473
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Есімше тұлғалы баяндауыштар. а)
-ған, -ген есімшесіне
-ша, -ше жұрнағының жалғануы арқылы: Сен бұл жұмысты
бітіргенше, бригадир де келіп қалар («Социалистік Қазақстан»);
ə)
-ғaн, -ген есімшеге
-дай, -дей жұрнағының жалғануы арқылы:
Жаңағы
тұрған жерінен өз көлеңкесі тапжылмағандай, жалғыз
бейне елестеді (А.Хангелдин); б)
-ған, -ген, -ар, -ер есімшелерінің
септелуі арқылы: Осы Шыңғыс
туарда, Уəлінің үйіне Айғанымның
апасы Пірəлі келіп жатты (С.Мұқанов). Өзен түбі таза, құмайт
болғандықтан, су айнадай мөлдір боп сырғиды (М.Əуезов).
в)
-ған, -ген жұрнақты атау тұлғалы есімшесіне түрлі шылаулар-
дың тіркесуі арқылы: М.Өтемісовке
ескерткіш орнатқаны үшін,
партия мен үкіметке колхозшылар атынан көптен-көп алғыс ай-
тамын («Қазақ əдебиеті»). г) -
ған, -ген есімшесінен
соң барыс,
шығыс септіктерінің жалғауы жалғану арқылы: Мұның бұлай
өсуі жас күнінен көп
қолпаштағаннан (А.Байтанаев); ғ)
-ар, -ер
тұлғалы есімшенің болымсыз түрінен кейін шылаулардың тіркесі
арқылы: Сережа мен
шешесі дұшпандардың шеңгеліне ілікпес
үшін, аудан орталығы халқымен бірге теміржол станциясына
жөнелтілді (Б.Соқпақбаев). д)
Осы тұлғалы есімшелердің жа-
тыс, шығыс, көмектес септігінде келуі арқылы: Отыз екі жасқа
келгеніне қарамастан, осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ
кірді (В.Катаев).
Аға шопанды көрісімен, қой қорасының қақпа-
сын ашуға кетті (Ə.Нəбиев.)
Достарыңызбен бөлісу: