Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет232/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   332
Баяндауыштың сұраулары
Баяндауыштың негізгі бір мəселесі – оның сұраулары.Баян-
дауыштың сұраулары туралы зерттеу барысында мынаны байқа-
дық. Біріншіден, А.Н. Кононов, Н.К. Дмитриев, сол сияқты қазақ 
тілі ғалымдары Н. Сауранбаев, Р. Əміров, Ə. Нұрмахановалардың 
еңбектерінде жалпы баяндауыштың сұраулары сөз болмайды. 
Екіншіден, көптеген ғалымдар баяндауыштың сұрауларын ар-
найы беріп отырғанымен, оларды толық əрі жан-жақты көрсете 
алмайды. 
Енді сол сұрауларды келтірсек: А.Байтұрсынов: не етпек? не 
қылмақ? қай етпек? не болмақ? нешік? немене? қалай? кімдікі? 
ненікі? қайсы?; С.Аманжолов: не қылдың? кім? не? қандай? нен-
дей? қанша? неше? не еткен? не қылған? қайда? неде?; X.Арғынов: 
не істеді? не болды? не етеді? қайтеді? кім? не? қанша? қайда? 
қашан?; М.Серғалиев: қайтті? не қылды? не қылады? не қылмақ? 
не қылам? не етеміз? не істейміз? неше? қанша? қаншасы? кімі? 
несі?; Ғ.Əбуханов: не қылды? не істеді? не қылады? қандай? 
қанша? неше? нешінші? кім? не? деп көрсеткен болатын. Міне, 
осы сұрақтардың өзінен бірнеше құбылысты байқауға бола-
ды. Біріншіден, етістікті əрі есімді баяндауыштың сұраулары 
түгел емес. Екіншіден, бір сұраудың бірнеше нұсқасын беріп, 
сұраулардың аясын кеңейтіп жібереді. Үшіншіден, барлық сұраулар 
əуелі тілдік жағынан келе де бермейді (қай етпек?). Төртіншіден, 
тəуелдік жалғаулы сұраулардың көбіне үшінші жақтағы түрі алы-
нады да, бірінші, екінші жақ сұраулары ескерілмейді. Бесіншіден, 


466
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
сұраулардың көбіне дара түрі сөз болады да, көптік жағы да 
ескеріле бермейді. Алтыншыдан, септік жалғауларының ішінде 
тек жатыс септігі ғана ескерілген. 
Морфологиялық еңбектердегі есімдік сөз табындағы сұрау-
лар құрамына қарай тек дара болып келеді. Сол дара сұраулар 
зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу сөз таптарына тəн бо-
лып келсе, етістік сөз табының сұраулары сол дара сөз таптарына 
екінші бір етістік сөздердің қосылуы арқылы не қылды? не істеді? 
дегендей күрделі болып келеді. Осы күрделі сұраулардың бірінші 
сыңарлары көбіне не? есімдігі болып, екінші сыңарлары істеді 
етістігі болып табылады. Демек, етістіктің сұраулары əрі есімнің, 
əрі етістіктің элементтері арқылы құралады. А.Байтұрсынов 
баяндауыштың сұраулары құрамына не есімдігімен бірге қай 
есімдігін де қосады. 
Сұраулардың осы сияқты құрамды түрлері синтаксисте қол-
данылады. Сұраулардың морфологияда қолданылуына қарағанда 
синтаксисте қолданылуының өзіндік ерекшелігі бар. Бұл арада 
біз тек етістіктердің немесе баяндауыштың сұрауларын ғана ар-
найы сөз етпекпіз. Етістіктің де, баяндауыштың да (оның ішінде 
етістіктен жасалған баяндауыштың) сұраулары бір екендігі айқын. 
Мұндай құбылыс тек қазақ тілінде ғана емес, орыс тілдерінде 
де осы іспетті. Əрі қарай баяндауыштың сұраулары, олардың 
өзіндік ерекшеліктері туралы кейбір ойларды ортаға салуды жөн 
көрдік. Орыс тілінде етістікті баяндауышты ең негізгісі ретінде 
қарастырады, сұрауы что делает? Орыс тіліндегі что делать? 
сұрауын Л.Д.Чеснокова грамматикалық жағынан тұрақты тіркесті 
қалыпқа ие болған деп берсе [13], А.И.Зарецкий ондай сұраулар 
есімдік пен етістіктің тіркесі арқылы жасалған. Сондықтан да олар 
етістікті есімдік немесе «местоимение-глагол» деп өзінше атауды 
ұсынады [14]. Міне, бұған қарағанда, етістіктің сұраулары жөнінде 
орыс тілінде де əртүрлі көзқарасты байқауға болады.
Етістіктің (баяндауыштың) орыс тілі мен қазақ тілі бойын-
ша негізгі сұрағы – не істейді? сұрауы. Осының негізінде қазақ 
тілінде не есімдігіне қыл, бол, ет көмекші етістіктерінің тіркесуі 
арқылы да біршама етістіктің құрама сұраулары пайда болды. 
Сонда, баяндауыштың сұраулары не істейді? не қылды? не бол-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет