450
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
лер талант-қабілетімен ілгерілеп бара жатқандай болса, оны
еркіне жібермейді (С. Шаймерденов). Тəуелдік жалғауындағы
есімдіктердің бастауыш қызметінде жұмсалуы əлдеқайда көп.
Өз
есімдігі арқылы: Мені өрге сүйреймін деп жүріп,
өзіңіз кері кетіп
қап жүрмеңіз (Б. Əлімжанов). Сілтеу есімдігі арқылы: Бəрінен
осының жақсы, Ибрагим Кунанбаевич (М. Əуезов). Бар бəлесінің
алдын алуға дайындалып, тас түйін отыр едім,
мынаусы күтпеген
соққы болды (Б. Əлімжанов). Сұрау есімдігі арқылы: Сендей ақ
көңілге салмақ салмағанда,
кіміміз бар біздің (Ғ. Мүсірепов).
Қайсымыз қандай мəселені көтеріп, қандай тақырыпқа жазып
жүргенімізді сөз еттік (А. Шамкенов). Ал, қайда барамыз, – де-
ген Тұрарбек əдейі. –
Қайдасы несі? Кеңсеге соғатын шығарсыз
(Қ. Найманбаев). Жалпылау есімдігі арқылы:
Барлығы тыным
таппай қимылдауда (С. Ерубаев). Ақыры, ол əңгіме де, басқа
əңгіме де,
бəрі-бəрі ұмытылып қала берген (Ə. Асқаров).
Күрделі есімдікті бастауыштар. Жіктеу есімдігі жəне оның
тіркесі арқылы жасалады. Ондай кезде күрделі бастауыштардың
бірінші сөзі атау тұлғада не ілік жалғаулы есімдіктер болады:
Өзгенің өзіңе көрсеткен қызметін ұмытпа да,
сенің өзің көрсеткен
қызметтеріңді ұмыт (Сирия мақалы). Кейде
өз есімдігіне сан
есімнің тіркесі арқылы да күрделі бастауыш жасалады: Бүкіл за-
водты
бір өзің жүргізіп тұрсаң ғой (Ғ. Мұстафин).
Достарыңызбен бөлісу: