Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет234/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Баяндауыштық тұлға
Баяндауыш, оның қандай тұлғалардан жасалуы да басты 
əңгіме болуы тиіс. Баяндауыштық тұлға туралы Н.Сауранбаев, 
С.Аманжолов, М.Балақаев еңбектерінде əртүрлі дəрежеде сөз 
болады. Н.Сауранбаев баяндауыштық тұлға ретінде сөздердегі 
жалғаусыз түрі мен жіктік жалғауы, тəуелдік жалғауы, көптік 
жалғауы жəне -нікі, -дікі қосымшалары арқылы келуін айт-
са, С.Аманжолов тек атау күйіндегі сөздер мен жіктік жалғаулы 
сөздерді ғана көрсетеді. Баяндауыштық тұлғаны М.Балақаев 
екі топқа бөліп көрсетеді, яғни сөздердің түбір күйінде жəне 
сөздердің грамматикалық тұлғалар арқылы түрленген күйінде 
келуін көрсетеді. Сөздердің түбір күйінде баяндауыш болуын əрі 
есімдерге де, əрі етістіктерге де тəн дейді. 


471
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Міне, бүл пікірлерге қарағанда, жалпы баяндауыштық тұлғаның 
жалғаулы (тəуелдік, жіктік, септік, көптік) жəне жалғаусыз түріне 
-нікі, -дікі, -дүр қосымшалары қосылатындығы белгілі болды. 
Əрине, бұл баяндауышты тұлғалар – осы сөйлем мүшесі үшін 
негізгі фактор. Бірақ бұл баяндауыштың барлық түрлеріне бірдей 
сай келе бермейді. Сондықтан біз баяндауыштық тұлғаның əрбір 
түрінің жеке-жеке ерекшелігін рет-ретімен көрсетуді жөн көрдік. 
Етістікті тұлға. Етістіктер баяндауыш қызметінде түбір 
күйінде жəне түрлі жұрнақ, жалғау арқылы, сондай-ақ түрлі 
көмекші сөздердің қатысы арқылы жасалады. 
Жіктік жалғауы ең негізгі баяндауыштық тұлға болып та-
былады. Жіктік жалғаулы сөздер көбіне сөйлемнің соңында 
келеді. Мұндай тұлғалы баяндауыштарды тиянақты, тиянақсыз 
деп бөліп карастыру орынды. Өйткені баяндауыштардың басым 
көпшілігі сөйлемді тиянақтауда жұмсалғанымен, енді бір тобы 
сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауы-
шы ретінде де жұмсалуға тиіс. Тиянақты тұлғадағы баяндауыштар 
– негізінен жіктік жалғаулы етістіктер, есімше тұлғалы етістіктер 
жəне қимыл есімді етістіктер. – Кəне, жол беріңдер, – деді ойын 
ағасы (X.Есенжанов). Бөгемеңдер, жол беріңдер (Ғ.Мұстафин). 
Сендер келсеңдер, асты болдырайын (Т.Ахтанов). Əй, тұрыңдар 
(Б.Тілегенов). Не сабақ оқыдыңдар? (С.Мұқанов.) Менің аралап 
қайтқым келеді (С.Мұқанов.) Менің əлі сізбен сөйлескім келеді 
(М.Əуезов).
Сөйлемде бас мүшелердің өзіндік қызметінің ерекшелігінің 
барлығы айқын. Ал екеуінің бірлігі сөйлемдік қасиетті ерекше 
дəлелдей түссе керек. Бас мүшелердің əрқайсысының өзіндік 
қызметінің ерекшеленетіні тағы бар. Бастауыш сөйлемде ойдың 
иесі болу арқылы көрінсе, баяндауыш сөйлемді тиянақтап, 
ойдың басын қосып, бəрін біріктіруші болып табылады. Баянда-
уыш айналасына толықтауыш пен пысықтауышты жəне (сапалық, 
меншікті) анықтауыштарды да қатыстыра отырып, сөйлемдегі 
ойды тиянақтауда үлкен рөл атқарады.
Баяндауыш осы ерекшеліктеріне қарай, басқа сөйлем 
мүшелерінен ерекшеленеді. Баяндауыштың осындай касиеті оның 
екі түрде жұмсалуы арқылы көрінеді. Негізінен баяндауыштардың 
барлық еңбектерде тек тиянақты формасы арнайы беріледі. Ал 


472
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
сабақтас құрмалас сөйлемде ғана баяндауыштың тиянақсыз фор-
масы сөз болады.
Тиянақты баяндауыштар – сөйлемді тиянақтауда басты тұлға. 
Сондықтан олар – əрбір сөйлем (сабақтас құрмалас сөйлемнің 
бағыныңқы сыңарының баяндауышынан басқа) үшін негізгі 
фактор. Ал тиянақсыз баяндауыштар, біріншіден, тек құрмалас 
сөйлемде ғана кездеседі. Олар тиянақсыз формада айтылғанымен, 
баяндауыш екендігі анық. Тиянақты баяндауыштың өзі тиянақсыз 
баяндауыштың негізінде жасалатыны айқын. Мысалы: Ол 
қызықты кітапты оқып шықты дегенде баяндауыштың негізгі 
сыңары көсемше де тиянақсыз, ал оны тиянақтап тұрған көмекші 
етістіктің тұлғасы екені белгілі. Етістіктің есімше, көсемше фор-
масы жеке тұрғанда тиянақсыз болып келеді, олардың тиянақты 
формаға ауысуы арнайы немесе басқа да сөздердің көмекшілік 
қызметі арқылы жасалады. Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы 
баяндауыштардың да бірінші сыңары əдеттегі баяндауыш-
тар сияқты, тек оларда көмекші сөздер қатыспайды. Сонымен, 
тиянақсыз баяндауыштар да – баяндауыш. Бірақ олар жалпы 
баяндауыштың объектісінде қаралмай, тек құрмалас сөйлемде 
қаралуы – жалпы баяндауыш мəселесінің бір көрінісі. Тиянақсыз 
баяндауыштар, олардың жасалуы синтаксисте, жоғарыда айтып 
өткеніміздей, тек сабақтас құрмалас сөйлемде ғана айтылады. 
Сұрыптай келгенде, тиянақсыз баяндауыштардың жасалуында 
шартты рай, көсемше, есімше, қимыл есімі жəне бар, жоқ сөздері 
қатыса алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет