Талғат сайрамбаев


Үстеудің бастауыш қызметінде жұмсалуы



Pdf көрінісі
бет226/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Үстеудің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеудің де 
бастауыш қызметінде жұмсалуы туралы əуелден-ақ ғылыми 
əдебиеттерде аздап болса да сөз болды. Бірақ үстеулердің ба-
стауыш қызметінде жұмсалуын тек тəуелденіп тұруы арқылы 
келгенін ғана көрсетеді. Ол дұрыс та. Үстеу сөздер сеп теліп те, 
көптеліп те, тəуелденіп те жұмсала береді. Үстеулердің бастау-
ыш қызметінде жұмсалуын былайша көрсетуге болады. Нөлдік 
тұлғадағы үстеулердің заттануы арқылы: Бүгін – өткеннің нəтиже-
сі əрі болашақтың бастамасы (В. Белинский). Үстеулер тəуелдік 
жалғау арқылы заттанып барып бастауыш қызметінде жұмсалады: 
Бұрындары бүгінінен ертеңі қызығырақ, мəндірек, көкжиегі 
кеңірек көрініп, ылғи алға ұмтылдыра түсуші еді (Д. Досжанов). 
Өлімнен басқаның ертесі жақсы (Мақал). Бөріктің астынан ки-
ген тақиядай жоғарысы болған соң төмендегісін өзі-ақ жасап ала 
береді (Б. Қыдырбекұлы). Кейде үстеулерге көмекші етістіктің 
тіркесі арқылы: Бүгін деген қорқыныш пен үміттің екіұдай аралығы 
(Ə. Кекілбаев). Кеше деген əлсіздіктің екінші аты (Ə. Кекілбаев).
Одағайдың бастауыш қызметінде жұмсалуы. Одағайлар 
жалпы алғанда сөйлем мүшесі болуға тиіс емес. Олар сөйлемде 
басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтіні белгілі. 
Бірақ одағай сөздер кейде түрлі морфологиялық өзгерістерге 
түсуге байланысты ғана бастауыш қызметінде жұмсалады. Мы-
салы: Үһлеулер үдей түсті. Қиқулары тынық ауаны толқытып тұр 
(Ғ. Мұстафин) дегенде курсивпен жазылған сөздер табиғи жағы-


454
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
нан одағай сөздер болғанымен, қазір заттанып, зат есім мағы-
насында жұмсалған.
Еліктеуіш сөздер арқылы бастауыштың жасалуы. Мыса-
лы, əр жерде электр лампалары орнатылған... вагонеткаға айдау-
шы жұмысшылардың тарсылы естіледі (Ғ. Мұстафин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет