Талғат сайрамбаев


Көсемше тұлғалы баяндауыштар



Pdf көрінісі
бет235/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   332
Көсемше тұлғалы баяндауыштар. Көсемше тұлғалы баянда-
уыштар екі түрлі формада кездеседі. Біріншіден, дербес мағынасы 
бар етістіктердің көсемше тұлғасы арқылы баяндауыш болады. 
Мысалы: Ереуіл атқа ер салмай, Ерлердің ісі бітер ме (Махамбет). 
Бір сəтте су бетіне мыңдаған ракеталар атылып, жібек қанаттар 
желбіреп, асылып-асылып тұра қалды (Ғ.Мүсірепов). Екіншіден, 
дербес мағыналы етістіктерге көмекші сөздер түйдектеліп келіп, 
көсемше тұлғасында жұмсалады: Қара басыма пайдасыз екен 
деп, мен көптің мұңын аяққа баса алмаймын (С.Мұқанов). Жаңа 
жұмысшыларға техника қатерсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға 
жіберуге тыйым салынған (Ғ.Мұстафин). Бүгін ерте келемін деп 
еді (Ə.Нəбиев). 


473
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Есімше тұлғалы баяндауыштар. а) -ған, -ген есімшесіне 
-ша, -ше жұрнағының жалғануы арқылы: Сен бұл жұмысты 
бітіргенше, бригадир де келіп қалар («Социалистік Қазақстан»); 
ə) -ғaн, -ген есімшеге -дай, -дей жұрнағының жалғануы арқылы: 
Жаңағы тұрған жерінен өз көлеңкесі тапжылмағандай, жалғыз 
бейне елестеді (А.Хангелдин); б) -ған, -ген, -ар, -ер есімшелерінің 
септелуі арқылы: Осы Шыңғыс туарда, Уəлінің үйіне Айғанымның 
апасы Пірəлі келіп жатты (С.Мұқанов). Өзен түбі таза, құмайт 
болғандықтан, су айнадай мөлдір боп сырғиды (М.Əуезов). 
в) -ған, -ген жұрнақты атау тұлғалы есімшесіне түрлі шылаулар-
дың тіркесуі арқылы: М.Өтемісовке ескерткіш орнатқаны үшін, 
партия мен үкіметке колхозшылар атынан көптен-көп алғыс ай-
тамын («Қазақ əдебиеті»). г) -ған, -ген есімшесінен соң барыс
шығыс септіктерінің жалғауы жалғану арқылы: Мұның бұлай 
өсуі жас күнінен көп қолпаштағаннан (А.Байтанаев); ғ) -ар, -ер 
тұлғалы есімшенің болымсыз түрінен кейін шылаулардың тіркесі 
арқылы: Сережа мен шешесі дұшпандардың шеңгеліне ілікпес 
үшін, аудан орталығы халқымен бірге теміржол станциясына 
жөнелтілді (Б.Соқпақбаев). д) Осы тұлғалы есімшелердің жа-
тыс, шығыс, көмектес септігінде келуі арқылы: Отыз екі жасқа 
келгеніне қарамастан, осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ 
кірді (В.Катаев). Аға шопанды көрісімен, қой қорасының қақпа-
сын ашуға кетті (Ə.Нəбиев.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет