең болмаса арты-
мыздағы қатын, балаларымызға аяушылығы болар ма екен деген 
далбаса тілек (Ə.Кекілбаев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет