Талғат сайрамбаев


Көмекші сөзді бастауыштар



Pdf көрінісі
бет229/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Көмекші сөзді бастауыштар. Көмекші етістікті баста-
уыш. Күрделі бастауыштың көмекші етістіктер арқылы жасалуы 
тілімізде жиі кездеседі. Əрине, көмекші етістіктердің ішінде ар-
найы көмекші етістік түрлері көп қолданылады. Арнайы көмекші 
етістіктерге -е, -де көмекші етістігі жататындығы белгілі. Əдетте, 
бұл көмекші етістіктер туралы айтқанда, негізінде, олардың 
сөйлемнің соңында келіп, баяндауыштың құрамында жұмсалуы 
көп сөз болады да, олардың сөйлемнің ішінде түрлі морфоло-
гиялық құрамда келіп, өзі қатысты сөздерді бастауыш қызме-
тінде өзгертуі арнайы қаралған емес.
Де көмекші етістігі қатысты күрделі бастауыш. Де көмекші 
етістігі есімше тұлғасында зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, 
тіпті етістіктермен де түйдекті тіркестер құрай келіп, бастауыш 
қызметінде жұмсала береді. Ондай кезде негізгі сөздер көбіне 
нөлдік формада, кейде септік жалғаулы есімдер болып келе береді. 
Мəселен, Ана деген қандай жақсы (Б. Майлин). Тұрақты тіркес те 
де көмекші етістігі арқылы келеді. «Шешінген судан тайынбай-
ды» – деген бар емес пе. Сонан соң алдымен «Көрмеген жердің 
ой-шұқыры көп» деген бар емес пе? («Қазақ əдебиеті»).
Де көмекші етістігінің есімше түрі көптік те, тəуелдік те 
жалғауларында əртүрлі сөз таптарымен түйдекті түрде келе бе-


457
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
реді: Біздің совхозда Шатырбаев дегендер жоқ қой? («Социалис-
тік Қазақстан»). Кереге мен уық бояйтын жоса дегеніміз осы 
дейді тағы да Қуанышбай («Қазақ əдебиеті»). Ерінен қалған мал-
мүлікке əйел еншілес емес дегендеріңіз үлкен жəбір (Ғ. Мүсі-
репов). Барыс жалғаулы есімдер тəуелдік жалғаулы де көмекші 
етістігі арқылы: Қит етсе əйеліңе, əйеліңе дейтінің бар екен 
(С. Жүнісов).
Негізгі сөздер қимыл есімді тұлғалы де көмекші етістігі 
арқылы. Ондай кезде қимыл есім тұлғалы де көмекші етістігі 
атау жəне тəуелдік формаларда да келе береді. «Себемін», 
«көтеремін», «жөндеймін» деу аузыңнан шықпасын (Д. Досжа-
нов). – Рас, солай деуің де дұрыс, Айша келін (Ж. Молдағалиев). 
Жетпей тұрса бір тиын, теңге деу де тым қиын (Маржан сөз). 
Кейде де көмекші етістігі есімше, онан кейін жатыс септігінің 
жалғауында тұрып та, сөйлемде қимылдың иесі ретінде жұмсалу 
процесі пайда бола бастайды. Əрине, де көмекші етістігінің 
екінші тұлғасы арқылы жасалуы мол кездессе, ал бұл процесс тек 
қалыптасу дəрежесінде. Мысалы: Содан үйге кірдік, үй дегенде 
біздің ауылдағы сияқты тоқал там (Ш. Мұртазаев). Əсіресе, зат 
есімге шартты райлы бол етістігі арқылы да бастауыштың жаса-
луы қазіргі кезде жиі кездесе бастады. Мысалы: Мағжан болса 
Алматыға кетуге асық. Ал мен болсам сезіктенемін («Лениншіл 
жас»). Кейде бол етістігі сын қосымшасын жалғап барып та зат 
есімдермен түйдекті тіркестер арқылы бастауыш жасалады: Шы-
нымды айтсам, аудан болсын, облыс болсын үлкен кеңселерден 
қаймығады (С. Бердіқұлов).
Шылаулы бастауыш. Қазіргі əдеби тіліміздің дамуы барысын-
да септеулік шылаулардың өзі қатысты сөздердің синтаксистік 
қызметіне əсері арта түскенін көруге болады. Осы күнгі публи-
цистика, көркем əдебиетте шылаулардың өте жиі қолданыла 
бастағандығы айқын. Осы күнге дейін шылаулар қатысты сөздер 
тек пысықтауыш бо лады делініп келсе, енді септеулік шылаулар 
арқылы бастауыш та жасалатындығын көруге болады.
Бастауыш – сөйлемдегі ойдың негізгі иесі. Бастауыштар-
дың жасалуында шылау, оның ішінде септеулік шылаулардың 
жұмсалу процесі əлі күнге дейін тіпті елене бермейді. Сондықтан 
да əдеби тілімізде септеулік шылаулар арқылы да жаңа қалыптаса 
бастаған бастауыштық тұлғалардың бар екені белгілі. Ол үшін 


458
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
мына сөйлемдерді талдап көрелік. Қараңғы қазақ даласында Ле-
нин атын тілі шыққан жас балаға дейін біледі (Ғ. Мұстафин). 
Уақытында Шұғаның əңгімесін бұл өлкенің баласына шейін 
біліп болып еді (Б. Майлин). Олардың ішінде балалар өмірінен 
жазылған повесть, əңгімелерден бастап пионер активтеріне көмек 
кітапшаларға дейін бар («Пионер»). Осы сөйлемдердегі балаға 
дейін, аласына шейін, кітапшаларға дейін сияқты барыс жалғаулы 
зат есімдер мен дейін, шейін шылаулы түйдекті тіркестер негі-
зінде пысықтауыш деп айтылуы, түсіндірілуі тиіс. Ал негізінде 
дəл сол түйдекті тіркестердің құрамында шылаулар қатысуына 
қарамастан, сол қалпында олар бастауыш қызметінде жұмсалып 
тұр. Сонда балаға дейін, баласына шейін, кітапшаларға дейін 
барыс жалғаулы сөздері мен шылаудың тіркесі арқылы жасалған 
мұндай формалар негізінде бастауыштық тұлға емес, бірақ 
мағыналық жағынан бастауыш қызметін атқарып тұр. Негізінде 
ондай тұлғалы бастауыштар балалары да, кітапшалары да сияқты 
тұлғада айтылуы тиіс еді, енді тілдік айтылу жүйесінің кеңеюіне 
байланысты тіпті бастауыштық жаңа тұлға, яғни шылаулы түрі 
айқындалып отыр. Бастауыштық мұндай тұлғаға шылаулардың 
ішінде тек кейін, шейін шылаулары ғана қатыса алады. Барыс 
жалғаулы сөз бен шылау арқылы бастауыштық тұлға кейінгі 
кездің жемісі дегенімізбен, мұндай құбылыс қазіргі кезде көркем 
əдебиет, публицистикада едəуір орын алып отыр: Қатын-бала, 
кемпір-шалға шейін тыста (М. Əуезов). Кəрі-құртаңдарға дейін 
жалғыз атына міне салып, асыға келіп жатқан себептері де сол 
(С. Жүнісов). Салалы келген аппақ сұлу саусақтарына шейін өз-
геше (М. Əуезов).
Көмекші есімді бастауыш. Жалпы, көмекші есімдер ілік жал-
ғаулы сөздің ашық жəне жасырын түрімен түйдекті тіркес құ-
райды. Ондай кезде ілік жалғауының ашық не жасырын түріндегі 
сөздер анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сөздер бо-
луы тиіс. Арнайы синтаксистік қызметі бар дербес мағыналы 
сөздердің синтаксистік қызметін өзара синтаксистік қызметі 
жоқ көмекші есімдер əртүрлі сөйлем мүшесіне ауыстыра алады. 
Əсіресе, көмекші есімдер тəуелдік жалғауында тұрып, бастауыш 
қызметінде жұмсала алады. Үстім  көк, астым  теңіз, атым – кеме 
(Т. Жароков). Ілік жалғауының жасырын түріндегі əртүрлі сөздер 
мен көмекші есімнің тіркесі арқылы: Кешікпей мектеп алды 


459
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
адамға толды (С. Адамбеков). Үлбіреген бет пердеден үй іші қара 
көлеңкеленіп, айқындалмай бұлаң көрінеді (Ə. Əлімжанов).
Ілік жалғауының жасырын түріндегі сөз таптары мен тəуел-
діктің III жағындағы көмекші есімді мұндай түйдекті тіркестерде 
негізгі сөздің ілік жалғауының жасырын екендігі айқын болып 
тұрады. Бірақ кей жағдайларда III жақ көмекші есімі қатысты 
сөздер тобы бастауыш қызметінде жұмсалған кезде ол көмекші 
есім тəуелденіп те жұмсала береді. Ол оның бір ерекшелігі 
болса, екіншіден, оның негізгі сыңарларындағы ілік жалғауы 
онша біліне де бермейді. Мысалы: Жоғарғы жағы күміс білем 
(Ғ. Мүсірепов). Оң жағы – кішкене Нева (С. Ерубаев). Үлкенді-
кішілі екі жағы да мақта («Қазақ əдебиеті»). Бұл көмекші есім-
дердің ішінде тек жақ сөзіне қатысты бір ерекшелік деп білеміз. 
Ілік жалғауының ашық түрі мен тəуелдік жалғаулы көмекші 
есім арқылы: Базардың іші тағы да даң-дұңға толып кетті 
(Ə. Əлімжанов). Оның алды алаң, айналасы алма (Ғ. Мұстафин). 
Кейде мұндай тіркестерде көмекші есімдер қосарланып та жұм-
сала береді: Қаланыц іші-сырты əскер (X. Есенжанов).
Модаль сөзді бастауыш. Бастауыштың ендігі бір түрі модаль 
сөздер арқылы келуі. Модаль сөзді бастауыш осы уақытқа дейін 
сөз болған емес деуге де болады. Өйткені модаль сөзге жатқызып 
жүрген сөздердің өзі туралы да осы уақытқа дейін ғалымдар 
белгілі бір пікірге келген емес. Ол сөздерді белгілі сөз тапта-
рына жатқызу жөнінде бірнеше пікір бар. Кейбір ғалымдар оны 
сықылды, секілді, сияқты, болар, тəрізді сөздерін шылау деп 
білсе, енді бір топ ғалымдар оны бейтарап сөздерге жатқызып 
жүр. Шындап келгенде, мұндай сөздерді модаль cөздер деп беруді 
біз жөн көріп отырмыз. Жалпы, мұндай модаль сөзді бастауыш-
тар тілімізде бар делінгенімен, ондай модаль сөзді бастауыштар 
сияқты, тəрізді сөздерінің көптеліп келуі арқылы ғана жасала-
ды. Ондай кезде ол модаль сөздер көбіне зат есім, есімдіктермен 
ғана түйдекті тіркесте келеді. Мысалы: Мына Əлжанов сияқ-тылар 
алдаса керек мені (С. Адамбеков). Сен сияқтылар да əдебиетте 
жүр-ау («Қазақ əдебиеті»). Совет өкіметі болмаса сіз сияқтылар 
өмірі мұқтаждықтың тырнағынан шыға алар ма еді (С. Сейфул-
лин). Іштерінде «əкесі болды жетесіз, шешесі болды некесіз» 
деген сияқтылары да бар (С. Мұқанов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет