Талғат сайрамбаев


Тұрақты тіркестердің (ТТ) бастауыш қызметінде жұм-



Pdf көрінісі
бет227/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Тұрақты тіркестердің (ТТ) бастауыш қызметінде жұм-
салуы. Нөлдік тұлғадағы ТТ бастауыш болуы туралы айтқанда, 
біз оның бірнеше сөзден құралу процесінде тек соңғы сыңары-
ның тұлғасына ғана қараймыз. Ондай тұлғадағы тұрақты тіркестің 
жасалу жолы мынадай. Сыңарлары сын есім мен зат есімдерден 
құралған тұрақты тіркес: Алданып, алабұртып тұрғанында, Алдың-
нан қарсы шықса ақша маңдай (I. Жансүгіров). Қашаннан қара 
ниет қанға жерік (Ө. Тұрманжанов). Көңіл араздығы тосқауыл-
дың тар кезеңінде кездесіп отырмыз ғой, ала көңіл артта қалсын 
(М. Əуезов). Сыңарлары етістік пен зат есімнен құралған тұрақты 
тіркес: Осындай шытырман оқиғалардың үстіне, мына жақтан 
жандарал келеді деген алып қашпа хабар да естілді (С. Мұқанов). 
Сыңарлары заттанған сын есімдер арқылы: Қалай дегенмен де 
Құлагердей ерен жүйрік Ақаннан басқа бір адамда да болмайды 
(А. Жұбанов). Сыңарлары зат есім мен есімшеден құралған тұ-
рақты тіркес: Майхана көрмеген əзілге тоқ (А. Тоқмағанбетов). 
Ана көрген тон пішер, Ата көрген оқ жонар (Мақал). Сыңарлары 
зат есім мен қимыл есімінен құралған тұрақты тіркес: Тағы 
директордың табалдырығын тоздыру басталды («Лениншіл 
жас»). -Мақ, -мек жұрнағы бар тұрақты тіркесті бастауыштар: 
Рас сөзге ор қазып, тор жасамақ не деген нысап, құр өзімшілдік, 
əрбір адамды бұзатын пиғыл (Абай). Тұрақты тіркестер мен кө-
мекші сөздердің тіркесі. Нөлдік формадағы тұрақты тіркес 
бірыңғай да келе береді. Мысалы: Қара мен төре таласып, Форы-
мына қарасып, Алдыңнан өтті көріктен («Қамбар батыр»). 
Тəуелдік жалғаулы тұрақты тіркестің бастауыш болуы. 
Тұрақты тіркес тəуелденіп жұмсалған кезде олар жекеше де, көпше 
де түрде қолдана береді. Олардың көпше түрлері арнайы көп-
тік жалғауларының жалғануы арқылы немесе -мыз, -міз жұрнақ-
тарының қатысуы арқылы да жүзеге асады. Тəуелдік жалғаулы 
тұрақты тіркесті бастауыштар үш жақта да бірдей жұмсала 
береді. І жақтағы тұрақты тіркесті бастауыштар: Дамыл таппай 
от жұтудан, Өр жүрегім жүр лаулап (Б. Күлеев). Анадан туып 


455
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
едік бір ұл, бір қыз, Алпыс өгей анамыз дұшпандықпен, Бізге 
жəбір қылыпты тыңдаңыз сіз (Қазақ ертегілері). Азан шақырып 
қазанның құлағын қағып, қойған атым аталмай, Қара бала атану-
шы едім (Қ. Жармағанбетов). ІІ жақтағы тұрақты тіркесті баста-
уыштар: Торғын шəлің басыңда, Нақ сүйерің қасыңда, Ақ сары 
аттай айқасып, Күнде ойна-ай, ашына (Ғ. Мүсірепов). Сары мо-
йын балаларың шапқылап жүр ме? (А. Тоқмағанбетов). ІІІ жақтағы 
тұрақты тіркесті бастауыштар: Қазір ойласам, сол оқиғалардың өз 
ақылыма сыймайтындары да бар (А. Лекеров). Соңғы сыңары 
қимыл есімді III жақ бастауыштар: Біздің қазақтың ала қозыдай 
бөлінуі біз үшін көңілді нəрсе емес («Айқап»). Қыздың күйеу тас-
тап, жігіттің қатын тастап, сүйген қызды алып қашуы көбейген 
еді (М. Əуезов). Сыңарлары етістік пен қимыл есімнен құралған 
тұрақты тіркестер: Ішіндегі іліп алары – менің əкем Жетібай 
(Д. Еркінбеков). Бірыңғай мүшелі тұрақты тіркестер: Өңкей бет-
ке ұстар мықтылар. Осы күні ығайы мен сығайы жиналған екен 
(А. Тоқмағанбетов). 
Тұрақты тіркес пен көмекші сөзді бастауыштар. ТТ пен кей-
де көмекші сөздер, көбіне есімше тұлғалы де көмекші етістігі 
мол жұмсалады. Ондай кезде тұрақты тіркеске түйдектелетін 
көмекші етістіктер нөлдік тұлғада да, тəуелдік жалғауында да 
келе береді. Лаж жоқ, кісідегінің кілті аспанда деген осы (Б. Мо-
мышұлы). Қара жол ма дегенім шұбырынды із болды, Ала жаздай 
нəр татпай іздегенім қыз болды (Қазақ əндері). Бұл ауылдағы көзі 
ашық деген екеуміз-ақ болғандықтан, Қамзамен сырлас, достас 
болып кеттім (С. Мұқанов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет